Об утверждении Правил оценки эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесін бекіту туралы Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асыру кезінде мемлекеттік және мемлекет тартқан, соның ішінде мемлекет кепілдігіндегі қаржылық қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалауға уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 968 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының құрамына кiретiн Жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрi - МИБ) құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалаудың объектiлерi мен элементтерiн бағалауды, ақпарат көздерін, нәтижелерiн жүзеге асырудың және пайдаланудың әдiстерi мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. МИБ құрамына кіретiн жобалардың тиiмдiлігiн бағалаудың мақсаты олар бойынша нақтыланған бастапқы деректердi қоса алғанда, iске асырылатын жобалардың сапасын жақсарту үшін, МИБ-ке мәлiмделетiн жаңа жобаларды талдау үшiн және МИБ басымдықтарын түзету үшiн, iске асырылатын және аяқталған жобаларды бағалау нәтижелерiн пайдалану жолымен МИБ-тi жетілдiру болып табылады. Бағалаудың нәтижелерi, сондай-ақ салалық және аймақтық стратегиялардың мақсаттарына түзету енгiзу үшiн де пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Ереже МИБ құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалауға уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган), сондай-ақ МИБ құрамына кiретiн жобалардың iске асырылуын және бұдан кейiнгi пайдаланылуын жүзеге асырушы, мемлекеттiк басқарудың орталық және жергілiктi органдарының және мемлекет кепілдігіндегi мемлекеттiк емес заемдар есебiнен іске асырылатын немесе iске асырылған жобалар жөнiндегi заемшылардың (бұдан әрi - атқарушы агенттiктер) қолдануы үшiн міндетті.
Тармақ 4
4. Жобаның тиімділігін бағалау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 қаулысымен бекітілген, МИБ-тi әзiрлеудiң және iске асырудың ережесiнде МИБ мiндеттерiнiң бiрi ретiнде айқындалған, МИБ жобаларының орындалуын бақылау жөнiнде жүйелi жұмысты ұйымдастыру талаптарынан туындады.
Тарау 2. 2-тарау. Бағалау объектiлерi және элементтерi
2-тарау. Бағалау объектiлерi және элементтерi
Тармақ 5
5. МИБ құрамына кіретiн және iске асыру аяқталғаннан кейiнгi (аяқталған жобалар) iске асыру кезеңiндегi (iске асырылып жатқан жобалар) және жұмыс iстеу кезеңiндегi жобалар осы Ережемен айқындалған, тиiмдiлікті бағалау объектiлерi болып табылады. Ереже дайындық кезеңiндегi жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға қолданылмайды. Мұндай бағалау уәкiлеттi орган бекiткен, МИБ құрамына мәлiмделетін Жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Iске асырылатын жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi нәтижелерi болып табылады; аяқталған жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi салдары мен ықпалы болып табылады.
Тармақ 7
7. Нәтижелер - жобаны немесе оның құрамдас бөлiктерін iске асыру барысында және iске асырудың аяқталуы сәтiнде қол жеткiзiлген, тiкелей материалдық немесе материалдық емес салдарлары. Нәтижелер жоспар-кестеде көрсетiлген, жоспарланған көрсеткiштермен салыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 8
8. Салдары - бұл аяқталған жобаның немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң нәтижелерiнен қоршаған ортада туындаған өзгерiстер. Салдары жобаның жоспарлау кезеңiнде жасалған және техникалық-экономикалық негiздемеде тұжырымдалған мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 9
9. Ықпалы - бұл аяқталған жобаның әлеуметтiк-экономикалық жағдайға әсерi. Iске асыру аяқталғаннан кейiн жұмыс iстеу кезеңiндегi жобаның немесе жобалар тобының салаға немесе аймаққа ықпалы шеңберiнде жобаның жоспарлануы және iске асырылуы жүзеге асырылған салалық немесе аймақтық стратегиялардың мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Тиiмдiлiк - бұл тиiсiнше iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлардың үлесiн бөлумен (талдаумен) нәтижелерiн, салдарларын және ықпалын жобаның жоспарланған көрсеткiштерiмен, мақсаттарымен және стратегиялардың мақсаттарымен салыстыру.
Тарау 3. 3-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi
3-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi
Тармақ 11
11. Мыналар тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi болып табылады: iске асырылатын жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба жөнiнде орындалған жұмыс туралы есебi; аяқталған жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс iстеу барысы туралы есебі.
