О присвоении наименований улицам села Алаколь Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл селосы көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШІМ етемін:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алакөл селолы көшелеріне атау берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: "Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы У. Ақанов 12.12.2011 ж. Железин ауданының "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ө. Оралов 12.12.2011 ж.
Басқа 4
Павлодар облысы Железин ауданы Алакөл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 2 шешіміне қосымша N 1 көшеге – 40 лет Октября атауы; N 2 көшеге – Абай атауы; N 3 көшеге – Алматинская атауы; N 4 көшеге – Восточная атауы; N 5 көшеге – Гагарин атауы; N 6 көшеге – Комсомольская атауы; N 7 көшеге – Ленин атауы; N 8 көшеге – Лесная атауы; N 9 көшеге – Новая атауы; N 10 көшеге – Северная атауы; N 11 көшеге – Советская атауы; N 12 көшеге – Титов атауы; N 13 көшеге – Целинная атауы; N 12 көшеге – Чапаев атауы.