Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов
- Атауы (қаз.)
- Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1709
- Қабылданған күні
- 30.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 AI62989_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001709
- ЭКБ идентификаторы
- 62989
- Редакция идентификаторы
- AI62989_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:28
0 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1709 қаулысымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2 2. ДСН-кодтарын беру тәртібі
2
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді. Бұл ретте, өтініш беруші мемлекеттік тізілімде тіркелген бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификатының көшірмесін, ал мұнай өнімдерін өндірушілер – мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалануға, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
3
3. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодын беруге арналған жиынтық өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауы бойынша мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жібереді.
4
4. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннің, авиациялық және дизель отыны мен мазуттың әрбір маркасына оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы ДСН-кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
5 5. ДСН-кодтарын құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
6 6. Уәкілетті орган берілген ДСН-кодтары туралы аумақтық бөлімшелерді өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
7
7. Аумақтық бөлімшелер мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтары берілгені туралы өтініш беруші мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
8 8. Осы Қағидалардың 2-тармағында аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тартады.
9 9. Уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тарту туралы аумақтық бөлімшелер мен мұнай өнімдерін өткізуді жоспарлаған өтініш берушіні жиынтық өтінім жіберілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
15 Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінім
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінім
_________________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық органының бастығына
_________________________________
20___ жылғы « »
Салық төлеушінің атауы:
Cубъектінің СТН-і:
Cубъектінің ЖСН/БСН-і:
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с
№
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің коды (егер бұдан бұрын берілген болса түсетін тізім)
Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі)
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)
1
2
3
4
5
1
2
Басшы ____________________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
16 Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасына
________________________________
20___ жылғы « »
Р/с №
Салық төлеушінің атауы
СТН
ЖСН/БСН*
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы)
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің коды
Мұнай өнімінің атауы
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)
1
2
7
8
9
10
1
2
Басшы ____________________ ____________ _______________
(Облыс) (қолы) (аты-жөні)
* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
17 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы
Бірінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
үшінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
төртінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
18 Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарының
құрылымына
қосымша
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
ДСН-код
Әкімшілік–аумақтық бірліктің атауы
1
2
Ақмола облысы
001
Көкшетау қаласы
002
Ақкөл ауданы
003
Астрахан ауданы
004
Атбасар ауданы
005
Сандықтау ауданы
006
Аршалы ауданы
007
Ерейментау ауданы
008
Егіндікөл ауданы
009
Қорғалжын ауданы
010
Бұланды ауданы
011
Целиноград ауданы
012
Шортанды ауданы
013
Степногор ауданы
014
Жарқайың ауданы
015
Есіл ауданы
016
Жақсы ауданы
017
Зеренді ауданы
018
Бурабай ауданы
019
Еңбекшілдер ауданы
020
Бурабай АЭА
Ақтөбе облысы
021
Ақтөбе қаласы
022
