Об энергосбережении и повышении энергоэффективности Қолданыста
Басқа 0
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптары – деректерді автоматты режимде беретін, энергетикалық ресурстарды және суды тұтынуды есепке алуға арналған техникалық құрылғылар;
Тармақша 2-1
2-1) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым, жоғары ғылыми ұйым;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;
Тармақша 5-1
5-1) нысаналы энергия аудиті – ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;
Тармақша 5-2
5-2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 5-3
5-3) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) терможаңғырту – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;
Тармақша 7
7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
Тармақша 8
8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
Тармақша 8-1
8-1) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;
Тармақша 8-2
8-2) энергетикалық аудитор (бұдан әрі – энергия аудиторы) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;
Тармақша 9
9) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
Тармақша 10
10) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
Тармақша 11
11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу;
Тармақша 12
12) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
Тармақша 12-1
12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 12-2
Тармақша 12-3
12-3) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 13
13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы – энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
Тармақша 14
14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
Тармақша 14-1
14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірыңғай ақпараттық жүйе) – Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ақпаратты қамтитын, уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
Тармақша 14-2
14-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі – энергия менеджменті) – объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;
Тармақша 14-3
14-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты – сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат;
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16-1
16-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 17
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 17-1
17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға;
Тармақша 17-2
17-2) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар графиктері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) энергия үнемдеуші жабдық – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;
Тармақша 20
20) энергия үнемдеуші материал – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 3. 3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;
Тармақша 4
4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) - 15) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 20
Бап 5. 5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 5
5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-1
6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекітеді;
Тармақша 6-2
6-2) энергия тұтынудың нормативтерін,
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;
Тармақша 6-3
6-3) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6-4
6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;
Тармақша 6-5
6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
Тармақша 6-6
6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 6-7
6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
Тармақша 6-8
6-8) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 6-9
6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6-10
6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-11
6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
Тармақша 6-12
6-12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 6-13
6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 6-14
6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;
Тармақша 6-15
6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-16
6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6-17
6-17) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;
Тармақша 10
10) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;
Тармақша 11
11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 12-1
Тармақша 13
13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 13-1
Тармақша 13-2
Тармақша 13-3
Тармақша 13-4
13-4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13-5
13-5) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13-6
Тармақша 13-7
13-7) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекітеді;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 15
Тармақша 15-1
15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15-2
15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
Тармақша 16
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;
Тармақша 16-1
16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;
Тармақша 16-2
16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-3
16-3) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-4
16-4) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
Тармақша 16-5
16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;
Тармақша 17
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17-1
17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;
Тармақша 17-2
17-2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 17-3
17-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 17-4
17-4) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 20
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті
6-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті
Тармақ 1
1. Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру туралы есептерді береді.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көппәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі мен бекітілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
Тармақша 1
1) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 1-1
1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 1-1
1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау
7-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтыну нормативтерін және электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауына;
Тармақша 4
4) энергия аудитінің жүргізілуіне;
Тармақша 4-1
4-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) осы Заңда және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуына жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 7-1. 7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне осындай бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі көздерден алынған ақпаратты, оның ішінде:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынған;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды мұндай бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.
Тармақ 5
5. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол тәсілмен – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам ұсынымға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органға қайтарылады.
Тармақ 6
6. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі ұсынымның өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 7
7. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 8
8. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Тармақ 9
9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – жылына екі реттен артық емес.
Тармақ 10
10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекемделген болуға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар
3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар
Бап 8. 8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу
8-бап. Энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалану, жаңа объектілерді қабылдау бойынша шектеулер және тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу
Тармақ 1
1. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын объектілердің құрылыс жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын есепке алу аспаптарын, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің жобаларында энергия үнемдейтін материалдарды міндетті пайдалану, жалпы үйдің жылу энергиясын және суды есепке алу аспаптарын, пәтер бойынша электр энергиясын, суық және ыстық суды, газды есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылыту жүйелерінде реттеуші аспаптарды, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерін орнату көзделеді.
