О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған
Басқа 0
Кретиторлық қарыздарды өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 01 наурыздағы №337 «Кретиторлық қарыздарды өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» ұауысына сәйкес кретиторлық қарыздарды жою мақсатында:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған облыс бюджетіне кретиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі қоса тіркелген Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кретиторлық қарыздарды өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия (бұдан ары- Комиссия) төмендегі құрамда құрылсын:
С.Б. Өтешов- облыс әкімінің орынбасары, төраға
Қ.Қ. Нүрпейісов – Қарағанды облысы бойынша салық Комитетінің төрағасы, төраға орынбасары
Комиссия мүшелері:
С.К. Ағыбаев – облыстық Мәслихаттың ревизиялық Комиссиясының төрағасы
Б.Ю. Айтуров – облыс әкімі аппаратының құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімінің бастығы
А.К. Ақымбеков – кәсіпорындары қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агенттік директоры
П.А. Ильницкий – облыс әкімі ораныбасарының міндетін атқарушы
В.П. Кротова – облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы
А.К. Молотовник – облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Р.Тілеухан - Қарағанды облысы бойынша салық полициясы Клмитеті Бас басқармасының бастығы.
Тармақ 3
3. Өсы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары С.Өтешовке жүктелсін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 21 маусым
№ 297 бұйрығымен
келісілген
Басқа 4. 2000 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКЬІ БЮДЖЕТКЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДІҢ Е Р Е Ж Е С І
Қарағанды облысы
Әкімінің
2000 жылғы 14 маусымдағы
№ 129 -ө өкімімен
бекітілген
2000 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКЬІ БЮДЖЕТКЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДІҢ Е Р Е Ж Е С І
Осы Ереже «2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бүйрығымен бекітілген «Жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептің көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық» бойынша айқындалған тәртәппен есеп беретін мемлекеттік мекемелерде қолданылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережемемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер алдында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдау бойынша шығыстар сметасының атқарылу балансында көрсетілген жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын міндеттемелер бойынша тиісті жергілікті бюджетке төленетін төлемдердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеу есебінен өткен пайдар болған кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібін реттейді.
Кредиторлық берешекті өтеуді:
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдында, оның 1999 жылғы мемлекеттік тапсырысты атқарушылар (бұдан әрі -мемлекеттік мекемелер) алдында жергілікті атқарушы органдар (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері);
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушулер алдын атқарушы органдарға (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін өтеу «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәкес республикалық жіне жергілікті бюджеттер арасында, сондай –ақ кредиторлық берешектің, бірақ 2000 жылдың 1 қантарындағы жағдай бойынша жинақталған, осы мақсаттар үшін 2000 жылға арналып жергілікті бюджеттер көзделген сома шегінде салық төлеушінің дербес шоты бойынша көрсетілген мұндай берешектің сомасынан артпайтын, бар жоғы туралы анықтаманы салық органдарының растауы сәтіндегі қалыптасқан, облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында қолданылатын салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді қоспағанда, негізгі борышты, өсімді және айыппұлды қоса алғанда жергілікті бюджетке төленетің төлемдер бойынша (бұдан әрі- жергілікті бюджетке төлемдер бойынша) шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеуді ресми банкрот болып жарияланбаған немесе:
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) тікелей жеткізушелер;
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) тікелей жеткізушінің кейінгі жеткізушісінің бірі (бұдан әрі -Жеткізушілер) болып табылатын таратудың сот рәсімін жүргізу туралы олар бойынша шешім қабылданбаған шаруашылық жүргізуші субъектілер бүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 4
4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер алдындағы кредиторлық берешегін өтеуге байналысты мәселелерді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірдеу мақматында облыс (аудан, қала) әкім Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Комиссия консультативтік - кеңесші орган болып табылады.
Комиссия мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешектерін өтеудің кезегі және басымдылығы туралы ұсыныстарды әзірлеуге құқылы.
Комиссияның жалпы құрамының басым бөлігі оған қатысса Комиссияның отырысы өткізілуі мүмкін.
Комиссияның шешімі ащық дауыспен қабылданады және егер Комиссия мүшелерінің басым бқлігі оған дауыс берсе қабылданған болып саналады.
Өткізілген Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша оның отырысқа қатысқан мүшелері қол қойған хаттама жасалады.
Жұмыс және консультация үшін белгіленген тәртіппен консультанттарды, сарапшыларды және мемлекеттік органдардың қызметшілерін шақыруға Комиссия құқылы.
