О телерадиовещании Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Телерадио хабарларын тарату туралы Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абонент – телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 1-1
1-1) балалар телебағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама;
Тармақша 1-2
1-2) білім беру телебағдарламасы – мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;
Тармақша 1-3
1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы);
Тармақша 3
3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі – абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
Тармақша 3-1
3-1) діни телебағдарлама – дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;
Тармақша 4
4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
Тармақша 5
5) көпарналы хабар тарату – теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
Тармақша 5-1
5-1) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
Тармақша 6
6) міндетті теле-, радиоарна – уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
Тармақша 7
7) отандық теле-, радиоарна – Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
Тармақша 8
8) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
Тармақша 9
9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;
Тармақша 10
10) субтитрлер – телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мәтінмен қайталау арқылы тарату тәсілі;
Тармақша 11
11) телевизиялық абоненттік жалғама – абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;
Тармақша 11-1
11-1) телегазет – телерадио хабарларын тарату операторлары тұтынушы үшін телекоммуникация желілерінде тарататын, мерзімді баспасөз басылымының электрондық толық нұсқасы;
Тармақша 12
12) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
Тармақша 13
13) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату операторы қалыптастырған теле-, радиоарналардың жиынтығы;
Тармақша 14
14) теле-, радиоарналарды тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде тұтынушыға теле-, радиобағдарламаларды жеткізу;
Тармақша 15
15) теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік – уәкілетті органның теле-, радиокомпанияға беретін және теле-, радиоарнаның Қазақстан Республикасының аумағында таралуына рұқсат беретін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 16
16) теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;
Тармақша 17
17) теле-, радиокомпания – теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі);
Тармақша 18
18) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникациялар желілерінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде тұтынушының жария қабылдауы үшін қалыптастыру және (немесе) тарату;
Тармақша 19
19) телерадио хабарларын тарату қызметі – бұл теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу;
Тармақша 20
20) телерадио хабарларын тарату операторы – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 21
21) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары – теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтын-беретін техникалық құрылғылардың жиынтығы;
Тармақша 22
22) телекоммуникациялардың техникалық құралдары – теле-, радиосигналдарды қалыптастыруға, қабылдауға, өңдеуге және беруге мүмкіндік жасайтын техникалық құрылғылар;
Тармақша 23
23) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 23-1
23-1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган – телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 24
24) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
Тармақша 25
25) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі – мемлекет меншігіндегі, Қазақстан Республикасының аумағында телерадиосигналдарын таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жүйесі;
Тармақша 26
26) хабар тарату кестесі – хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін, теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;
Тармақша 26-1
26-1) шартты қолжетімді карта – дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларының сәйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;
Тармақша 27
27) шартты қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату операторлары адамдардың шексіз тобына тарататын теле-, радиоарна.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 4. 4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары
4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату, сөз бен шығармашылық бостандығы құқықтарына конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) телерадио хабарларын тарату қызметтерін пайдалану кезінде адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметке жеке және заңды тұлғалардың қатысу құқықтарының теңдігі;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын тарату қызметтерін тұтынушылардың, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 5
5) меншік нысанына қарамастан телерадио хабарларын тарату саласын дамытуға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді білдіретін адал бәсекелестік;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық стандарттар негізінде телерадио хабарларын тарату саласының қауіпсіздігін, сенімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) отандық теле-, радиоарналарды дамыту, отандық теле-, радиобағдарламаларды жасау және трансляциялау үшін жағдай жасау;
Тармақша 8
8) телерадио хабарларын тарату саласында жаңаша технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
Тармақша 9
9) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтің жариялылығы және ашықтығы болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау
5-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, есепке қою және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік радиожиілік қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 5-1. 5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
5-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары олардың қызметі бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
Тармақ 2
2. Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары мен дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар бақылау субъектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
Тармақ 5
5. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар ету күнінен бастап;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелту күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға немесе телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектiсiне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі даму бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 11
11) алып тасталды - ҚР 24.11.2015№ 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 13
13) телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторды айқындайды;
Тармақша 14
Бап 7. 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) осы баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларында және осы Заңның 8-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-2
3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;
Тармақша 5
5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 6
6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады, өткізеді;
Тармақша 7
7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 8
8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 12
12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
Тармақша 12-1
12-1) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;
Тармақша 12-2
12-2) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;
Тармақша 13
13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16
16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және бекітеді әрі оның құрамына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекітеді;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 5
5) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014№ 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014№ 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), өзге де ғимараттар мен құрылыстарды абаттандыру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгі қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру бойынша талаптарды белгілейді.