Алға ауданы
023
Байғанин ауданы
024
Әйтеке би ауданы
025
Ырғыз ауданы
026
Қарғалы ауданы
027
Мәртөк ауданы
028
Мұғалжар ауданы
029
Темір ауданы
030
Ойыл ауданы
031
Қобда ауданы
032
Хромтау ауданы
033
Шалқар ауданы
Алматы облысы
034
Талдықорған қаласы
035
Балқаш ауданы
036
Жамбыл ауданы
037
Іле ауданы
038
Қарасай ауданы
039
Райымбек ауданы
040
Талғар ауданы
041
Ұйғыр ауданы
042
Еңбекшіқазақ ауданы
043
Қапшағай қаласы
044
Ақсу ауданы
045
Алакөл ауданы
046
Қаратал ауданы
047
Кербұлақ ауданы
048
Көксу ауданы
049
Панфилов ауданы
050
Сарқан ауданы
051
Ескелді ауданы
052
Текелі қаласы
Атырау облысы
053
Атырау қаласы
054
Құрманғазы ауданы
055
Индер ауданы
056
Исатай ауданы
057
Қызылқоға ауданы
058
Мақат ауданы
059
Махамбетов ауданы
060
Жылыой ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
061
Өскемен қаласы
062
Катонқарағай ауданы
063
Глубоков ауданы
064
Зайсан ауданы
065
Күршім ауданы
066
Тарбағатай ауданы
067
Ұлан ауданы
068
Шемонаиха ауданы
069
Зырянов ауданы
070
Риддер қаласы
071
Абай ауданы
072
Аякөз ауданы
073
Бесқарағай ауданы
074
Бородулиха ауданы
075
Жарма ауданы
076
Көкпекті ауданы
077
Курчатов қаласы
078
Үржар ауданы
079
Семей қаласы
Жамбыл облысы
080
Тараз қаласы
081
Жамбыл ауданы
082
Жуалы ауданы
083
Қордай ауданы
084
Тұрар Рысқұлов ауданы
085
Мерке ауданы
086
Мойынқұм ауданы
087
Сарысу ауданы
088
Байзақ ауданы
089
Талас ауданы
090
Шу ауданы
Батыс Қазақстан облысы
091
Орал қаласы
092
Бөрлі ауданы
093
Жәнібек ауданы
094
Жаңақала ауданы
095
Зеленов ауданы
096
Қазталов ауданы
097
Қаратөбе ауданы
098
Сырым ауданы
099
Тасқала ауданы
100
Теректі ауданы
101
Бөкей ордасы ауданы
102
Ақжайық ауданы
103
Шыңғырлау ауданы
Қарағанды облысы
104
Қарағанды қаласы
105
Абай ауданы
106
Қарқаралы ауданы
107
Нұра ауданы
108
Осакаров ауданы
109
Саран қаласы
110
Теміртау қаласы
111
Бұхар жырау ауданы
112
Шахтинск қаласы
113
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
114
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
115
Ақтоғай ауданы
116
Жаңаарқа ауданы
117
Ұлытау ауданы
118
Шет ауданы
119
Балқаш қаласы
120
Жезқазған қаласы
121
Приозерск қаласы
122
Қаражал қаласы
123
Сатпаев қаласы
Қызылорда облысы
124
Қызылорда қаласы
125
Арал ауданы
126
Қазалы ауданы
127
Қармақшы ауданы
128
Жалағаш ауданы
129
Сырдария ауданы
130
Шиелі ауданы
131
Жаңақорған ауданы
Қостанай облысы
132
Қостанай қаласы
133
Алтынсарин ауданы
134
Меңдіқара ауданы
135
Жітіқара ауданы
136
Қамысты ауданы
137
Қарасу ауданы
138
Қарабалық ауданы
139
Қостанай ауданы
140
Ұзынкөл ауданы
141
Наурызым ауданы
142
Денисов ауданы
143
Әулиекөл ауданы
144
Таран ауданы
145
Сарыкөл ауданы
146
Федоров ауданы
147
Лисаковск қаласы
148
Рудный қаласы
149
Амангелді ауданы
150
Жангелді ауданы
151
Арқалық қаласы
Маңғыстау облысы
152
Мұнайлы ауданы
153
Бейнеу ауданы
154
Қарақия ауданы
155
Маңғыстау ауданы
156
Түпқараған ауданы
157
Жаңаөзен қаласы
158
Ақтау теңіз порты
Павлодар облысы
159
Павлодар қаласы
160
Ақтоғай ауданы
161
Баянауыл ауданы
162
Железин ауданы
163
Ертіс ауданы
164
Қашыр ауданы
165
Лебяжі ауданы
166
Май ауданы
167
Павлодар ауданы
168
Успен ауданы
169
Шарбақты ауданы
170
Ақсу қаласы
171
Екібастұз қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
172
Қызылжар ауданы
173
М. Жұмабаев ауданы
174
Жамбыл ауданы
175
Есіл ауданы
176
Мамлют ауданы
177
Шал ақын ауданы
178
Аққайың ауданы
179
Тимирязев ауданы
180
Айыртау ауданы
181
Ақжар ауданы
182
Тайынша ауданы
183
Уәлиханов ауданы
184
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Оңтүстік Қазақстан облысы
185
Шымкент қаласы
186
Бәйдібек ауданы
187
Оpдабасы ауданы
188
Отыpаp ауданы
189
Қазығұpт ауданы
190
Төлеби ауданы
191
Мақтааpал ауданы
192
Сайpам ауданы
193
Саpыағаш ауданы
194
Созақ ауданы
195
Түлкібас ауданы
196
Шаpдаpа ауданы
197
Аpыс қаласы
198
Кентау қаласы
199
Түpкістан қаласы
200
Әл-Фараби ауданы
201
Абай ауданы
202
Еңбекші ауданы
Алматы қаласы
203
Алматы қаласы
204
Әуезов ауданы
205
Бостандық ауданы
206
Жетісу ауданы
207
Түрксіб ауданы
208
Алмалы ауданы
209
Медеу ауданы
210
Алатау ауданы
Астана қаласы
211
Астана қаласы
212
Алматы ауданы
213
Сарыарқа ауданы
214
Есіл ауданы
215
«Астана - жаңа қала» АЭА