О создании государственного учреждения "Управление юстиции города Приозерск Департамента юстиции Карагандинской области Министерства юстиции Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің ережесін бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын: «135-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы».
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.