Тармақ 2
2. Энергетикалық ресурстарды және су ресурстарын тұтынатын, энергетикалық ресурстарды және суды есепке алу аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігіндегі талаптары жылу энергиясын сағат бойынша орташа 50 кВт-дан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) объектілерге қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына, тұтыну көлеміне қарай және (немесе) өзге де өлшемшарттар бойынша сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.
Бап 8-1. 8-1-бап. Бірыңғай ақпараттық жүйе
8-1-бап. Бірыңғай ақпараттық жүйе
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпарат қалыптастыру және алмасу, жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпаратты орналастыруы, сондай-ақ басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды энергетикалық ресурстар мен суды тұтынуды мониторингтеу және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласында болжау үшін толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету бірыңғай ақпараттық жүйені жүргізудің мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеуді, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
9-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;
Тармақша 2
2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдерін;
Тармақша 3
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
Тармақша 4
4) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;
Тармақша 5
5) өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтынуды және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығынын;
Тармақша 6
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесін қамтиды.
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;
Тармақша 2
2) күнтізбелік бір жылдағы заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды тұтыну көлемдерін;
Тармақша 3
3) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының немесе техникалық есептің (бар болған кезде) көшірмесін;
Тармақша 4
4) жылыту көздерін және есепті кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың жұмсалуын;
Тармақша 5
5) энергия тұтыну жабдығының тізбесін қамтиды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына қағаз немесе электрондық жеткізгіште жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде береді.
Бұл ретте жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады.
Тармақ 2-1
2-1. Бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастыру, сондай-ақ экономика салаларының энергия сыйымдылығын, жалпы ішкі өнімді және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстар мен суды пайдалану тиімділігін талдау және болжау үшін ақпарат көздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелер, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің ресурстарын жоспарлау жүйелері, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстар мен су тұтынуды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелері;
Тармақша 2
2) деректерді қашықтан беретін есепке алу аспаптарынан, энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың энергетикалық ресурстар мен суды есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінен, байланыс операторларынан (телекоммуникациялар желісі иелерінен) алынған деректер, оның ішінде отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінен алынған ақпарат;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес өзге де ақпарат көздері.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің және мемлекеттік органдардың деректері негізінде уәкілетті орган жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжамдауды қамтамасыз етеді.
Бап 10. 10-бап. Энергия менеджменті
10-бап. Энергия менеджменті
Бап 11. 11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігін қамтамасыз ету
11-бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жобаланатын және салынатын (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлер, құрылыстар, ғимараттар Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша талаптары:
Тармақша 1
1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы энергетикалық ресурстар шығынының үлестік шамасын сипаттайтын көрсеткіштерді;
Тармақша 2
2) сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және инженерлік-техникалық шешімдерге үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігіне ықпал ететін талаптарды;
Тармақша 3
3) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды;
Тармақша 4
4) жобалау құжаттамасына енгізілетін және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) кезінде қолданылатын технологиялар мен материалдарға қойылатын, энергетикалық ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік беретін талаптарды қамтуы тиіс.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды орындау құрылыс салушыға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Энергия тиімділігі жөніндегі талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға қолданылмайды:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
Тармақша 2
2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
Тармақша 3
3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстар;
Тармақша 4
4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар, ғимараттар;
Тармақша 5
5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;
Тармақша 6
6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
Тармақ 4
4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге арналған тапсырмада көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялауы, күрделі жөндеуі) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қазіргі бар ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбы және оны қайта қарау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.
Энергия аудитінің қорытындысы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың) кадастрлық паспортына қоса беріледі.
Тармақ 6
6. Қазіргі бар үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыда көрсетіледі.
Бап 12. 12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары
12-бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында олардың сыныбы мен энергия тиімділігінің сипаттамалары туралы ақпарат болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылатын энергия тұтынатын электр құрылғыларының тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын анықтау Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және оны өндіруші (импорттаушы) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Өндірушілер (импорттаушылар) энергия тұтынатын электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес көрсетуге міндетті.
