Об утверждении «Положения о порядке продажи государственных пакетов акций, находящихся в коммунальной собственности Атырауской области на аукционах» Қолданыста
Басқа 0
«Атырау облысының коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттерін аукциондарда сату тәртібі туралы Ережені» бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1431 «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» туралы қаулысы және облыс әкімінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 321 «Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасының мәселелері» шешімі негіздерінде коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттерін аукционда сату тәртібін сәйкестікке келтіру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Атырау облысының коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттерін аукциондарда сату тәртібі туралы Ереже» бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы жоғарыда көрсетілген Ережені қолданыстағы заңдарға сәйкес тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің 2000 жылғы «10»
мамырдағы № 463 шешіміне
қосымша
Атырау облысының коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакеттерін аукциондарда сату тәртібі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйегіндегі № 1431 «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселері» туралы қаулысы және облыс әкімінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 321 «Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасының мәселелері» шешімі негіздеріне сәйкес әзірленген және акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін аукциондарда сату тәртібін реттейді.
Тармақ 1
1. Негізгі анықтамалар
Егер контексте өзге көзделмесе, ережеде мұнан былай анықталғандай, сөздер мен сөздер мағаналары мына мәнде болады:
Тармақша 1
1) «Сатушы» - Атырау облыстық коммуналдық меншік басқармасы;
Тармақша 2
2) «Ұйымдастырушы» - Сатушы немесе мемлекеттік пакеттер акцияларын сату аукционын дайындау мен өткізілуін ұйымдастыратын заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 3
3) «Қатысуышы» - аукционға қатысу үшін белгіленген тәртіпте тіркелген заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 4
4) «Лот бойынша саудаға қатысушы» - жарияланған лоттың ағымдағы бағасына нөмірін көтерумен келіскен қатысушы;
Тармақша 5
5) «АҚ» - акционерлік қоғам;
Тармақша 6
6) «Саудаластық» -лоттар сатудың аукциондық түрі;
Тармақша 7
7) «Сауданың ағылшынша тәсілі» - алдын-ала хабарланып, ең жоғарғы баға ұсынған жалғыз қатысушы қалған сәтке дейінгі алғашқы бағаның жоғарылау сауда тәсілі;
Тармақша 8
8) «Сауданың голланд тәсілі» - бір қатысушының лотты хабарланған бағамен сатыпалуға келіскен сәтіне дейінгі алғашқы бағаның хабарланған қадаммен төмендеу сауда тәсілі;
Тармақша 9
9) «Лот» - нақты акционерлік қоғамның саудаға шығарылатын акцияларының бүтіндей саны;
Тармақша 10
10) «Лоттың ең төмен бағасы» - лот одан төмен бағаға сатылуға болмайтын баға;
Тармақша 11
11) «Лоттың алғашқы бағасы» - әр лот бойынша сауда басталатын баға;
Тармақша 12
12) «Сауда бағасы» - сауданың нәтижесінде белгіленген лоттың соңғы бағасы;
Тармақша 13
13) «Жеңімпаз» - саудада лот үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы;
Тармақша 14
14) «Сатып алушы» - Сатушымен акцияларды сатып алу-сату шартын жасасқан жеңімпаз;
Тармақша 15
15) «Жеке тұлғалар» - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.