Тармақ 1-1
1-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуға тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия
9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия
Бап 10. 10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі
10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі
Тармақ 1
1. Отандық теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалары қазақ тілінде және басқа тілдерде таратылады.
Тармақ 2
2. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Қазақ тіліндегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Телеарналарда тарату кезінде субтитр түріндегі телебағдарламалар мен фильмдердің аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлеміне есептелмейді.
Тармақ 3
3. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді қазақ тілінде пайдалануға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы қазақ тілінде және басқа тілдерде жүзеге асырылады.
Бап 11. 11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия
11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша уәкілетті орган қабылдайтын барлық шешімдер мен қорытындылар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 3
3) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау мен олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 5
5) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары бойынша ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015№ 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 5
5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Бап 12. 12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың ақпаратқа, сөз бостандығына, пікірлерді білдіру мен пікірлердің әралуандығын дамыту құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін сақтау және қамтамасыз ету, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету, елдің мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсаттарында міндетті теле-, радиоарналардың мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту және басқа да әлеуметтік маңызы бар ақпараттың жиынтығын құрайтын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылуға міндетті тізбесі қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі көпарналы хабар таратуда таралуына қарай уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, конкурстық негізде қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Аталған шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 4
4. Теле-, радио компаниялардың конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша уәкілетті орган міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді.
Тармақ 6
6. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды.
Бап 13. 13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 42-бабының 4-тармағына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату телеарна топтамаларына енгізілген теле-, радиоарналардан;
Тармақша 2
2) осы баптың 2-тармағына сәйкес қалыптастырылған телеарналардан қалыптасады.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Үміткерлердің конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау бойынша ұсыныстар енгізуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша құрамына осы баптың 2-тармағында көрсетілген теле-, радиоарналар енетін еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиокомпаниялармен жасаған шарттары негізінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға құқылы.
Бап 14. 14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
Бап 15. 15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану
15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін бос жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөнінде конкурс өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Конкурс өткізу туралы шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
Тармақ 3
3. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган бередi. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде үлгілері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн радиожиiлiктi есептеудi, оны радиожиiлiк органдарымен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Бап 16. 16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде өзі дербес белгiлейдi.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ
Бап 17. 17-бап. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
17-бап. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн теле-, радиоарна уәкiлеттi органда мiндеттi түрде есепке қойылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн теле-, радиоарнаның меншiк иесi не оның уәкiлеттiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы Заңның 18-бабының талаптарына сай келетiн өтiнiш бередi.
Тармақ 3
3. Теле-, радиоарнаны есепке қою кезінде, сондай-ақ теле-, радиоарнаның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.
Тармақ 4
4. Теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган теле-, радиоарнаның меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:
Тармақша 1
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
Тармақша 2
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 18-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
Тармақша 3
3) егер теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алым төленбесе;
Тармақша 4
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
Тармақша 5
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюды мәлiмдеген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарна мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.
Тармақ 5
5. Теле-, радиоарнаның меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күнінен бастап алты ай iшiнде теле-, радиобағдарламаларды таратуға кiрiсу құқығын сақтайды. Теле-, радиоарнаның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, теле-, радиоарнаның өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ теле-, радиоарнаның өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
Тармақ 6
6. Теле-, радиоарнаның меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға тиіс.
Бап 18. 18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
Тармақ 1
1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
Тармақша 1
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 2
2) жеке және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәулiктiк көлемi көрсетiлген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 2
2. Өтінішке:
Тармақша 1
1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы мiндеттеме;
Тармақша 2
2) теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға; шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға; әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны қоса тіркеледі.
Тармақ 3
3. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою кезiнде өзге талаптар қоюға тыйым салынады.
Бап 18-1. 18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уәкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе шетелдік заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркетуді жүргізеді.
Тармақ 3
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады. Мыналар:
Тармақша 1
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
Тармақша 2
2) тағайындалу кезінде заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар азаматтар;
Тармақша 3
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
Тармақша 4
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде көрсетілген заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
Бап 19. 19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015№ 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 2
2. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік теле-, радиокомпаниялардың өкілдері есепке қою туралы куәлік алуға өздері берген осы Заңның 20-бабының талаптарына жауап беретін өтініштің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік алуға өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік береді не осы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша оны беруден бас тартады.
Тармақ 4
4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады. Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 20. 20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
Тармақ 1
1. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
Тармақша 1
1) теле-, радиоарнаның меншiк иесi – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), тұрғылықты мекенжайы, теле-, радиоарнаның меншiк иесi – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 2
2) теле-, радиобағдарламалардың тiлi (тiлдерi);
Тармақша 3
3) теле-, радиоарна хабарын тарату кестесі;
Тармақша 4
4) теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты;
Тармақша 5
5) теле-, радиоарна бас редакторының (редакторының) тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
Тармақша 6
6) теле-, радиоарнаның заңды мекенжайы;
Тармақша 7
7) теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесі көрсетілуге тиiс.
