Об утверждении размеров премий в области науки и государственных научных стипендий и требований к оформлению конкурсных материалов Күшін жойған
Басқа 0
Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мынадай мөлшерлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық - 350 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 2
2) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық - 350 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 3
3) педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық - 350 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 4
4) түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық - 300 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 5
5) жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық - 150 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 6
6) гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық - 150 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 7
7) мемлекеттік ғылыми стипендия – 24 айлық есептiк көрсеткiш.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ғылым комитеті (Б.Ә. Қасымбеков):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17. Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 536 бұйрығымен
бекітілген
Конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Талаптар «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына сәйкес ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурстық материалдарды ресімдеуге белгіленеді.
Тармақ 2
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурстық материалдар мынадай параметрлерді есепке алып ресімделеді:
сол жақ шеті – 2,5 см, оң жақ шеті – 1,5 см, колонтитул – 2,0 см;
қаріп түрі – «TimesNewRoman» № 14;
жоларалық қашықтық – бір есе;
абзацтық бос жер (бірінші жолдың бос жері) - 1,25 см.
Тармақ 2. 2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға арналған конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
2. Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға арналған конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға арналған конкурсқа материалдар, оның ішінде кiтаптар, монографиялар, оқулықтар, кiтапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттер көшiрмелерi, авторлық куәліктер, мемлекеттiк тiркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс екі бірдей данада тапсырылады.
Тармақ 4
4. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалады.
Сипаттаманың жұмысты ұсынған мекеменiң атауы, жұмыстың аты, ізденушілердің қолы қойылған, оның тегi, аты-жөнi көрсетiлген титул беті болады.
Сипаттаманың көлемі 0,5 баспа табақтан аспайды.
Тармақ 5
5. Жұмыстың қысқаша аннотациясында төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) алдыңғы бетiнде - жұмыстың атауы, оны ұсынатын ұйымның толық атауы; авторлардың тегi, аты-жөнi, олардың қызмет орындары, лауазымдары, ғылыми дәрежелерi мен атақтары;
Тармақша 2
2) екiншi жағында - жұмыстың қысқаша мазмұны мен алынған нәтижелерiнiң маңыздылығы, жұмыс авторларының қолдары.
Тармақ 6
6. Ұсыным-негiздеме жұмыстың ғылыми өзектілігін, оның маңыздылығын бейнелеу кажет. Ұсыным-негiздеменің әр данасы ұсынып отырған ұйымның ресми бланкісінде ресімделеді және оған ұйымның басшысы қол қояды.
Тармақ 7
7. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндiде авторлық ұжымның құрамы көрсетілген сыйлыққа жұмысты ұсынуы болу қажет.
Үзiндiге органның төрағасы мен оның хатшысы қол қояды және ұсынып отырған ұйымның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 8
8. Ізденушінің негiзгi қызмет орнынан анықтамасында төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ұсынылып отырған жұмыстың атауы;
Тармақша 2
2) тегi, аты, әкесінің аты;
Тармақша 3
3) туған жылы, айы, күні;
Тармақша 4
4) ғылыми дәрежесi мен атағы, мамандығы;
Тармақша 5
5) атқарып отырған лауазымы;
Тармақша 6
6) ізденушінің қызмет және үйінің мекенжайы, телефондары және электрондық поштасы.
Анықтамаға ізденушінің өзi қол қояды және кадр бөлiмi қызметкерiнің қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 9
9. Ізденушінің ғылыми қызметiне қысқаша сипаттамаға жұмысты ұсынушы ұйымның басшысы қол қояды.
Ұжымдық жұмыстар үшiн ізденушінің шығармашылық үлесi көрсетiледі.
Тармақ 10
10. Ізденушінің негізгі ғылыми жұмыстарының тiзiмi (5 жұмыстан аспауға тиiс) оның негiзгi қызмет орнының мөрiмен расталады.
Тармақ 11
11. Жұмысты ұсынушы ұйымынан, конкурсқа тапсырылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтамаға ұйым басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
Тармақ 12
12. Ізденуші жұмыстан босатылған жағдайда осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген құжаттар оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Тармақ 13
13. Конкурсқа тапсырылатын барлық құжаттар бойынша олардың электронды нұсқасыда электронды тасымалдаушыда тапсырылады.