Тармақ 2
2. Сату объектісі
Тармақша 1
1) Сатылу объектісі болып Атырау облысының коммуналдық меншік иелігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттері табылады;
Сату объектісін аукционға шығару туралы шешімді Сатушы қабылдайды;
Тармақша 2
2) Аукционға қолданылып жүрген заңдармен белгіленген тәртіпте акциялардың эмиссиясын тіркеген, АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттері шығарылады;
Тармақша 3
3) Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатқан кезде қолданыстағы зандардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерге қойылатын барлық талаптары сақталуға тиіс;
Тармақ 3
3. Сатушы мен Ұйымдастырушы
Тармақша 1
1) Сатушы акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуды қолданыстағы заңдар мен осы Ереже белгілеген тәртіпте жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Сатушының ерекше функциялары мыналар болып табылады:
-акциялардың мемлекеттік пакеттері аукционға шығарылатын АҚ тізбесін белгілеу;
- АҚ –ды жеке аукциондар бойынша бөлу және оларды өткізу мерзімін анықтау;
- лоттың бастапқы және ең төменгі бағасын белгілеу;
- кепілдік жарналарды қабылдау;
- аукциондарды ұйымдастыру мен өткізуге Ұйымдастырушылармен шартқа отыру;
- аукциондардың ұйымдастырылу мен өткізілу барысын бақылауды жүзеге асыру;
- сауда Жеңімпаздарымен сауда-саттық шартқа отыру және олардың орындалуын бақылау;
- екінші және кейінгі аукциондарға шығарған кезде акциялардың пакеттерін лоттарға бөлу;
- Қатысушылармен, Сатып алушылармен және Ұйымдастырушылармен есептесуді жүзеге асыру.
Тармақша 3
3) Сатушы аукционды өз бетінше ұйымдастырады және өткізеді, немесе бағалы қағаздардың нарығында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына бірінші санаттағы лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату бойынша аукцион ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасады (делдалдық және дилерлік қызметті жүзеге асыру).
Сатушы осы Ереженің 3-бабының 2-тармағында көрсетілген функцияларды шарт бойынша беруге құқылы емес.
Тармақша 4
4) Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату туралы аукционды ұйымдастыру және жүргізу шарты Сатушы мен Ұйымдастырушы арасында жазбаша түрде жасалады және мына мазмұнды қамту керек:
- ұйымдастырушы лицензиясын күні, қолданылу мерзімі және нөмірі күні;
- жеке аукциондар бойынша бөлінген акциялардың мемлекеттік пакеттерінің тізбесі;
- аукционды өткізудің ең соңғы мерзімдері;
- әрбір АҚ бойынша акциялардың мемлекеттік пакеттерінің мөлшері;
- лоттардың саны;
- әр лотты сатудағы саудаласу әдісі;
- әр лоттың бастапқы және ең төменгі бағасы;
- кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу тәртібі;
- әр АҚ бойынша Ұйымдастырушыға берілетін құжаттар тізбесі;
- аукционды дайындау мен өткізу барысы туралы Ұйымдастырушы есебіні мерзімділігі мен нысаны;
- ұйымдастырушының сыйақы алу мөлшері мен шарттары және Сатушымен өзара есептесу тәртібі;
- өзара міндеттемелер мен мүліктік жауапкершілік;
- шарттың қолданылу мерзімі мен оны бұзу шарттары.
Тармақша 5
5) Ұйымдастырушының сыйақы көлемі осы Ереженің 4-бөлімінің 2-бабының тәртіптеріне сәйкес, Сатып алушы аванстық төлем жүргізген, әр лоттың сатылу бағасының кем дегенде 5 пайызынан аспайтын бөлігін құрайды.
Тармақ 4
4. Аукционға қатысушы
Тармақша 1
1) Аукционға қатысуға осы Ереженің 5 бабымен белгіленген тәртіпте тіркеуден өткен жеке тұлғалар мемлекеттік емес заңды және шетелдік заңды тұлғалар жіберіледі.
Тармақша 2
2) Аукционға қатысушылар бола алмайтындар:
Тармақша а
а) жарғылық қордағы мемлекеттік меншік үлестері 20 пайызыдан астам шаруашылық серіктестіктері;
Тармақша б
б) аукционды ұйымдастырушы;
Тармақша в
в) акциялары саудаға шығарылатын АҚ;
Тармақша г
г) сатып алу-сату шартын жасасу мен орындау жөніндегі тиісті міндеттерін орындамаған алдынғы саудалардың жеңімпаздары
Тармақша 3
3) Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатқан кезде Сатып алушы – акционерлік қоғам акционерлік қоғамның акцияларының 25 пайызынан артығын сатып ала алмайды, егер соңғысы Сатып алушының акцияларына ие болса.
Тармақша 4
4) аукционға кіру билетін сатып алған барлық тілек білдірушілер қатысуға құқылы. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері кіруге ақы төлеуден босатылады.