Тармақ 2
2. Өтiнiшке:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшiн – теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшірмесі, мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасын нотариат куәландырған, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшiн – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
Тармақша 3
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалының (өкілдігінің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Теле-, радиоарнаны есепке қою кезiнде өзге талаптар қоюға тыйым салынады.
Бап 21. 21-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тартудың және шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алудың негіздері
21-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тартудың және шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алудың негіздері
Тармақ 1
1. Уәкілетті орган шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлік беруден:
Тармақша 1
1) өтініш мазмұны осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
Тармақша 2
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбеген болса;
Тармақша 3
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
Тармақша 4
4) дінтану сараптамасы нәтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
Тармақша 5
5) шетелдік теле-, радиоарна өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса;
Тармақша 6
6) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама ұсынылмаған болса, бас тартады.
Тармақ 2
2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне дәлелді бас тарту жазбаша түрде беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан немесе жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрмай, осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында көзделген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді.
Тармақ 3-1
3-1. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.
Тармақ 4
4. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның таратылуы тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
Тарау 4. 4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 22. 22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері
22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
Бап 23. 23-бап. Теле-, радиокомпания
23-бап. Теле-, радиокомпания
Тармақ 1
1. Теле-, радиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде әрі қарай тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Теле-, радиокомпаниялар:
Тармақша 1
1) уәкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
Бап 24. 24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:
Тармақша 1
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялармен жасалған шарттар негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
Тармақша 3
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпестен ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
Тармақша 4
4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты түрде қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары: "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға; трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға; цифрлық форматта сигнал алатын және контентті жеткізудің цифрлық технологиясын пайдаланатын телерадио хабарларын тарату операторы цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық ағынның жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге; телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 25. 25-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы
25-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, меншік иесі ретінде мемлекет телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау және дамыту бойынша міндеттер жүктеген заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалануға тең құқық береді;
Тармақша 2
2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің біртұтас мүліктік кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) заманауи озық технологиялар негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін дамытуды және жаңғыртуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейін өз қаражаты есебінен теле-, радио хабарларын тарату жүйелерін одан әрі дамытуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) міндетті теле-, радиоарналарды және еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметтерге тарифтерді интернет-русурста жариялайды.
Тармақша 8
8) цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді. Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Бап 26. 26-бап. Телерадио бағдарламаларды жасаушы
26-бап. Телерадио бағдарламаларды жасаушы
Тармақ 1
1. Теле-, радиобағдарламаларды жасауға маманданған жеке немесе заңды тұлға телерадио хабарларының бағдарламаларын жасаушы болып табылады.
Тармақ 2
2. Телерадио бағдарламаларын жасаушылар және телерадиокомпаниялар арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
Бап 27. 27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
27-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату желілері байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті және спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату және трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналарын пайдалана отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық және өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.
Тармақ 3
3. Теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату және трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын тарату желілері, меншік нысанына қарамастан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тәртібін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 5
5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде халықты хабардар етуді теле-, радиокомпаниялар және телерадио хабарларын тарату операторлары меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кабельдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кабельдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.
Бап 28. 28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
28-бап. Ұлттық телерадио хабарларын таратудың мүдделерін қорғау
Тармақ 1
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалардың саны 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
Тармақ 2
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде, жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық шығармаларының және отандық радиобағдарламалардың саны:
Тармақша 1
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде қырық бес пайызды;
Тармақша 2
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу пайызды құрауға тиіс.
Бап 29. 29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау
29-бап. Балаларды теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде қорғау
Тармақ 1
1. Балаларға арналған теле-, радиобағдарламаларды тарату Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары шетелдік телеарналарды ретрансляциялау кезінде ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар арқылы балаларға тыйым салынған теле-, радиобағдарламаларды көруге қолжетімділікті шектеу жөніндегі шаралар қолдануға тиіс.
Бап 30. 30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау
30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау
Тармақ 1
1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі. Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес тіркеу рәсімінен өткен шетелдік телеарналарға қолданылмайды.
Бап 31. 31-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар
31-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теле-, радиоарналарды қалыптастырудың, трансляциялаудың, ретрансляциялаудың және (немесе) қабылдаудың техникалық құралдарының сәйкестігі расталуға жатады.
