О космической деятельности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғарыш қызметі туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жоба – қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылатын, ғарыш қызметі саласындағы жоба;
Тармақша 1-1
1-1) ғарыш айлағы – ғарыш объектілерін дайындауды қамтамасыз етуге және ұшыруды жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар, құрылғылар, ғимараттар, құрылысжайлар мен жер учаскелері кешені;
Тармақша 2
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
Тармақша 3
3) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары – ғарыш жүйелерін құруды, пайдалануды және дамытуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) ғарыш жүйесі – ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы;
Тармақша 4-1
4-1) ғарыш жүйесін техникалық пайдалану – конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасына сәйкес ғарыш жүйесінің құрамдас бөліктерін, оларды сақтандыруды қоса алғанда, жұмыс күйінде ұстап тұру мақсатында техникалық операцияларды орындау процесі;
Тармақша 5
5) ғарыш зымыран кешені – ғарыш аппараты бар тасымалдағыш зымыранды қабылдауды, сақтауды, ұшыруға дайындауды және ұшыруды қамтамасыз ететін тасымалдағыш зымыран мен техникалық құралдардың, құрылыстардың, технологиялық жабдықтың және коммуникациялардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) ғарыш кеңістігі — әуе кеңістігінен тыс жайылған кеңістік;
Тармақша 7
7) ғарыш қызметi – ғылыми, экономикалық, экологиялық, қорғаныс, ақпараттық және коммерциялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғарыш кеңістігін зерттеуге және пайдалануға бағытталған қызмет;
Тармақша 8
8) ғарыш қызметіне қатысушылар – осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 10
10) ғарыш қызметі саласындағы қосарлы мақсаттағы жоба – әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін іске асырылатын ғарыш қызметі саласындағы жоба;
Тармақша 11
11) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган – ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 12
12) ғарыш объектісi – ғарыш аппараты және (немесе) оны ғарыш кеңістігіне шығару құралы және олардың құрамдас бөліктері;
Тармақша 13
13) ғарыш саласының объектілері – ғарыш қызметіне қатысушылардың ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын өндірістік объектілері, ғимараттары, құрылыстары және басқа да жылжымайтын мүлкі;
Тармақша 14
14) ғарыштық қызметтер – ғарыш техникасы мен технологияларын пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 15
15) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын координаттық-уақыттық параметрлерді, оның ішінде географиялық координаттар мен биіктіктерді, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, уақытты айқындау дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
Тармақша 16
16) жаһандық навигациялық спутниктік жүйе – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйесі;
Тармақша 17
17) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі;
Тармақша 17-1
17-1) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық түзетулер) нәтижесінде алынған материалдар;
Тармақша 17-2
17-2) кеңістіктік деректер – орналасқан жері мен өзіне неғұрлым тән қасиеттерінің сипаттамасын қамтитын объектілер туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 17-3
17-3) кеңістіктік деректер инфрақұрылымы – заңды және жеке тұлғалардың оларға қолжетімдігін қамтамасыз ету негізінде кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу, сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті ақпараттық ресурстар мен аппараттық-бағдарламалық құралдар жүйесі;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлікке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;
Тармақша 20
20) спутниктік навигация – объектiлердiң координаттық-уақыттық параметрлерiн айқындау үшін жаһандық навигациялық спутниктiк жүйенi пайдалана отырып, навигация міндеттерін шешу процесі;
Тармақша 21
21) спутниктік навигациялық қызметтер – объектілердің координаттық-уақыттық параметрлерін айқындау жөніндегі қосымша (жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер стандартты түрде ұсынатын қызметтерге қатысты) қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
Тармақша 22
22) тасымалдағыш зымыран – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
Тармақша 23
23) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы – ұшу барысында тасымалдағыш зымырандардың істен шыққан және бөлінген элементтері және (немесе) фрагменттері құлайтын (қонатын) жер учаскесі;
Тармақша 24
24) ғарыш аппараты транспондері – ғарыш аппаратында орнатылған және Жер – ғарыш – Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
Тармақша 25
25) ұшыру қызметтері – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығару мақсатында тасымалдағыш зымырандар ұшыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 26
26) шығару құралы – ғарыш аппараттарын ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған тасымалдағыш зымыран, екпіндеткіш блок, авиациялық зымыран-ғарыш жүйесі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары
3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау;
Тармақша 3
3) ғарыш қызметін экономикалық ынталандыру;
Тармақша 4
4) ғарыш қызметін жүзеге асыру салдарынан туындаған жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеу;
Тармақша 5
5) экологиялық талаптарды, техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтау;
Тармақша 6
6) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық құқық нормаларын сақтау;
Тармақша 7
7) ғарыш кеңістігін және Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымын тиімді және ұтымды пайдалану;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерi сақталатын жағдайда ғарыш қызметін дамытуға инвестициялар тартуды ынталандыру.