Тарау 2. 2. Аукционды өткізуге дайындық
2. Аукционды өткізуге дайындық
Тармақ 1
1. Аукционды дайындау тәртібі
Аукционды өткізуге дайындық мына тәртіпте жүзеге асырылады:
- лоттар қалыптастырылады;
- лоттардың бастапқы және ең төменгі бағалары белгіленеді;
- әр лотты сату әдісі белгіленеді;
- лоттар жеке аукциондар бойынша бөлінеді;
- кепілдік жарна енгізу көлемі мен тәртібі белгіленеді;
аукциондарды өткізу мерзімдері анықталады;
- қажет болса, акциялардың мемлекеттік пакеттерін сату бойынша аукционды ұйымдастыру мен өткізуге шарт жасасу құқығына тендер өткізіледі;
- сату проспектілері, ақпараттық бюллетеньдер, аукциондық қарталар, АҚ-ға бару графиктері жасалады;
- аукцион өтетіндігі туралы ақпараттық хабар жарияланады және басқа да жарнамалық қызмет жүзеге асырылады;
- кепілдік жарналар қабылданады;
- қатысушыларды тіркеу жүргізіледі;
Тармақ 2
2. Лоттардың алғашқы және ең төмен бағалары
Тармақша 1
1) Акциялардың мемлекеттік пакеті акциялардың мемлекеттік пакеттерінің бағасын реттейтін қолданылып жүрген нормативті-құқықтық актіге сәйкес есептелген ең төмен бағадан төмен сатылуы мүмкін емес.
Тармақша 2
2) Акциялардың мемлекеттік пакеттерін ағылшынша тәсілмен сатқан кезде алғашқы баға акциялардың мемлекеттік пакеттерінің есеп айырысатын ең төмен бағасына тең.
Тармақша 3
3) Акциялардың мемлекеттік пакеттерін сауданың голланд тәсілімен сатқан кезде алғашқы баға нормативті-құқықтық актіге сәйкес анықталған есеп айырысу бағасын жоғарлау коэфициентіне көбейту арқылы анықталады коэфицентті Сатушы анықтайды, ол 10-нан төмен болмауы тиіс.
Тармақ 3
3. Кепілдік жарна
Тармақша 1
1) Кепілдік жарна Қатысушының мына міндеттерінің қамтамасыз етілуі болып табылады:
- саудада жеңген жағдайда сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
- сауда нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттық шарт жасасу;
- сауда-саттық шарт бойынша міндеттерді тиісті түрде орындау.
Тармақша 2
2) Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна аукционға шығарылатын акциялардың (лоттардың), барлық мемлекеттік пакеттері үшін бірдей көлемде белгіленеді, және мына әдістемемен есептелінеді:
а) әр лот бойынша 5-тен 15% дейінгі аралықта белгіленеді
- лоттың алғашқы бағасынан – сауданың ағылшынша тәсілінде;
Лоттың ең төмен бағасынан – сауданың голланд тәсілінде;
б) осы баптың «а» тармағындағы алынған орта арифметикалық көлемі белгіленеді;
в) аукционға шығарылатын лоттардың санынан ең аз алғашқы немесе төмен бағасы белгіленеді;
г) кепілдік жарнаның көлемі осы баптың «б» және «в» тармақтарындағы алынған мөлшерлердің ең азына тең қабылданады.
Тармақша 3
3) Қатысушылар кепілдік жарналардың кез келген санын енгізуге құқылы, мұнда бір кепілдік жарна бір лот сатып алу құқығын береді.
Тармақша 4
4) Кепілдік жарна ақпараттық хабарда белгіленген, және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес түрде және тәртіпте енгізіледі. Кепілдік жарнаның көлемі ақпараттық хабар жарияланғаннан кейін өзгеруі мүмкін емес. Кепілдік жарна Қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен енгізілуі мүмкін. Кепілдік жарнаның алушысы Сатушы болып табылады.
Тармақша 5
5) Саудада жеңген және сауда-саттық шарт жасаған Қатысушының кепілдік жарнасы сауда-саттық шарт бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.
