Об изменении границы поселка Бурабай Қолданыста
Басқа 0
Бурабай кентінің шекарасын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 47 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Щучье аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 8 маусымдағы № С-29/1 «Бурабай кентінің бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне, Бурабай кентінің әкімі енгізген 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 501 ұсынысы негізінде, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бурабай кентінің шекарасы өзгертілсін:
Бурабай кентінің жерлері 9,0000 гектарға кеңейтілсін.
Тармақ 2
2. Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі «Бурабай кенті және Зеленобор селолық округі Молбаза селосының шекараларын өзгерту туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі № а-7/333; 2011 жылғы 26 шілдедегі № С-34/1 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-207 тіркелген, 2011 жылғы 25 тамызда «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Бурабай ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ А-12/548 қаулысы мен
Бурабай ауданы мәслихатының
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-40/16 шешіміне қосымша
Бурабай кентінің шекаралары
бөлінетін учаске