Бап 4. 4-бап. Ғарыш қызметінің бағыттары
4-бап. Ғарыш қызметінің бағыттары Қазақстан Республикасында ғарыш қызметі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ғарыш саласының объектілерін құру және пайдалану;
Тармақша 2
2) ғарыш кеңістігін, планеталарды және күн-жер байланыстарын зерттеу;
Тармақша 3
3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау;
Тармақша 4
4) координаттық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ғарыштық байланыс жүйелерін құру және пайдалану;
Тармақша 6
6) ғарыш объектілерін ұшыруды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) ғарыштық қызметтердің ұлттық нарығын дамыту және әлемдік нарықтағы ғарыштық қызметтерді кеңейту;
Тармақша 8
8) ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы.
Тармақша 9
9) ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.
Бап 5. 5-бап. Ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану жөніндегі ғарыш қызметінің түрлері
5-бап. Ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану жөніндегі ғарыш қызметінің түрлері Қазақстан Республикасында ғарыш инфрақұрылымын құру және пайдалану мақсатында ғарыш қызметiнiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
Тармақша 2
2) жобалау-конструкторлық және технологиялық әзірлемелер;
Тармақша 3
3) ғарыш техникасының эксперименттік, тәжірибелік және коммерциялық үлгілерін жасау және сынау;
Тармақша 4
4) ғарыш техникасын техникалық пайдалану, жөндеу және жаңғырту;
Тармақша 5
5) ғарыш объектілерін және техникалық құралдарды кәдеге жарату;
Тармақша 6
6) түпкі тұтынушыларға ғарыштық қызметтер көрсету.
Бап 6. 6-бап. Ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері
6-бап. Ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің материалдық және кадрлық негіздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ғылыми, ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базалар;
Тармақша 2
2) жобалау-конструкторлық және өндірістік базалар;
Тармақша 3
3) ғарыш техникасын пайдалану жөніндегі база;
Тармақша 4
4) түпкі тұтынушыларға ғарыштық қызметтер көрсету жөніндегі база;
Тармақша 5
5) ғарыш қызметіне қатысушылардың кадрлық құрамы.
Бап 7. 7-бап. Ғарыш қызметін қаржыландыру
7-бап. Ғарыш қызметін қаржыландыру Ғарыш қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
2-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш қызметі саласындағы құзыреті
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш қызметі саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастығы мәселелерін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін бекітеді;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар ұшыруды одан тыс жерлерде жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
Тармақша 8
8) "Байқоңыр" ғарыш айлағын дамыту және экономикалық қолдау жөніндегі іс-шараларды айқындайды;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 12
Тармақша 13
13) - 18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
Бап 9. 9-бап. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган):
Тармақша 1
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 1-1
1-1) ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындайды;
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда, одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
Тармақша 5
5) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекітеді;
Тармақша 6
6) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 7
7) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 9
9) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекітеді;
Тармақша 12
12) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекітеді;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-1
16-1) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-2
16-2) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 18-1
Тармақша 19
19) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекітеді;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін белгілейді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін айқындайды;
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекітеді;
Тармақша 24
24) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындайды;
Тармақша 25
25) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
Тармақша 26
26) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысады;
Тармақша 27
27) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 28
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның ғарыш қызметі саласындағы қосарланған және әскери мақсаттағы жобаларды іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып іске асырылады.
Бап 10. 10-бап. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптама
10-бап. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптама
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға міндетті салалық сараптама жүргізілуге тиіс.
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысынсыз ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асыруға тыйым салынады.
Бап 11. 11-бап. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
11-бап. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
Тармақша 2
2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын, шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ғарыш объектілері ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттiк тіркеу тәртібіне сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады. Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ғарыш объектілеріне құқықтар оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және уәкілетті орган берген мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен расталады.
Тармақ 5
5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.
Тармақ 6
6. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат. РҚАО-ның ескертпесі!