Кредиторлық берешектің қарастырылатын сызбасы туралы жиынтық ақпаратты Комиссияға ұмынуды және Комиссиянынң келсімі бойынша оның отырысын өткізу күні мен уақытын айқындайтын жұмыс органы облыстын (қаланың, ауданның) жергілікті қаржы органы (бұдан әрі -жергілікті қаржы орган) болып табылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін тіркеу тәртібі
2. Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін тіркеу тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме әрбір тікелей жеткізушімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен орындалатын міндеттемелер бойынша жинақталған өзінің кредиторлық берешегінің салыстыру актісін жасайды. Ұсынылған актілер бойынша кредиторлық берешектің жалпы сомасы мемлекеттік мекеменің 2000 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жалдық бухгалтерлік есептемедле көрсетілген кредиторлық берешектің сомасынан аспауы тиіс. Кредиторлық берешекті салыстыру актілерінің түпнұсқаларын мемлекеттік мекеме бес данада жергілікті қаржы органдарына ұсынады.
Тармақ 6
6. Салыстыру актілері деректерінің негізінде жергілікті қаржы органдары әрбір мемлекеттік мекеме жөнінде № 1 нысан бьойынша 2000 жылғы 1 қантардағы кредиторлық берешектің бар жоғы туралы барлық актілерге жылдық бухгалтерлік есептің деректерімен және бастапқы есеппен салыстырғаннын кейін жергілікті қаржы органының және мемлекеттік мекеменің басшылары қол қойып, тиісті мөрлермен бекітетін анықтаманы жасайды. Анықтаманың өмірі журналдағы тәртіп бойынша қойылады.
Бұдан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамасы бойынша облыстың, қаланың, ауданның екі таңбалы салықтық коды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамасы бойынша мемлекеттік мекеменің жеті таңбалы коды, тікелей жеткізушінің реттік нөмірі қойылады. Бұл кодтар тіркеудің арнаулы кодын қалыптастырады (тоғыз таңбалы код\тікелей жеткізушінің реттік нөмірі).
Тармақ 7
7. Кредиторлық берешектің сомасын растайтын анықтамаиманың бір данасы, салыстыру актілерінің бір данасы қосы беріле отырып, жергілікті қаржы органында қалдырылады және әрбір мемлекеттік мекеме бойынша арнайы жүргізілген іс қағазда сақталады. Жергілікті қаржы органының жауаптыатқарушысы анықтаманы үш данада және қалған салыстыру актілерінің төрт данасын кредиторлық берешектің тіркелгендігін растайтын, жергілікті қаржы органының мөртаңбасын актілерге алдын ала қойып мемлекеттік мекемеге жібереді.
Тарау 3. 3. Кредиторлық берешекті өтеу үшін мемлекеттік мекеменің құжаттарды әзірлеуі және ұсынуы
3. Кредиторлық берешекті өтеу үшін мемлекеттік мекеменің құжаттарды әзірлеуі және ұсынуы
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеме тікелей жеткізушіден жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешектері туралы сұрап алады.
Тармақ 9
9. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бартікелей жеткізуші кредиторлық берешегі туралы анықтаманы тіркелген жері бойынша аумақтық салық органынан сұрап алады. Салық органы негізі борыштың, өсімнің және айыппұлдың әр түрі бойынша бес данада: 1-тікелей жеткізушіге (Жеткізушіге); 2 - мемлекеттік мекемеге; 3 - жергілікті қаржы органыны; 4 - жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне; 5 - салық органына көрсете отырып № 3 нысан бойынша жергілікті бюджетке төленетін төлемдердің олардағы түрлерін көрсетіп кредиторлық берешектің бар жоғы туралы анықтаманы әзірлейді.
Егер жеткізуші жеке шоты бойынша салық органында берешегі жоқ. бірақ бұл орайда оның бөлімшелерінде сол бюджетке кредиторлық берешегі бар заңды тұлға болып табылатын жағдайда, кредиторлық берешекті өтеу сызбасына бөлімшелердің орналасқан жері бойынша салық органдарының деректері бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, заңды тұлға енгізіледі. Бұл ретте, сызбада берешегі берешекті өтеу сызбасына енгізілген барлық бөлімшелер аталып көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Салық органы жергілікті бюджетке төленетін төлемдер жөнінде № 4 нысан бойынша кредиторлық берешектің бар – жоғы туралы анықтаманың нөмірленген, қайымдалған және майлы мөрмен мөрленген тіркеу журналын жүргізеді. Журналдағы беттердің саны салық органы басшысының қолымен расталады. Анықтамада мемлекеттік мекеменің атауын көрсете отырып, міндеььі түрде «Мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегін өтеу үшін» деген белгі қойылады.