Бап 13. 13-бап. Өнімдерді сату және пайдалану бойынша шектеулер
13-бап. Өнімдерді сату және пайдалану бойынша шектеулер
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында мыналарға:
Тармақша 1
1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тiзбектерiнде пайдаланылуы мүмкiн, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын пайдалануға;
Тармақша 2
2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөндеу жүргізілетін) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін технологиялар мен материалдарды сатуға және пайдалануға;
Тармақша 4
4) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес энергия тиімділігінің сыныбы және сипаттамалары туралы ақпаратты қамтымайтын энергия тұтынатын электр құрылғыларын сатуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) 1,0-ден жоғары дәлдік сыныбы бар электр энергиясын есептеуіштерді коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Осы тармақта көзделген шектеулер жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Жаңа іске қосылған объектілерде және қолданыстағы объектілердегі электр энергиясын есептеуіштерді ауыстыру кезінде тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығыстарын саралап есепке алуға және бақылауға арналмаған электр энергиясын есептеуіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 4. 4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
Бап 14. 14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама
14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарламаға мына қызмет түрлері жатады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар жүзеге асыратын энергия аудиті;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
Тармақша 1
1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға;
Тармақша 1-1
1-1) заңды тұлғаның бірінші басшысына берілетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты болуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитi және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен кәсіпкерлік субъектілері мынадай талаптарға сай болуға:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарлары болуға;
Тармақша 2
2) штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушысы, оның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес ғылыми дәрежесі бар кемінде бір оқытушысы болуға;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес оқу кабинетіне, компьютерлерге және ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.
Бап 14-1. 14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау
14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
Энергия аудиторының сәйкестігін растау «Техникалық реттеу туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 14-2. 14-2-бап. Энергия аудиторы
14-2-бап. Энергия аудиторы
Тармақ 1
1. Энергия аудиторы өз қызметін еңбек шарты негізінде бір ғана энергия-аудиторлық ұйымның құрамында және (немесе) дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ғана энергия аудитін жүргізеді.
Тармақ 3
3. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы уәкілетті орган бекіткен, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік етуге міндетті.
Бап 15. 15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама
15-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама
Тармақ 1
1. Жаңа объектілерді салуға немесе қазіргі бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгертуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу:
Тармақша 1
1) энергетикалық ресурстарды жобалық тұтынуы жылына бес жүз тонна шартты отынға барабар көрсеткіштен асатын объектілер үшін;
Тармақша 2
2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген және оларды алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген бірегей объектілерді салу жобалары бойынша міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Егер осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жобалар бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен және олар бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) басталмаса, онда бұл жобалар іске асырылғанға дейін осы кезде қолданыста болатын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес келтірілуге жатады және жаңа кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізілгеннен кейін ғана іске асырылу үшін пайдаланылады.
Бап 15-1. 15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың
энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін
жобадан кейінгі талдау
15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың
энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін
жобадан кейінгі талдау
Тармақ 1
1. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі – жобадан кейінгі талдау) жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігін растау мақсатында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жобадан кейінгі талдау тиісті ғимарат, құрылыс және құрылысжай пайдалануға берілгеннен кейін он сегіз ай ішінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындалады, онда жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым жасалады.
Тармақ 4
4. Жобадан кейінгі талдау қорытындылары бойынша ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, тиісті ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың тапсырыс берушісі мен құрылыс салушысына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған мерзім ішінде олардың осындай сәйкессіздікті жоюы үшін қорытынды жіберіледі.
Бап 16. 16-бап. Энергия аудиті
16-бап. Энергия аудиті
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.
Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады.
Тармақ 3-1
3-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды алынған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.
Тармақ 4-1
4-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытынды болған;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізген және (немесе) олардың өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде төмендеткен;
Тармақша 3
3) энергия менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған кезде, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде, ал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратындар алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті.
