Об образовании специализированных межрайонных судов по делам несовершеннолетних и внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3, 3-1-тармақтарына, 6-бабының 1, 2-тармақтарына, 18-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар;
Тармақша 2
2) Алматы облысының № 1 және № 2, Шығыс Қазақстан облысының № 1 және № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы Жарлыққа сәйкес құрылатын соттардың төрағалары мен судьяларының бос қызметтеріне кандидаттарды іріктеу жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдасын және тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат):
тақырыпта «, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 33 судьядан, оның ішінде:»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; 2011 ж., № 34, 408-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:» жолында «5579» деген цифрлар «5693» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)» жолында «5403» деген цифрлар «5517» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
«Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары» жолында «1653» деген цифрлар «1693» деген цифрлармен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.