Егер тікелей жеткізушіден жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша берешектің бар - жоғы туралы анықтаманы бір мезгілде бірнеше мемлекеттік мекеме сұраса салық органы әрбір мемлекеттік мекеме үшін бөлек - бөлек әртүрлі нөмірлермен анықтама береді.
Тармақ 11
11. Тікелей жеткізушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда, сондай – ақ егер мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегі жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша тікелей жеткізушінің берешек сомасынан асып түсетін болса, тікелей жеткізуші Жеткізушілерден, сондай - ақ оның алдында берешегі бар кейінгі Жеткізушілерден олардың жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша, 2000 жылғы 1 қандардағы жағдай бойынша кредиторлық берешегі баржоғы туралы ақпаратты сұрайды. Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бар Жеткізушілер тікелей жеткізушіге осы Ереженің 9 - тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
Тармақ 12
12. Тікелей жеткізушінің және Жеткізушінің басшысы мен бас бухгалтері қол қойған бес данада тікелей жеткізуші Жеткізушімен кредиторлық берешектің салыстыру актісін жасасады. Әрбір салыстыру актісі және салық органының анықтамасы мемлекеттік мекемеге жіберіледі 2000 жылға 1 қантардағы жағдай бойынша жеткізушілердің арасындаңы кредиторлық берешек болмаған жағдайда ағымдағы жылдың басынан бері пайда болған кредиторлық берешектер бойынша осы жеткізушілер арасындағы салыстыру актісін жасауға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме тікелей жеткізуші мен Жеткізушінің кредиторлық берешектің бар жоғы туралы тіркеу орны бойынша салық органдарының анықтамаларында көрсетілген соманы салыстыру актілерінде көрсетілген сомамен және өзінің кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және осы Ереженің IV бөліміне сәйкес тәртіппен төрт данада № 5 нысан бойынша кредиторлық берешекті өтеу сызбасын жасайды.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеме кредиторлық берешекті өтеу сызбасынаң тікелей жеткізуші мен оның Жеткізушілерінің арасындағы кредиторлық берешекті салыстыру актісінің барлық даналарын және жергілікті бюджетке төленетің төлемдер бойынша тікелей жеткізушінің, Жеткізушінің кредиторлық берешегінің бар - жоғы туралы анықтаманың бір - бір данасын тіркеу үшін жергілікті салық органына жібереді.
Мемлекеттік мекеме тікелей берушіге құжаттардың алынғандығы және оның Жеткізушілердің өтеу сызбасына енгізілгендігі туралы жазбаша хабарлайды. Тікелей жеткізуші мемлекеттік мекеменің жазбаша хабарламасын өзі тіркелген және өтеу сызбасына қатысушы Жеткізушілердің тіркелген жері бойынша салық органдарвна жібереді.
Тармақ 15
15. Жергілікті қаржы органы жеткізушілердің кредиторлық берешектерінің салыстыру актілеріне өздерінің бұрыштамаларын соғады, осы Ереженің 27 тармағында көрсетілген кредиторлық берешектерді өтеудің сызбасына қосымша қажетті құжаттардың бар жоғы тексереді.
Кредиторлық берешектерді өтеудің сызбасы № 6 нысан бойынша кредиторлық берешектерді қтеу сызбасын тіркеу журналында тіркеледі.
Тармақ 16
16. Қазынашылықтың аумақтық органдары есеп айрысулар жүргізу үшін мынадай шоттарды:
2000 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалары негізінде ашылған мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын және Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы № 264 бұйрығымен бекітілген, қаражатты жұмсауға арналған лимиттерді белгілеу арқылы Жергілікті бюджеттерде тұратын бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың орналасқан жері бойынша 1 МБР, 1 МБЗ, 2 МБ нысаны бойынша жергілікті қаржы органдарының, жергілікті бюджеттік бағдарламадардың әкімшісінің рұқсаттарын;
Кредиторлық берешекті өтеу сызбасының негізінде тікелей жеткізуші мен Жеткізушілердің орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органжарынджа кредиторлық берешекті өтеу сызбасына енгізілген тікелей жеткізуші мен Жеткізушілерге жұмсау құқығынсыз ағамдағы (уақытша) шоттарды пайдаланады.
А,ымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Екінші деңгейдегі банктерде клиенттердің банктік шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың тәртібі туралы» нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресімделген қолдардың міндетті түрде үмынылған үлгілерімен ашылады.