Тармақша 6
6) Кепілдік жарна Сатушыға мына жағдайларда қайтарылмайды:
- оның өткізілуіне кем дегенде үш күн қалғанда аукционға қатысудан бас тартса;
- Жеңуші сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан не сауда-саттық шартты жасасудан бас тартса;
- сауда-саттық шарт бойынша міндеттемелерді орындамаса немесе тиісті емес орындаса;
- Қатысушының осы Ережемен және Қазақстан Республикасың заңдары мен оған қойылатын талаптарға байқалған сәйкессіздігінде;
Барлық қалған жағдайларда кепілдік жарналар аукцион аяқталған күннен бастап 5 банктік күннен асырмай, ал егер ақша аукционнан кейін Сатушының есебіне түссе, онда олардың түскен күнінен бастап 5 банктік күн аралығында қайтарылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық хабар және басқа жарнамалық материалдар
Тармақша 1
1) Аукционды өткізу туралы ақпараттық хабар аукционның өткізілуіне дейін кемінде 30 күн қалғанда облыстық баспасөзде жариялануға тиіс:
Тармақша 2
2) Ақпараттық хабарда мыналар болуға тиіс:
- аукционның өткізілу күні, орны мен уақыты;
- акциялары саудаға шығарылатын АҚ-ның атауы, қызметінің негізгі профилі мен мекен-жайы;
- әр АҚ бойынша шығарылатын лоттардың көлемі (жарғылық қордың пайызымен);
- әр лот бойынша сауда өткізу тәсілі;
- саудаға шығарылатын лоттардың бастапқы және ең төменгі бағасы;
-кепілдік жарнаның көлемі мен алушының есеп айырысысатын шоты;
- өтініштер қабылдайтын жер мен мерзімі;
- сату проспектілері, ақпараттық бюллетеньдер, аукционды өткізу тәртібі мен әзге ақпарат алуға болатын жердің телефондары мен мекенжайлары;
-Сатушының шешімімен басқа қосымша ақпарат.
Тармақша 3
3) Әрбір АҚ бойынша ақпараттық хабар жарияланатынынан бұрын мыналарды дайындау керек:
а) АҚ-ның қаржы-экономикалық жағдайын бағалау және оның бағалы қағаздарына капитал салу нәтижелілігі туралы шешім қабылдау үшін қажетті АҚ туралы ақпарат, және мына көшірмелерден тұратын сату проспектісі:
облыстың коммуналдық меншігіндегі акциялардын мемлекеттік пакеттерін қабылдау-беру актісі;
- құрылтайшы құжаттар;
- акциялардың эмиссиясы проспектісі мен эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
- осы АҚ акциялардың мемлекеттік пакеттерін аукционға шығару туралы Сатушымен шешім қабылдаған күнге дейін соңғы есеп беру мерзімінің қосымшаларымен бухгалтерлік баланстары.
б) сату проспектісінде, сондай-ақ басқа қосымша қажетті мәліметтер болуы мүмкін.
в) ақпараттық бюллетень ақпараттық хабарландыруда болатын балық негізгі мәліметтерді және А.Қ.туралы басқа да қосымша ақпаратты (өнім шығару көлемін, шикізат пен өтім рыноктарын, негізгі қорлардың сипаттамасын және басқа да) қамтиды.
Бюллетень Сатушы белгілеген міндетті түрде жіберу тізіміне сәйкес ақпараттық хабарландыру жарияланғанға дейін жіберіледі.
в) әрбір қатысушыға тіркеу сәтінде берілетін детальды сипатталғандардың тізімін қамтитын, аукционға шығарылатын аукциондық карта.
г) АҚ бару графигі.
Тармақша 4
4) Ақпараттық хабар жарияланғаннан кейін Ұйымдастырушы АҚ жөніндей ақпаратқа, сату объектісі мен аукционды өткізу ережелері туралы ақпаратқа барлық тілек білдірушілерге еркін кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақша 5
5) Жарнаманың басқа түрлері еркін түрде жүзеге асырылады, әрі көп Қатысушыларды шақыруға бағытталуға тиіс.
