Құжат мәтініне өту

О стоимости разового талона

Өзге акт · № 33-5 · қабылданған 21.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-63043/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О стоимости разового талона Күшін жойған Өзге акт ·№ 33-5 ·21.12.2011
21.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О стоимости разового талона

Күшін жойған Өзге акт ·№ 33-5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стоимости разового талона
Атауы (қаз.)
Бір жолғы талондардың құны туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33-5
Қабылданған күні
21.12.2011
Көрсетілген редакция
21.12.2012 AI63043_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VP000120
ЭКБ идентификаторы
63043
Редакция идентификаторы
AI63043_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:42

0 Бір жолғы талондардың құны туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданатын бір жолғы талондардың құны № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Тарбағатай ауданы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға қолданылатын біржолғы талондардың құны № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3 3. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Бір жолғы талондардың құны туралы» 2010 жылғы 27 қазандағы № 24-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5-16-102 тіркелген, «Тарбағатай» газетінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 60 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарларды өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны (әрбір сатушы үшін бір күндік сауда, теңгемен)

Тарбағатай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 33-5 шешіміне № 1 қосымша
Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарларды өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен
оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы
талондардың құны (әрбір сатушы үшін бір күндік сауда, теңгемен)
Р/с
Сауда түрлері және тауарлар ассортименті
1 күндік бір жолғы талонның құны (теңгемен)
1
Азық-түлік тауарлар:
гастрономия, бакалея, кондитер өнімдері
160
сөреден көкөністер, жемістер
270
балмұздақ, салқындатқыш сусындар
150
нан, тоқаш, кулинария өнімдері
100
2
Қосалқы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату:
ірі қара малының еті
400
қой еті
250
3
Өнеркәсіптік тауарлар:
киімдер сату
200
қолдан жасалған тауарлар сату
120
пайдаланылған тауарлар сату
120
саман кірпіштерді саудалау
100
мотор майлары мен тосол сату
150
4
Қызмет көрсету:
аяқ киім жөндеу
200
шаштараз қызметі
300
киім пішу, тігу
150
бет әрлеу
250
массаж
250
5
Көліктің қосалқы бөлшектерін сату:
пайдаланылған
120
пайдаланылмаған
200
6
Мал сату:
қой
300
ірі қара мал
900
жылқы
900
7
Жүк автомобилдерімен тауар сату:
жүк көтерімі 3 тоннаға дейін:
600
жүк көтерімі 3 тоннадан жоғары:
1500
8
Көмір сату (1 жолғы тасымалдаудан түскен табысы 20000 тг)
2000

6 Тарбағатай ауданы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға қолданылатын бір жолғы талондардың құны (теңгемен)

Тарбағатай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 33-5 шешіміне № 2 қосымша
Тарбағатай ауданы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға
қолданылатын бір жолғы талондардың құны (теңгемен)
Р/с
Көрсетілетін қызмет түрлері
1 күнге бір жолғы талон құны (теңгемен)
1
Жеке тракторлармен жер өңдеу қызметін атқару, шөп шабу, сату, тасымалдау
400
2
Үй жануарларын бағу:

а а) қой

150

б б) ірі қара малы

250

в в) жылқы

350
3
Газеттер мен журналдар
120
4
Тұқым сондай-ақ отырғызылатын бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, үй жануарлары мен құстардың жемдерін
220
5
Сыпыртықылар мен сыпырғылар
180
6
Балық сату
300

Қолданыстағы