Банкрот деп жарияланған немесе таратудың соттан тыс рәсімі жүргізіліп жатқан шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ағымдағы (уақытша) шоттар ашылмайды.
Кредиторлық берешекті өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде ағымдағы (уақытша) шоттар ашқан Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілетін, кредиторлық берешектерді өтеу жөніндегі есеп ауырысуларға қатысатын Қазынашылықтың аумақтық органдарына осы шоттардың ашылғандығы туралы хабарлайды.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне екі данада:
бөлгіленген тәртіппен жасалған және тіркелген кредиторлық берешекті өтеу сызбасын;
осы Ереженің 27 - тармағында көрсетілген құжаттарды усынады;
Қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемеден қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 18
18. Республиқалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынылған сызбалар мен құжаттардың бар жоғын, бар жоғын, растығын және сәйкестігін тексереді, № 7 нысан бойынша кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын мемлекеттік мекемелердің тізілімін жасайды және сызбалардың және осы Ереженің 27 - тармағында көрсетілген құжаттардың бір - бір данасың жергілікті қаржы органының қарауы үшін жібереді.
Тарау 4. 4. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі
4. Кредиторлық берешекті өтеудің сызбаларын жасаудың тәртібі
Тармақ 19
19. Жеткізушілердің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің бар жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын алғаннан кейңн мемлекеттік мекеме оларды өздерінің тікелей жеткізушінің алдындағы кредиторлық берешегінің сомасымен салыстырады және сызбаға кіргізу үшін берешектің сомасын айқындайды.
Сызба тікелей жеткізуші мен Жеткізушілердің берешектерінің сомасына, бірақ мемлекеттік мекеменің тиісті тікелей беруші алдындағы кредиторлық берешегінің сомасынан аспайтын сомаға жасалады.
Тармақ 20
20. Сызба әрбір тікелей жеткізушіге жасалады. Тікелей жеткізуші жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда есептемеге қатысатын барлық Жеткізушілер сызбада көрсетіледі.
Заңды тқлғалар бөлімшелерінің кредиторлық берешегін өтеу сызбасына қатысқан жағдайда № 5 нысанның 7, 8, 9-бағдандарында заңды тұлғаға және бөлімшелерге берілген салық органдарының анықтамалары бойынша жергілікті бюжетке төленетін төлемдер бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетіледі, сондай - ақ берешек сомасы көрсетіле отырып, барлық бөлімшелер жол жорлына атап көрсетіледі.
Тармақ 21
21. № 5 нысанның 1 - бағанында олар бойынша тікелей жеткізушінің алдында кредиторлық берешегі бар экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері, 2 – бағанында - әр ерекшелік бойынша кредиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Тікелей жеткізушінің жергілікті бюджеттің алдындаңы берешегі 7 - бағанда тікелей берушінің атауы, орналасқан жері және СТТН- і мен 8 бағанда жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9-бағанда көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Егер тікелей жеткізушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған және басқа Жеткізушінің де берешегі болмаған жағдайда тікелей жеткізушінің аталған Жеткізушінің (2- жеткізушінің( алдындаңы өтеу сомасына кредиторлық берешегі 4 - бағанда көрсетіледі. 3 - бағанда тіәкелей жеткізушінің атауы, орналасқан жері және СТТН - і көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Егер, өз кезегінде 2 -жеткізушінің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі болмаса, бірақ өз кезегінде, жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі бар 3 -жеткізушінің алдында кредиторлық берещшегі бар болса, 2 - жеткізушінің 3 - жеткізушінің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегі 6 - бағанда көрсетіледі. 5 - бағанда 2 – жеткізушінің атауы, орналасқан жері және СТТН- і көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Жеткізушілердің саны көбейген жағда да, жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегі жоқ 2 – жеткізушіден бастап барлық жеткізушілердің 6 – бағандағы өтеу сомасы көрсетіле отырып 5 - бағанда жеке жолдарда көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Жеткізушілердің жергілікті бюджеттің алдынедағы кредиторлық берешегі 7 - бағанда салық төлеушінің атауы, орналасқан жері және СТТН- і мен 8 бағанда ол бойынша жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегі бар кірістердің кодтары көрсетіле отырып 9 бағанда көрсетіледі
Тармақ 26
26. 2 және 9-бағандардың сомасы жолма -жол тең болуы тиіс және мемлекеттік мекеменің жергілікті қаржы органдарында тіркелген тікелей жеткізушінің алдындағы және соңғы жеткізушінің салық органының анықтамасында көрсетілген жергілікті бюджеттің алдындағы кредиторлық берешектерінің сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 27
27. Сызбаға мынадай құжаттар:
нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, жеткізушілердің жергілікті бюджеттің алдында кредиторлық берешегінің бар- жоғы туралы салық органдарының анықтамалары;
нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеменің тікелей жеткізішінің алдыңдағы кредиторлық берешегінің бар- жоғы туралы жергілікті қаржы органының анықтамалары;
жергілікті қаржы органының нөмірлері, қол қойылған күндері және мөртаңбалары көрсетіле отырып жеткізушілердің кредиторлық берешектерінің салыстыру актісі қоса беріледі.