Тармақ 5
5. Қатысушыларды тіркеу
Тармақша 1
1) Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттықхабар жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукционға бір сағат қалғанда аяқталады.
Тармақша 2
2) Аукционға Қатысушы ретінде тіркеу үшін:
- аукционға қатысуға арызы;
- төлқұжат немесе адамды куәландыратын өзге құжат;
- кепілдік жарна қосқанын растайтын төлеу құжаттың түпнұсқасы және көшірмесін;
- өкілдік өкілдігін куәландыратын құжат;
Заңды тұлғалар қосымша береді:
- заңды тұлғаны тіркеу туралы жарға мен куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады;
Акционерлік Қоғамының (ақпараттық хабарды жариялау сәтіне дейін), жарғылық қордағы мемлекет үлесі туралы және олардың акцияларына ие, АҚ туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізімі көшірмесін қосымша ұсынады.
Тармақша 3
3) Сатушы мен Ұйымдастырушы құқылы емес:
- Қатысушыдан оның аукционға шығарылғандар санынан сол және басқа лоттарды алу ойлары туралы ақпаратты талап етуге;
- сауданы дайындау және өткізудің бүкіл кезеңі ішінде сауда қатысушыларына қатысты ақпаратты жаймауға;
- осы Ереженің 5-бабының 2-тармағында көрсетілгендерден басқа қатысушы ретінде тіркеу үшін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етуге;
Тармақша 4
4) Тіркеуден өткен адам аукцион күні аукциондық нөмірге айырбасталатын қатысушы билетін алады, сауда кезінде басқа адамның аукциондық нөмірді пайдалануына тыйым салынады.
Тарау 3. 3. Аукционды өткізу
3. Аукционды өткізу
Тармақша 1
1) Аукционды Аукционшы жүргізеді. Аукцион оны өткізу ережелерін хабарландырудан басталады. Қатысушылар мен қатысатын адамдар аукцион барысына әсер етуге немесе оны жүргізу ережелерін бұзуға құқтары жоқ, олай болмаған күні олар аукцион жүргізілетін залдан кетулері керек.
Саудаға лоттарды шығару жүйелілігі туралы шешімді Аукционшы қабылдайды. Бұл тәртіп аукциондық картада белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі мүмкін.
Тармақша 2
2) Әрбір лот бойынша сауда Аукционшының сату объектісін, оның қысқаша сипаттамасын, сауда жүргізу әдісінен, алғашқы бағасынан және бағаны өзгерту қадамын хабарландырудан басталады. Аукционшы бұл жөнінде хабарлай отырып, сауда процесінде қадамын өзгертуге құқылы. Өзгеру қадамы лоттың ағымдағы бағасының 5 тен 10% дейінгі көлемінде белгіленеді.
Тармақша 3
3) Сауда төменде көрсетілген әдістердің біреуі бойынша жүргізіледі:
Сауданың ағылшынша тәсілі:
- Аукционшы лоттың бағасы мен бағаның өсу қадамын жариялайды. Саудаға қатысушылар нөмірді көтере алғашқы бағаны көтереді, бірақ хабарланған қадамнан кем емес. Аукционшы лоттар бойынша саудаға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Лоттар бойынша сауда ең жоғарғы ұсынылған бағаға дейін барады. Лот үшін ең жоғарғы бағаны ұсынған Қатысушыны Аукционшы хабарлайды. Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмірлер көтерілмесе балғаның соққысымен осы лоттың сатылғандығы туралы хабарлайды.
Лоттар бойынша сауда егер саудаға қатысушылар саны екіден кем болмағанда ғана өткізілген болып саналады.
Сауданың голландық тәсілі:
- Аукционшы лоттың алғашқы бағасын хабарлайды және жаңа баға жариялай отырып, оны жарияланған қадаммен төмендетеді. Аукционшы жарияланған баға бойынша аукциондық нөмірін бірінші көтерген Қатысушы нөмірін атайды және балға соққысымен осы лот бойынша оңы Жеңуші деп жариялайды. Егер Аукционшы лоттың ең төменгі бағасын хабарлағанда Қатысушылардың біреуі де осы лотты алуға тілек білдірмесе, онда лот саудадан алынады.