Тармақ 2
2. Өзге радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуілдер жасайтын және мәлімделген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін, телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын және беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Бап 32. 32-бап. Қосымша ақпаратты тарату
32-бап. Қосымша ақпаратты тарату
Тармақ 1
1. Қосымша ақпарат мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілікті және (немесе) эфир уақытын пайдалана отырып, негізгі бағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын әріптік, цифрлық, графикалық ақпаратты білдіреді.
Тармақ 2
2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
Бап 33. 33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру
33-бап. Теле-, радиоарналарда жарнаманы орналастыру Жарнаманы теле-, радиоарналарда, оның ішінде көпарналы хабарлар тарату арқылы ретрансляцияланатын теле-, радиоарналарда орналастыру "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 34. 34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау
34-бап. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялау
Тармақ 1
1. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау, егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иеленуші - теле-, радиокомпания арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мазмұнына өзгерістер енгізілместен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жарнаманы;
Тармақша 2
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
Тармақша 3
3) тек қана жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды) таратуға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ
5-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ
Бап 35. 35-бап. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату
35-бап. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату
Тармақ 1
1. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату сигналды өңдеудің аналогтік әдістерін пайдалана отырып, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Аналогтік эфирлік радиохабарларын тарату арқылы радиоарналарды тарату осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат және радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады.
Бап 36. 36-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату
36-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату
Тармақ 1
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бірегей сигналды цифрлау (жинау) әдісін пайдалана отырып, жер үстіндегі хабар беруші станциялар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаты және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
Бап 37. 37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату
37-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату
Тармақ 1
1. Спутниктік телерадио хабарларын тарату байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Спутниктік телерадио хабарларын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратуға арналған.
Тармақ 3
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаты және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 38. 38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату
38-бап. Кабельдік телерадио хабарларын тарату
Тармақ 1
1. Интернет жүйелеріне қолжетімділік қызметін көрсететін абоненттік желілерді қоспағанда, кабельдік телерадио хабарларын тарату кабельдік және эфирлік-кабельдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың кабельдік және эфирлік-кабельдік желілері арқылы таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кабельдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 15-бабына сәйкес берілген жиіліктер белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарналар құқық иелері арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары жүзеге асырады.
Бап 38-1. 38-1-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату
38-1-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату
Тармақ 1
1. Телекоммуникациялар желілерінде телерадио хабарларын тарату телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдарын және байланыс жолдарын пайдаланып теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бап 39. 39-бап. Дара спутниктік қабылдау
39-бап. Дара спутниктік қабылдау
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғалардың дара спутниктік қабылдауы одан әрі ретрансляциялау құқығынсыз жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Телевизиялық сигналдың дара спутниктік қабылдауын қамтамасыз ету үшін "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестігі растаудан өткен дара спутниктік қабылдау құрылғылары пайдаланылуға тиіс.
Бап 40. 40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі
40-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі
Тармақ 1
1. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі – бір үй және (немесе) бірнеше үй шегінде теле-, радиоарналарды қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені.
Тармақ 2
2. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кабельдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі және теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады.
Тармақ 3
3. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір үй шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі үйдің меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін бірнеше үйлер шегінде ұжымдық қабылдау жүйесі, егер осы үйлердің меншік иесі бір жеке немесе заңды тұлға болып табылса, орнатыла алады.
Тармақ 4
4. Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына әсер етпеуге тиіс.
Бап 40-1. 40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
40-1-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар ғана таратылады.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 41. 41-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
41-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық Телерадио хабарларын тарату саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 42. 42-бап. Өтпелі ережелер
42-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін аналогтік эфирлік телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру бойынша қызметпен айналысу үшін бұрын берілген лицензиялар және жиіліктер белдеуін, радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсаттар қолданылады. Бұл ретте теле-, радиокомпаниялар осы Заңның талаптарына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейінгі бір жыл ішінде телеарналарды есепке қоюды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер арқылы таратылатын телеарналар аталған жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы оларды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың телеарналар топтамасына міндетті түрде тегін қосады. Бұл теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейін аналогтік телерадио хабарларын тарату кезінде телеарналарға радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттар және телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар өз күшін тоқтатады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында теле-, радиохабарлар таратудың ұлттық операторы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатты конкурс өткізілместен алады.
Тармақ 7
7. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде есепке қоюды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде лицензиясын қайта ресімдеуге міндетті.
Тармақ 9
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі. Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
Тармақ 9-1
9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті. Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.
Тармақ 9-2
9-2. 2020 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.
Тармақ 10
10. 10-баптың 2-тармағының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бап 43. 43-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
43-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.