Тармақ 14
14. Аталған құжаттардың әр жинағы тезтікпеге тігіледі, жеке конвертке жабылады және ғылыми жұмыс және электронды тасымалдаушпен бiрге:
Тармақша 1
1) "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықты алуға";
Тармақша 2
2) "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықты алуға";
Тармақша 3
3) "Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшiн Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықты алуға";
Тармақша 4
4) "Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты алуға";
Тармақша 5
5) "Жаратылыстану ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға берілетін Д.А.Қонаев атындағы сыйлықты алуға";
Тармақша 6
6) "Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға берілетін М. Әуезов атындағы сыйлықты алуға" деген жазуы бар папкiге салынады.
Конверттің және папкінің сыртында жұмыс орындалған ұйымның атауы, жұмыстың атауы, авторлардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Тармақ 3. 3. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
3. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Тармақ 15
15. Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурсқа материалдар екі бірдей данада тапсырылады.
Тармақ 16
16. Ілеспе хаттың әрқайсысы ұсынушы ұйымның ресми бланкісінде ресімделеді және басшысының қолы қойылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндiге органның төрағасы мен оның хатшысы қол қояды және жұмысты ұсынған ұйымның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 18
18. Консультативтік-кеңесші органның уәжделген қолдаухатында (ұсынымында) ізденушінің ғылыми үлесі туралы, оның жетістіктері мен жоғары баға алған және практикалық қолданыс тапқан әзірлемелері, сондай-ақ күтіліп отырған нәтижелер және олардың практикалық маңыздылығы көрсетілген ғылыми қызметінің бағдарламасы туралы мәліметтері көрсетіледі.
Уәжделген қолдаухат 5 баспа беттен аспайды және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 19
19. Ізденушінің негiзгi қызмет орнынан анықтамасында төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тегi, аты, әкесінің аты;
Тармақша 2
2) туған жылы, айы және күні;
Тармақша 3
3) негізгі жұмыс (оқу) орны және қызметі;
Тармақша 4
4) ғылыми және педагогикалық жұмыс өтілі немесе оқыған жылы (аспиранттар мен докторанттар үшін);
Тармақша 5
5) ғылыми дәрежесі және оның берілген уақыты;
Тармақша 6
6) үйінің және қызмет мекенжайы, телефондары және электрондық поштасы.
Анықтамаға ізденушінің өзi қол қояды және негізгі жұмыс (оқу) орнындағы кадр бөлiмi қызметкерiнің қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 20
20. Ізденушінің ақырғы бес жылдағы басып шығарған ғылыми еңбектерінің тізімі ұйымның мөрімен бекітіледі. Тізімге ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспауы керек) қоса беріледі.
Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемде басылған аннотация беріледі.
Тармақ 21
21. Аталған құжаттардың әр жинағы тезтікпеге тігіледі, жеке конвертке жабылады және «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға» немесе «Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға» деген жазуы бар папкiге салынады. Папкінің жоғарғы жағында стипендияны алуға ізденушіні ұсынып отырған ұйымның консультативтік-кеңесші органының атауы, төменгі жағында талапкердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Басқа 62. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 21 желтоқсанда
№ 536 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Үздік ғылыми зерттеулерге сыйлықтар және жас ғалымдарға үздік ғылыми жұмыстары үшін сыйлықтар берудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1168 тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 761 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1668 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 жыл, № 36-37, 518-құжат).
Тармақ 3
3. «Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 698/1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2031 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 1, 759-құжат).
Тармақ 4
4. «Үздік ғылыми зерттеулерге сыйлықтар және жас ғалымдарға үздік ғылыми жұмыстары үшін сыйлықтар берудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 22 қыркүйектегі № 631 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2532 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 37-42, 878-құжат).
Тармақ 5
5. «Үздік ғылыми зерттеулерге сыйлықтар және жас ғалымдарға үздік ғылыми жұмыстары үшін сыйлықтар берудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 мамырдағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 21 қазандағы № 850 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3212 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа мемлекеттік органдарының Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 9-13, 32-құжат).
Тармақ 6
6. «Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 698/1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 552 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 тіркелген, 2005 жылғы 16 қарашадағы № 212 (946) «Юридическая газета» газетінде жарияланған).