Тармақ 12
12. Орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба жөнiнде орындалған жұмыс туралы жоспар-кесте және есеп беруiнiң нысаны, мазмұны және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 848 қаулысымен бекітілген, МИБ-тi iске асыру мониторингiн жүзеге асыру ережесiнде айқындалған.
Тармақ 13
13. Орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс істеу барысы туралы есебi қол жеткен нәтижелер, салдарлары мен ықпалы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, уәкiлеттi органның сұратуы бойынша берiледі және маркетинг, техникалық, әлеуметтiк, экологиялық, қаржы институциональдық және экономикалық бөлiмдер бойынша жоспарланған нақты деректердi салыстырудан тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Тиiмдiлiктi бағалау әдiстемесi
4-тарау. Тиiмдiлiктi бағалау әдiстемесi
Тармақ 14
14. Нәтижелердi бағалау кезiнде:
Тармақша 1
1) жобаның дайындау кезеңiнде жоспарланған және түзетілген жоспар-кестеде көрсетілген мынадай нақтылы өлшемдердің сәйкестiк дәрежесi белгiленедi: заттай алғандағы жұмыстар көлемi; iске асыру кезеңдерi; қаржы шығындары; жобалық қуаты;
Тармақша 2
2) қол жеткiзілген көрсеткiштердiң стандарттар талаптарына және жоспарлау кезеңiнде тұжырымдалған өзге де талаптарға сәйкестiк дәрежесi белгiленедi;
Тармақша 3
3) жоспарлау кезеңiнде қабылданған алғышарттардың (бастапқы деректердiң), сондай-ақ күтiлiп отырған ағымдағы шығындардың және оларды қаржыландыру көздерiнiң расталу дәрежесi белгiленедi;
Тармақша 4
4) iске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және iске асыруға қатысушы тараптардың iс-қимылдары бағаланады;
Тармақша 5
5) нәтижелер алуда iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi;
Тармақша 6
6) жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзудiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.
Тармақ 15
15. Салдарын бағалау кезiнде:
Тармақша 1
1) жобаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу деңгейі белгiленедi;
Тармақша 2
2) мақсаттарға қол жеткiзуде iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесінiң ара қатынасы белгiленедi;
Тармақша 3
3) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және жоспарлау кезеңiнде жасалған алғышарттарды растау деңгейiне талдау жасалады;
Тармақша 4
4) Жобаның жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзудiң тиiмділiгi туралы қорытынды жасалады.
Тармақ 16
16. Әсерiн бағалау кезінде:
Тармақша 1
1) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуде жобаның басқа жобалар қатарында үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi:
Тармақша 2
2) саладағы немесе аймақтағы мемлекеттiк инвестициялардың басымдықтарына түзету енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрленедi;
Тармақша 3
3) жоспарлау кезеңiнде жасалған (бастапқы деректер) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және алғы шарттардың растау дәрежесi талданады;
Тармақша 4
4) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзуде жоба үлесiнiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.
Тармақ 17
17. Бағалаудың барлық түрiн орындау кезiнде жаңа (келешек) және жұмыс iстеп тұрған жобаларды дайындау және iске асыруды және тұтастай МИБ-пен жұмысты жақсарту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалады.
Тарау 5. 5-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырудың және оның нәтижелерiн пайдаланудың тәртiбi
5-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырудың және оның нәтижелерiн пайдаланудың тәртiбi
Тармақ 18
18. Уәкiлеттi орган дербес немесе жобаны iске асыруға қатыспайтын тәуелсiз сарапшыларды және мемлекеттiк басқару органдарын тарта отырып, тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi туралы есеп жыл сайын жасалады және жаңа жобаларды талдау кезiнде пайдаланылатын, оларды iске асырудың жоспар-кестесiне қажеттi өзгерiстер енгiзу жолымен бағаланатын жобалардың сапасын жақсарту үшiн және алғышарттарды (бастапқы деректердi) түзету үшiн пайдаланылады. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлігiн бағалау нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ МИБ-тiң өткен кезеңдегi орындалуын талдауға қатысты. МИБ-тi талдау бөлiгінің бөлiмiн дайындау кезiнде пайдаланылады.
Тармақ 20
20. Аяқталған жобалардың тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы есеп әрбір жобаға қатысты оның ерекшеліктерін ескеріп орындаушы агенттікпен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген, жұмыс істеудің белгілі бір кезеңі өткеннен кейін жасалады. Аяқталған жобалардың тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы есеп МИБ басымдықтарын түзету үшін пайдаланылады және сондай-ақ, салалық және аймақтық стратегиялардың мақсаттарына түзету енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.