Тармақ 5-1
Тармақ 6
6. Энергия-аудиторлық ұйымдардың немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының:
өтініш білдірген, қатысушысы, кредиторы энергия-аудиторлық ұйымдар және олардың жұмыскерлері немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторлары болып табылатын тұлғаға;
осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлері (энергия аудиторлары) өтініш білдірген тұлғамен еңбек қатынастарында тұратын немесе өтініш білдірген тұлғаның лауазымды адамдарының, сондай-ақ өтініш білдірген тұлға акцияларының (немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылғанда;
энергия-аудиторлық ұйымның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) өтініш білдірген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайларда энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілігін білдіреді;
осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлерінің (энергия аудиторларының) өтініш білдірген тұлғада жеке мүліктік мүдделері бар болғанда;
энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер энергия-аудиторлық ұйымның және олардың жұмыскерлерінің, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының өтініш білдірген тұлға алдында немесе өтініш білдірген тұлғаның олардың алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мынадай:
Тармақша 1
1) жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынған;
Тармақша 2
2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісі (объектілері) болмаған;
Тармақша 3
3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында ғана тұтынған;
Тармақша 4
4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, құрылысы және құрылысжайы болып табылған жағдайларда, міндетті энергия аудитін жүргізбейді.
Тарау 5. 5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау
5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау
Бап 17. 17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары
17-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) энергия үнемдеу жабдығын пайдалануды ынталандыру;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы білім беру қызметін және іс-шараларды ақпараттық қолдауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру;
Тармақша 4
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әдістемелік және нормативтік құқықтық базаны әзірлеуді және дамытуды қаржыландыру;
Тармақша 5
5) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия үнемдеу шамдарын кәдеге жарату;
Тармақша 6
6) оқу орталықтарын құру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының), тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларға ақы төлеуге көмектесу;
Тармақша 8
8) энергия-сервистік шарттар шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) энергия тиімділігі картасы шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдесу.
Бап 18. 18-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім
18-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы келісім (бұдан әрі – Келісім) уәкілетті орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің арасында ерікті негізде жасалады.
Тармақ 2
2. Энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына өтініші Келісім жасауға негіз болып табылады.
Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiсiнiң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебiнен бес жыл iшiнде оның өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін кемiнде он бес пайыз көлемiнде төмендету бойынша мiндеттемелер қабылдауы Келiсiм нысанасы болып табылады. Келiсiм кемiнде бес жыл мерзiмге жасалады.
Тармақ 3
3. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 18-1. 18-1-бап. Энергия-сервистік шарт
18-1-бап. Энергия-сервистік шарт
Тармақ 1
1. Энергия үнемдеу және пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуы мүмкін.
Мемлекеттік мекемелер үлгілік энергия сервистік шартқа сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін алты жылдан аспайтын мерзімде энергия сервистік шарттар жасайды.
Тармақ 2
2. Энергия-сервистік шартта:
Тармақша 1
1) энергия-сервистік шартты орындау нәтижесінде энергия-сервистік компания қамтамасыз етуге тиіс энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасы туралы;
Тармақша 2
2) энергия-сервистік шартта белгіленген энергетикалық ресурстарды үнемдеу шамасына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен кем болмауға тиіс энергия-сервистік шарттың қолданылу мерзімі туралы;
Тармақша 3
3) пайдаланылатын энергия ресурстарын жыл сайын үнемдеуден алынатын қаражат есебінен жұмыстарға ақы төлеу туралы шарт қамтылуға тиіс.
Энергия-сервистік шарт бойынша баға энергия-сервистік шартты іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген не қол жеткізуге жоспарланған көрсеткіштер негізге алына отырып, оның ішінде үнемделген энергетикалық ресурстар құны немесе өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтыну үлесін төмендету есебінен пайда болатын энергетикалық ресурстарды үнемдеу негізге алына отырып айқындалуға тиіс.
Тармақ 3
3. Энергия-сервистік шарт тараптардың келісілген, энергетикалық ресурстарды тұтыну (пайдалану) режимін, шарттарын (температуралық режимді, жарықтандыру деңгейін, еңбекті ұйымдастыру, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды күтіп-ұстау саласындағы талаптарға сәйкес келетін басқа да сипаттамаларды қоса алғанда), энергетикалық ресурстарды өндіру, беру режимін, шарттарын және өзге де келісілген шарттарды энергия-сервистік компаниялардың энергия-сервистік шартты орындау кезінде қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы шартты қамтуы мүмкін.