Тармақ 6-1
6-1-тармақ 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді және 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
Тармақ 6-1
6-1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операция жүргізілген кезде ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме қоса беріле отырып);
Тармақша 3
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
Тармақ 6-2
6-2. Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
Тармақша 3
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Тармақ 7
7. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
Тармақша 3
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне құқықтар ауыртпалығының болуы;
Тармақша 4
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді түрде жауап жібереді.
Тармақ 9
9. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік тіркеуден бас тартуға негіздер жойылған кезде мемлекеттік тіркеуге өтінішті қайтадан беруге болады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін, сондай-ақ өтініш беруші уәкілетті органға ғарыш объектісін жойған немесе кәдеге жаратқан фактісін растайтын құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган ғарыш объектілері тіркелімінде тиісті жазба жүргізеді.
Бап 12. 12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
3-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Бап 13. 13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау Осы Заңның 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметі, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бап 14. 14-бап. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер
14-бап. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер ғарыш қызметін ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және ғарыш техникасы мен технологияларының жаңа үлгілерін әзірлеуге бағытталған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және ғарыштық эксперименттерді қамтиды. Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер ғылым саласындағы уәкілетті орган үйлестіретін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде орындалады. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар ғалымдар, жоғары білікті мамандар мен ғылыми қызметкерлер, Қазақстан Республикасының ғылыми және қоғамдық ұйымдары, жоғары оқу орындары тартыла отырып, уәкілетті органның басшылығымен әзірленеді және іске асырылады.
Тармақ 2
2. Ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу кезінде алынған зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 15. 15-бап. Ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерін құру
15-бап. Ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерін құру Ғарыш жүйелерін және ғарыш зымыран кешендерін құру ғарыш жүйелері мен ғарыш зымыран кешендерінің, олардың құрамдас бөліктерінің ғылыми зерттеулерін және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, оларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, салуды, сынақтан өткізуді, сондай-ақ пайдалануға беруді қамтиды.
Бап 16. 16-бап. Ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану
16-бап. Ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану
Тармақ 1
1. Ғарыштық байланыс жүйесін пайдалануды реттеу оны тиімді пайдалануға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Тармақ 2
2. Ғарыштық байланыс жүйесі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мұқтажы үшін ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсынуға арналған.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 17. 17-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін пайдалану
17-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін пайдалану
Тармақ 1
1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ғарыш түсірілімдері арқылы ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және қорғаныс міндеттерін шешу мақсатында Жер беті және жер беті құрылымы туралы кеңістіктік деректерді жинауға, жаратылыстық табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогендік факторлар мен түзілімдердің сипаттамасын және уақытша құбылмалылығын сипаттауға арналған.
Тармақ 2
2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен ғарыш түсірілімдерін жоспарлайды, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алады, өңдейді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына таратады.
Бап 18. 18-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін пайдалану
18-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін пайдалану
Тармақ 1
1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі тұтынушыларға жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің тұтастығы туралы ақпарат, сондай-ақ координаттық-уақыттық параметрлерді айқындаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін ақпарат ұсынуға арналған.
Тармақ 2
2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында спутниктік навигациялық қызметтерді уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен ұйымдастырады және ұсынады.
Бап 19. 19-бап. Ғарыш зымыран кешендерiн пайдалану
19-бап. Ғарыш зымыран кешендерiн пайдалану
Тармақ 1
1. Ғарыш зымыран кешендерi ғарыш объектілерін ғарыш кеңістігіне ұшыруға арналған.
Тармақ 2
2. Ғарыш зымыран кешендерiн қолдану арқылы ғарыш объектілерін ұшыру Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібіне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімі болған кезде жүзеге асырылады.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары
3-1-тарау. Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторлары
Бап 19-1. 19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
19-1-бап. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы
Тармақ 1
1. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, ғарыштық байланыс жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
Тармақ 2
2. Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) байланыс, оның ішінде ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділік қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 3
3) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының ғарыш аппараттары транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ғарыш аппараттарының қамту аймақтарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Бап 19-2. 19-2-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы
19-2-бап. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы
Тармақ 1
1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ғарыштық түсірілімдерді жоспарлайды және Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ұсыну бойынша қызмет көрсетеді;
Тармақша 3
3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау және спутниктік навигация деректері негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құрады және дамытады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Бап 19-3. 19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы
Тармақ 1
1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының барлық аумағында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 3
3) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
4-тарау. ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымы объектілері
20-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымы объектілері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымы объектілері оның ғарыш саласының негiзiн құрайды және:
Тармақша 1
1) жерүстi ғарыш инфрақұрылымының объектiлерiн;
Тармақша 2
2) ғарыш объектiлерiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Ғарыш инфрақұрылымы объектілері стратегиялық объектілер болып табылады.