Егер біруақытта екі не одан да көп нөмірлер көтерілгенжағдайда кім нөмірін бірінші көтерілгендігі жайлы шешімді Аукционшы қабылдайды, және Қатысушылар онымен таласуға құқы жоқ. Ерекше жағдайларда Аукционшы жеребе процедурасына өткізуге құқылы.
Сауданын осы тәсілі электронды жүйені пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақша 4
4) Әрбір сатылған лот бойынша сауда қорытындылары Ұйымдастырушы, Аукционшы және Женуші қол қоятын сауда қорытындылары туралы хаттамамен әрбір лот бойынша сауда аяқталған соң дайындалады. Аукционшы хаттамаға қол қою үшін үзіліс жариялауға құқылы. Хаттама үш данадан жасалады: Сатушыға, Сатып алушыға және Ұйымдастырушыға бір-бірден. Ұйымдастырушы Сатушыға сауда нәтижелері туралы хаттаманың бір данасын аукционды өткізгеннен кейін бір күн кешіктірмей беру міндетті.
Тармақша 5
5) Сауда қорытындылары туралы хаттама сауда нәтижелері мен Жеңімпаз бен және Сатушының сату бағасы бойынша мемлекет акциялар пакетін сатыпалу-сату шартын жасау міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады. Женуші хаттамаға қол қойған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей, сатыпалу-сату шартын жасауға құқылы, мерзімі өтіп кетсе, бұл құқық жойылады.
Тармақша 6
6) Лот аукционда сатылмай қалған жағдайда осы Ереженің 2 бабының 2 тармағында жазылған процедураларға сәйкес келесі аукциондарға қайта шығарылады.
Тарау 4. 4. Сатып алушылармен есептесу тәртібі және меншік құқығын ресімдеу.
4. Сатып алушылармен есептесу тәртібі және меншік құқығын ресімдеу.
Тармақша 1
1) Акциялардың мемлекеттік пакетін сатып алу-сату шарты Сатушы мен Сатып алушы арасында жазбаша түрде жасалады және онда шарт жасасу негізі ретінде сауда қорытындылары туралы хаттамаға сілтеме болуы керек.
Тармақша 2
2) Сатып алу-сату шарты бойынша есептесулер Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалады, мұндайда Сатып алушы мынадай тәртіпте есептесу жүргізеді.
а) аванс төлемі акцияларды сату бағасынан кемінде 15 проценті көлемінде сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 5 банктік күннен кешіктірмей енгізіледі. Кепілдік жарна аванс төлеміне тиісті есепке кіреді;
б) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілу керек.
Тармақша 3
3) Соңғы төлемді 5 банктік күнге ұзартқан жағдайда, Сатушы біржақты тәртіппен шартты бұзуға және Сатып алушыдан кепілдік жарнамен табылмаған бөлікте нақты залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Тармақша 4
4) Акциялардың мемлекеттік пакетін толық төлеп болғаннан кейін сатып алу-сату процедурасы, акциялар иесінің өзгеру туралы тізбеге сәйкес жүргізілуін АҚ бағалы қағаздар ұстаушыға тіркеуші-тізбе жетекшісіне тапсыратын акцияларды қабылдау-беру актісіне қол қоюмен аяқталады.
Тармақша 5
5) Сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша акцияларға меншік құқы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және Қазақстан Республикасы заң актілерінде көзделген тәртіпте мәмілелесуді тіркеу сәтінен басталады.
Тарау 5. 5. Акциялардың мемлекеттік пакетін сатудан түскен қаражаттар
5. Акциялардың мемлекеттік пакетін сатудан түскен қаражаттар
Тармақша 1
1) Акциялардың мемлекеттік пакетін сатудан түскен қаражаттар облыс бюджетінің кірісіне бағытталады.
Тармақша 2
2) Ұйымдастырушыға берілетін сыйақты Сатушының аукционды дайындау мен өткізуге жұмсалған шығындарына қосылады.