Бап 19. 19-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету
19-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз ету
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді орталық және жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері:
Тармақша 1
1) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды насихаттау;
Тармақша 2
2) энергия тиімділігі жоғары көрсету жобаларын жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 3
3) энергия үнемдейтін материалдар мен жабдықтар көрмелерін ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен тұрақты жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Бап 20. 20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты
20-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастырады және оны жүргізеді;
Тармақша 2
2) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және оны жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеуді және енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің ақпаратты беруден жалтарған немесе дұрыс емес ақпарат берген субъектілері туралы ақпаратты уәкілетті органға береді;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларынан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруға және жүргізуге қажетті ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға Мемлекеттік энергетикалық тізілімді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және оны жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалау мен талдауды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауды, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия ресурстарын тұтынуын талдауды алдыңғы жылмен салыстырмалы талдауды, Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің үлестік шығыстарын және энергияны пайдалану нормативтерін талдауды, осы Заңды іс жүзінде іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар береді және уәкілетті органға жиынтық ақпаратты ұсынады;
Тармақша 6-1
6-1) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізеді және мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізу қорытындылары бойынша есепті өзінің интернет ресурсында орналастырады;
Тармақша 6-2
6-2) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға жәрдемдеседі;
6-3) жобадан кейінгі талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға талдау жүргізеді және уәкілетті органға ақпарат ұсынады;
Тармақша 8
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтерді көрсетеді;
Тармақша 9
9) энергия үнемдеуді дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 10
10) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсыныстар береді;
Тармақша 11
11) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Бап 21. 21-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
21-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша уәкілетті органнан ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 1-1
1-1. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар энергия-сервистік компаниялармен энергия-сервистік шарттар жасасуға құқылы.
Тармақ 2
2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтауға;
Тармақша 2
2) энергия тұтыну нормативтерінен аспауға;
Тармақша 3
3) энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және (немесе) беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, арматураның ақаулығынан, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдаланудан немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамаудан туындаған олардың тікелей ысырабына жол бермеуге міндетті.
Тармақ 2-1
2-1. Осы Заңда айқындалған тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды энергия тиімділігі бойынша талаптарға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заңның 9-бабында көрсетілген ақпаратты беруге және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, энергия аудиті өткеннен кейін бес жыл ішінде, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін энергетикалық ресурстар мен судың тұтыну көлемін өнімнің бірлігіне, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне жыл сайын азайтуды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте меншік құқығында жылжымайтын мүлкі жоқ мемлекеттік мекемелер осы Заңның 9-бабының 1-1-тармағында көрсетілген ақпаратты беруден босатылады.
Тармақ 3-1
3-1. Жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты адамды тағайындауға міндетті.
Тармақ 3-2
3-2. Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері уәкілетті орган белгілеген энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Энергия-аудиторлық ұйымдар және дара кәсiпкер болып табылатын энергия аудиторлары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген энергия аудитiн жүргiзу тәртiбiн сақтауға;
Тармақша 2
2) энергия аудитiн жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға міндетті.
Тармақша 3
Тармақ 5
5. Оқу орталықтары:
Тармақша 1
1) оқу орталықтарының Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасында белгiленген қызмет тәртібін сақтауға;
Тармақша 2
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу кезiнде уәкiлеттi органның жол берiлген бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларын уақтылы орындауға міндетті.
Тармақша 3
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 22. 22-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
22-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 23. 23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бап 23-1. 23-1-бап. Өтпелі ережелер
23-1-бап. Өтпелі ережелер
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар энергия аудиторы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң энергия аудиторының сәйкестігін растаудан өтуге құқылы.
Бап 24. 24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
24-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 9) тармақшасын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағын;
2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 4-тармағын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-бапты;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 1-тармағын;
қуаты 100 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, қуаты 75 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін – 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, қуаты 25 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 1) тармақшасын;
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-баптың 1 және 9-тармақтарын;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 21-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат, 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат) күші жойылды деп танылсын.