Тармақ 28
28. Кредиторлық берешекті қтеудің сызбасына мемлекеттік мекеменің және тікелей жеткізушінің, есеп айырысуға енгізілген басқа да Жеткізушілердің басшылары қол қояды, мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешектерінің бар –жоғы туралы анықтама тіркелген жергілікті қаржы органында тіркеледі.
Тармақ 29
29. Жергілікті қаржы органы тиісті кредиторлық берешектерді тіркеудің арнайы кодымен сызбаға нөмер береді (Жеткізушінің тоғыз мәнде таңбалы коды\ реттік нөмірі), мөрмен бекітеді.
Тарау 5. 5. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізудің тәртібі
5. Кредиторлық берешекті өтеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізудің тәртібі
Тармақ 30
30. Жергілікті қаржы органдары ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінен және мемлекеттік мекемелерден сұрап алады, ал негіздеме жеткілікті болған жағдайда кредиторлық берешекті өтеу туралы облыс (қала, аудан) әкімі шешімінің жобасын өзірлейді және оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 31
31. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және осы жоба бойынша ұсыныстар әзірлейді және оны қарауға облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынады.
Тармақ 32
32. Облыс (қала, аудан) әкімі кредиторлық берешекті өтеу туралы шешім қабылдағаннан кейін жергілікті қаржы органы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша тиісті салық органына № 8 нысан бойынша жергілікті бюджет төлемдері бойынша растау күні өтелмеген және 2000 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша берешектің сомасынан аспайтын кредиторлық берешектің бар - жоғының растамасын алу үшін сұрау -растаманы жібереді.
Тармақ 33
33. Салық органы № 3нысаны бойынша тиісті анықтамада бұрын көрсетілген № 8 нысан бойынша салық төлеушілердің берешектерін растайды.
Тармақ 34
34. Жергілікті қаржы органы салық орагын растаған соманы кредиторлық берешекті өтеудің сызбасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда жергілік қаржы органы өтеу сызбасында көрсетілген сомаға қаржылық рұқсатты әзірлейді. Егер салық органы растаған берешек сомасы сызбада көрсетілген сомадан кем болып шықса қаржылық рұқсат салық органының растамасында көрсетілген сомаға ресімделеді.
Ал салық органдары растаған жақдайда қаржылық рұқсатты сұрау жазып берілмейді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелердің тізіліміне (нақтыланған, егер мемлекеттік мекемелердің тізбесі немесе кредиторлық берешектің сомасы № 8 нысанды салық органының растауы бойынша жергілікті қаржы органы нақтылаған болса) сәйкес мемлекеттік мекемелерге бюджеттік рұқсаттарды әзірлейді. Осы Ереженің 19 - тармағына сәйкес жасалған № 7 нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің тізілімін нақтылауды жергілікті қаржы органы жүргізеді.
Тармақ 35
35. Есептемелерді жүргізу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазынашылықтың аумақтық органдарына бюджеттік рұқсатпен қатар мемлекеттік мекемелердің нақтыланған тізілімін, кредиторлық берешектерді өтеудің сызбасын ұсынады.
Тармақ 36
36. Тікелей жеткізіп беруші ағымдағы шоттан 080 «Бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер» шотына 107102 «Берешектердің жергілікті бюджетке түсуі» кіріс коды бойынша жергілікті бюджетке төлемдер бойынша расталған соманы салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының СТТН -ін көрсете отырып төлем тапсырмасын жазып береді.
Бұл ретте төлем тапсырысында мынадай реизиттер:
МФО;
Шот нөмірі;
Жеткізушінің (салық төлеушінің) атауы;
Реттік нөмірмен тіркеудің тоғыз таңбылы коды мен төлемдердің мақсаты, мәтіндік кеңістігінде «Кредиторлық берешектерді өтеу» деген сөздер және төлем түрлері бойынша сомалар;
Төлем мақсатының коды (107102);
Шығыстардың он таңбалы коды (мемлекеттік мекемелер үшін);
Төлемнің жалпы сомасы міндетті түрде кһрсетілуі тиіс.