Бап 21. 21-бап. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектілері
21-бап. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектілері Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ғарыштық зерттеулердің ғылыми-технологиялық және тәжірибелік-эксперименттік базасы;
Тармақша 2
2) ғарыш қызметін қамтамасыз етуге арналған ғарыш техникасы мен ғарыш зымыран кешендері өндірісінің құралдары;
Тармақша 3
3) ғарыш айлақтары;
Тармақша 4
4) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аудандары;
Тармақша 5
5) ғарыш объектілерін басқаратын жерүсті кешендері;
Тармақша 6
6) ғарыш объектілерінен ақпарат қабылдауға, оны өңдеу мен таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер. Жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің сақталуы және қауіпсіз пайдаланылуы мақсатында, тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, күзет аймақтары – солардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсатымен сыйыспайтын қызметке шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын жер учаскелері белгіленеді.
Бап 22. 22-бап. Ғарыш техникасы өндірісінің құралдары
22-бап. Ғарыш техникасы өндірісінің құралдары
Тармақ 1
1. Ғарыш техникасы өндiрiсiнiң құралдарына ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюролары мен құрастыру-сынау кешенi жатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ғарыш аппараттарын өндіруді өздерінің өндірістік мүмкіндіктері шегінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы мен құрастыру-сынау кешені жүзеге асырады.
Бап 23. 23-бап. "Байқоңыр" ғарыш айлағы
23-бап. "Байқоңыр" ғарыш айлағы
Тармақ 1
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағы ғарыш инфрақұрылымының құрамдас бөлігі болып табылады және оған техникалық, ұшыру, қондыру кешендері, ғарыш объектілерін ұшыруды дайындауға және жүзеге асыруға арналған жер учаскелері кіреді.
Тармақ 2
2. "Байқоңыр" ғарыш айлағы стратегиялық объект болып табылады және жекешелендіруге жатпайтын мүлiктiк кешенді білдіреді.
Бап 24. 24-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау
24-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінде уәкілетті орган халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайтын таңбалар болуға тиіс.
Бап 25. 25-бап. Ғарыш объектілерін және техникалық құралдарды кәдеге жарату
25-бап. Ғарыш объектілерін және техникалық құралдарды кәдеге жарату Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері және техникалық құралдар уәкілетті орган және халықаралық шарттар айқындайтын тәртіппен кәдеге жаратылуға жатады.
Бап 26. 26-бап. Ғарыш саласы объектісін жалға беру
26-бап. Ғарыш саласы объектісін жалға беру Ғарыш саласы объектісін ғарыш қызметінің халықаралық немесе шетелдік қатысушысына жалға беру тәртібі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тарау 5. 5-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
5-тарау. ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Бап 27. 27-бап. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
27-бап. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметі адамдар денсаулығының сақталуы мен қоршаған ортаның қорғалуы, жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады. Ғарыш қызметінің қауіпсіздігін уәкілетті орган – белгіленген қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Ғарыш қызметін жүзеге асыру салдарынан туындаған жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалатын шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге жатады.
Тармақ 3
3. Ғарыш объектісін штаттық ұшыру жүргізілгенге дейін ғарыш қызметіне қатысушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тасымалдағыш зымыраннан бөлінетін бөліктердің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құлау аудандарының координаттарын жолдайды.
Тармақ 4
4. Ғарыш объектісін ұшыруды жүргізу салдарынан адамдар немесе жануарлар өлімі болған, сондай-ақ азаматтарға және қоршаған ортаға залал келтірілген жағдайда, ғарыш қызметіне қатысушылар келтірілген залалды осы баптың 2-тармағына сәйкес өтеуге тиіс.
Тармақ 5
5. Шетелдік жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі ғарыш объектісі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдармен алдын ала келісілген жағдайда оның ғарыш кеңістігіне шығарылуы немесе Жерге қайтып оралуы процесінде ол Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы қауіпсіз ұшып өтуін жүзеге асыра алады.
Бап 28. 28-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі аварияларды тексеру
28-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі аварияларды тексеру Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерілуге жатады.
Бап 29. 29-бап. Ғарыш қызметінің әсеріне ұшыраған қоршаған ортаны және өңірлердегі халық денсаулығының жай-күйін экологиялық бақылау
29-бап. Ғарыш қызметінің әсеріне ұшыраған қоршаған ортаны және өңірлердегі халық денсаулығының жай-күйін экологиялық бақылау
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізеді.