Тармақ 37
37. Тікелей жеткізушінің жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі болмаған жағдайда тікелей жеткізуші 2 - жеткізушінің оның тұрған жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына расталған берешек сомасына төлем тапсырмасын жазып береді. 2- жеткізуші өз кезегінде осы Ереженің 36-тармағына сәйкес жергілікті бюджет кірісіне төлем тапсырмасын жазып береді.
Бірнеше жеткізуші қатысқан жағдайда сызбаға төлем тапсырмасы бір Жеткізушінің ағымдағы шотынан екінші Жеткізушінің ағымдағы шотына жазылады.
Заңды тұлға бөлімшесінің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектерін салық органдары растаған жағдайда заңды тұлға өзінің төлем тапсырмасымен осы бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органының СТТН және бөлімшенің атауын көрсете отырып берешек сомасын 107102 «Жерггілікті бюджетке берешектердің түсуі» кодына есепке алады.
Ресми түрде банкрот деп жарияланған немесе таратудың соттан тыс рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданған Жеткізушілердің шоттарына ақша қаражатын аударыға рұқсат етілмейді. Егер солай бола тұрғанымен, көрсетілген ұйымдардың шоттарына ақша қаражаты аударылса. Онда жүргізілген операция қате болып саналады, ал ақша қаражаты мемлекеттік мекеменің бюджеттік шотына қайтаруға жатады, ал лимиттер кері қайтарып алуға жатады.
Тармақ 38
38. Жергілікті бюджет кірісіне соңгы төлем жасалғаннан кейін Қазынашылықтың аумақтық кредиторлық берешектің өтеу сызбасына сәйкес төлемдер жүргізілген тиісті Қазынашылық органдарына, сондай ақ берешекті өтеу сызбасын тіркеуді жүргізген тиісті қаржы органдарына электронды почтамен немесе факсимильдік байланыспен төлем тапсырмаларын жібереді. Жергілікті қаржы органының жауапты атқарушысы арнайы ашылған іс жүргізу тігіндісіне төлем тапсырмасын тігеді және кредиторлық берешекті өтеу сызбасына және кредиторлық берешекті өтеу сызбасын тіркеу журналына белгі соғады.
Бұдан басқа Қазынашылықтың аумақтық органы тіркелген жері бойынша тиісті қаржы органына және салық органына оның бұрын осы салық органы растаған жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегінің өтелгендігі туралы № 8 нысан бойынша растауды жібереді.
Салық органы жеткізушінің төлем тапсырмасына сәйкес кредиторлық берешектә өтеудің есептемесін жұргізгеннен кейін жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар- жоғы турал анықтамаларды тіркеу журналына тиісті белгі соғады.
Тарау 6. 6. Есеп және есептілік
6. Есеп және есептілік
Тармақ 39
39. Мемлекеттік мекеме төлем тапсырмасы көшірмесінің негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілікте тікелей жеткізушілердің алдындағы кредиторлық берешектің өтілгендігін көрсетеді.
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі берешекті өтеуді көрсету Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қантардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердегі жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептің көлемі мен нысандары туралы» нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте және мерзімде ұсынылады.
Тармақ 40
40. Аумақтық салық органы Қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженің 38-тармағында көзделген тәртіппен ұсынған төлем тапсырмасы мен растамасын алған кезде төлем тапсырмасында көрсетілген сомаға және төлемдердің түрлері ьойынша салық төлеушінің кредиторлық берешігін есептен шығарады. Түсімдер туралы есептемеде осы төлемдер 107102 «Берешектердің жергілікті бюджетке бюджетке түсуі» коды бойынша көрсетіледі.
41.Есепте бір Жеткізушінің екінші Жеткізушінің алдындағы кредиторлық берешегін есептен шығару үшін Қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшірмесі негіздеме болып табылады.
Тарау 7. 7. Жауапкершілік
7. Жауапкершілік
Тармақ 42. 2000 жылғы 1 қантардағы кредиторлық берешектің бар- жоғы № ______
42. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, тікелей жеткізушілер. Жеткізушілер, жергілікті қаржы органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданалып жүрген заңдарға сәйкес теріс және әдейі жалған мәліметтер ұсынғаны үшін жауапқа тартылады.
№ 1 нысан
_________________________________
(жергілікті қаржы органынның атауы)
Берілген күні «______»___________________2000 ж.
2000 жылғы 1 қантардағы кредиторлық берешектің бар- жоғы № ______
А Н Ы Қ Т А М А
_______________________________________
(облыстық, қаданың және ауданның коды)
_______________________________________
(мемлекеттік мекеменің коды)
Осы анықтама ____________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атау және СТТН- і)
берген __________________________________
салыстыру актісінің негізінде жасалды:
№
р\с
Жеткізуші
Тіркеу коды
Актінің деректері
Экономикалық сыныптама еректелігінің коды
Атауы
Орналасқан жері
СТТН -і
Күні
сомасы
1
2
3
4
5
4
5
6
Жиыны:
Кредиторлық берешек сомасының жиыны __________________ теңге
(санмен)
_____________________________________
(сомасы жазумен)
Осы анықтамаға мыналар қоса беріліп отыр:
1.__________________________________
2.__________________________________
3.__________________________________
4.__________________________________
Қолы:
____________________________________ ______________________________
(жергілікті қаржы органың басшысы (мемлекеттік мекеменің басшысы
тегі, аты- жөні, лауазымы) тегі, аты- жөні, лауазымы)
МО МО
№ 2 нысан
Мұқабаның ұлгісі
________________________________________
(жергілікті қаржы органының атауы)
Кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы анықтамаларды
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
_____жылғы _________________басталды
______ жылғы ______________ аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылған салық төлеушіеің аты -жөні ______________________________
Анықтаманың нөмірі
Анықтама берілген күні
Төлем коды
СТТН і
Берешектің сомасы (теңге)
Мемлекеттік мекеменің атауы
Мекеменің кредиторлық берешегін өтеу сызбасына енгізуге арналган сома
Өтеу тиуралы белгі
Төлем тапсырмасының нөмірі
Күні
Сомасы (тенге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 3нысан
_________________________________________________________________
(аумақтық салық органының атауы, СТТН- і)
«______»__________________________2000 ж.
№ _____ АНЫҚТАМА
Жергілікті бюджетке кредиторлық берешектің бар жоғы туралы
_____________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы)
_____________________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы, егер салық төлеуші заңды тұлғаның бөлімшісі болған жағдайда) ___________________________________________________________________________
(Мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегін өтеу үшін)
__________________________________________
(облыстың, қаланың және ауданның коды)
__________________________________________
(салық төлеушілердің СТТН -і)
1. ___________________қалыптасқан, жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешектердің жалпы (анықтама берілген күн) сомасы, бірақ салық төлеушінің дербес шоты бойынша көрсетілген 2000 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша жинақталған осындай берешектердің сомасынан артық емес, _____________теңгені құрайды, оның ішінде төлемдер бойынша:
(теңге)
Төлем коды
Төлем атауы
Берешектердің жалпы сомасы
Негізгі борыш
Өсім
Айыппүл
Мем. Мекемелердің кредиторлық берешектерін өтеудін сызбасына енгізуге арналған сома
1
2
3
4
5
6
7
2. Осы анықтама ______________ данада берілді
Салық комитетінің Төрағасы ________________________________
_____________________________________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні, лаузымы)
МО
Талдау және есеп бөлімнің бастығы __________________________
______________________________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты - жөні, лауазымы)
№ 4 нысан
Мұқабаның үлгісі
______________________________________________
(аумақтық салық атауы)
Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектің бар - жоғы туралв анықтамаларды ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
_____жылғы _________________басталды
______ жылғы _________________ аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы үлгі бойынша басылған
Мемлекеттік мекеменің атауы _______________________________________
Анықтама нөмірі
Анықтама берілген күні
Тіркеу кұні (тоғыз мәнді код)
Тікелей беруші
Ұсынылған салыстыру актісіне және бухесептің деректеріне сәйкес берешектің сомасы (тенге)
Анықтама берген тұлғаның аты -жөні
Анықтама алған тұлғаның аты -жөні
Анықтама алған тұлғаның қолы
Атауы
Орналасқан жері
СТТН -і
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
№ 5 нысан
Қарағанды облысының
№ _________кредиторлық берешекті қтеу сызбасы
_______________________________________________
(аудандық, (қалалық) немесе облыстық бюджеттін атауы)
_________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы. орналасқан жері, СТТН-і, коды)
тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілер алдындағы
___________________________________________________ сомаға
(сомасы жазумен, мың теңгемен)
______________________________қаласы ______________________
(күні)