Тармақ 2
2. Ғарыш қызметіне қатысушылар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаға өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау және халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық caқтау саласындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш қызметін жүзеге асыруға байланысты қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ашық болып табылады, ол хабар тарату және байланыс жүйесін пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға жатады.
Бап 30. 30-бап. Ғарыш қызметіндегі тыйым салулар мен шектеулер
30-бап. Ғарыш қызметіндегі тыйым салулар мен шектеулер
Тармақ 1
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіруге;
Тармақша 2
2) жаппай жою қаруын орбитаға шығаруға, ғарыш кеңістігінде орналастыруға;
Тармақша 3
3) ғарыш техникасын және (немесе) аспан денелерін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін пайдалануға;
Тармақша 4
4) ғарыш кеңістігінің ластануы жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзуға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірілген, қоршаған ортаға материалдық нұқсандар немесе залал келтірілген кезде жекелеген жоба шеңберіндегі ғарыш қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес шектеледі немесе оған тыйым салынады.
Тарау 6. 6-тарау. ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ, ҒАРЫШКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
6-тарау. ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ, ҒАРЫШКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Бап 31. 31-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесі. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді даярлау
31-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесі. Ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді даярлау
Тармақ 1
1. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі береді.
Тармақ 2
2. Ғарышкерлер Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағын қалыптастырады. Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Тармақ 3
3. Мемлекет ғарышкерлікке кандидаттарды, ғарышкерлерді даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Ғарышкердің ғарышқа ұшуға даярлығы және оны орындауы ғарыш қызметіне тиісті қатысушымен (ғарышқа ұшу жүзеге асырылған жағдайда ұшу-ғарыштық сынауларды және (немесе) ғылыми зерттеулер мен эксперименттерді жүргізетін тапсырыс берушімен) жасалатын келісімшарт негізінде жүзеге асырылады, онда тараптардың міндеттемелері айқындалады.
Тармақ 5
5. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің даярлықта, қайта даярлықта болған уақыты, сондай-ақ оның ғарыш қызметі саласындағы жұмыс уақыты ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс өтіліне кіреді.
Бап 32. 32-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мертіккен, ауырған немесе қаза тапқан (қайтыс болған)жағдайдағы кепілдіктер
32-бап. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мертіккен, ауырған немесе қаза тапқан (қайтыс болған)жағдайдағы кепілдіктер
Тармақ 1
1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бюджет қаражаты есебінен:
Тармақша 1
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 3000 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 2000 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 2
2. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлеріне бюджет қаражаты есебінен 6000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көзделген біржолғы өтемақыны төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің қаза табуы (қайтыс болуы), мертігуі немесе ауруы қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес мән-жайлармен байланысты болғандығы белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
Тармақ 5
5. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, мемлекет аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап алты ай өткен соң қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлерінің меншігіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғын үйді бөліп беруді немесе ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бұрын берілген қызметтік тұрғын үйді қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлерінің меншігіне тегін беруді не егер ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бұрын берілген қызметтік тұрғын үй басқа мемлекеттің аумағында болған жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлерінің қалауына қарай Қазақстан Республикасының елді мекеніндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан соған ұқсас тұрғын үй беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағының ережесі ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің және оның мұрагерлерінің меншігінде Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын жай болмаған жағдайда қолданылады.
Бап 33. 33-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу
33-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу Қаза тапқан (қайтыс болған) ғарышкерлікке кандидатты, ғарышкерді жерлеу тұрғылықты жері бойынша не оның туыстарының қалауы бойынша Қазақстан Республикасының басқа жерінде жүргізіледі. Мәйітті тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасатуға және орнатуға байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.
Бап 34. 34-бап. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету
34-бап. Ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету
Тармақ 1
1. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен оның жыл сайынғы профилактикалық тексерілуі, медициналық және санаториялық-курорттық емделуі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қолданылмайды.
Бап 35. 35-бап. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана) құрметті атағына ие болған ғарышкерлерді материалдық қамтамасыз ету
35-бап. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана) құрметті атағына ие болған ғарышкерлерді материалдық қамтамасыз ету "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана) құрметті атағына ие болған ғарышкерлерге лауазымдық жалақысына 2,9 мөлшеріндегі арттыру коэффициенті белгіленеді.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 36. 36-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
36-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 37. 37-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
37-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.