___________________________________________________________________________
(қаржы органдарында кредиторлық берешектің тіркеу нөмірі,
қаржы органы басшысының қолы, мөрі)
Мемлекеттік мекеменің тікелей беруші алдындағы берешегі
Жеткізуші алдындағы тікелей берушінің берешегі
2, 3 және т.б. жеткізушінің берешегі
Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер тікелей берішінің, жеткізушінің берешегі
Экономикалық қалық жіктеменің ерекшелік тері
Сомасы теңге
Атауы, орналасқан жері, СТТН
Сомас теңге
Атауы, орналас жері, СТТН
Сомасы теңге
Атауы, орналасқан жері, СТТН
Кірістер коды
Сомас теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиыны
Жиыны
Жиыны
Жиыны
Жиыны, өтеуге тиіс сома жиыны
___________________________________________
(сомасы жазумен)
Осы сызбаға мыналар қоса беріліп отыр:
1. _____________________________________________
2. _____________________________________________
3. _____________________________________________
Мемлекеттік мекеме Тікелей беруші ұйым
басшысының қолы басшысының қолы
________________________________ __________________________
тегі, аты - жөні, лауазымы тегі, аты - жөні лауазымы
МО МО
1 –беруші – ұйым Салық төлеуші ұйым
басшысының қолы 2 басшысының қолы
___________________________ _________________________
тегі, аты -жөні, лауазымы тегі, аты -жөні, лауазымы
МО МО
Кредиторлық берешекті өтеу туралы белгі:
Өтелген: ________________________________________________________
(төлем тапсырмасының нөмірі, қаржы органы басшысының қолы)
Ескерту: және бағаналардың сомалары тең болуы керек.
№ 6 нысан
Мұқабаның үлгісі
_____________________________________________
(жергілікті қаржы органының атауы)
Кредиторлық берешекті өтеу сызбаларын тіркеу ЖУРНАЛЫ
_____жылғы _________________басталды
______ жылғы _________________ аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы улгі бойынша басылған
Сызбаның нөмірі
Тіркеу күні
Мемлекеттік мекеменің атауы
Тіркеу коды
Тікелей жеткізуші атауы
Сызба бойынша сомасы (теннге)
Өтеу туралы белгі
Төлем тапсырмасының нөмірі
Күні
Сомасы (тенге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
№ 7 –нысан
Қарағанды облысының кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын мемлекеттік мекемелерінің тізілімі
_____________________________________________ бюджеті
(аудандық (қалалық) немесе облыстық бюджетің атауы)
________________________________________________ ___________
(жергілікті бюджеттік бағдарламадың әкімшісі) (күні)
№
Мемлекеттік мекеменің атауы
Орналасқан жері
Сомасы (теңге)
1
2
3
4
Осы тізілімге мыналар қоса беріліп отыр:
1. __________________________________________
2. __________________________________________
3. __________________________________________
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолы
____________________________________
тегі, аты жөні, лауазымы
МО
№ 8 – нысан
2000 жылғы «______»_________________
____________________________________
(облысы, қаласы, аудан, салық органының атауы)
Сұрау салу- растау
__________________________________________________________________салық органының
(Жергілікті қаржы органының атауы)
2000 жылғы «______»________________ № _________ анықтамасында аталғына
_________________________________________________________________________________
(салық төлеуші - ұйымның атауы және СТТН -і )
Бюджетке ьөленетін төлемдер бойынша берешек сомасын растауды сұрайды.
_______________________________(Жергілікті қаржы органы басшысының қолы, тегі, аты -жөні)
_____________________________________________________________________________________
2000 жылғы «______»_________ № _____анықтама көрсетілген 2000 жылғы «_____»
______________өтелуге жататын 2000 жылғы «_____»_____________ жергіліктік бюджетке
төленетін тқлемдер бойынша кредиторлық берешек _____________________
(сомасы санмен)
___________________________________________________________________________теңгені
(сомасы жазумен)
Құрайтындығын растаймыз.
Оның ішінде төлем түрлі боцынша
___________________________________
_________________________________(аумақтық салық органы басшысының аты -жөні, тегі қолы)
2000 жылғы «______»_____________ № _______________ МО
_____________________________________________________________________________________
________________________салық органының 2000 жылғы «______»_____________ № ________
растауында корсетілген жергіліктік бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешек
___________________________________________
(сомасы санмен)
(____________________________________________________________________________)
(сомасы жазумен)
теңгені құрайтының растаймыз.
______________________________________________________________________________
(қазынашылықтың аумақтық органы басшысының тегі, аты -жөні, қолы)
2000 жылғы «______»________________ № ___________________ МО