О Фонде национального благосостояния Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жанама иелену – Қордың әрбір келесі ұйымының өзге ұйымның акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуі;
Тармақша 2
2) компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) Қордың даму жоспары – Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған, Қордың компанияларды басқару жөніндегі миссиясын, болжап көруін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
Тармақша 4
4) Қордың тобы – Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар. Қордың тобына: кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар; банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді;
Тармақша 5
5) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) – ұлттық басқарушы холдинг.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қордың тобына қолданылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге кіретін компанияларға қолданылмайды.
Бап 3. 3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері Қордың акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Бап 4. 4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қор қызметінің мақсаты Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Қордың міндеттері:
Тармақша 1
1) Қордың тобына кіретін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін арттыру;
Тармақша 2
2) Қордың тобына корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесін енгізу;
Тармақша 3
3) инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеуді және оларды Қордың тобына енгізуді ынталандыру, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға қатысу, Қордың тобына кіретін ұйымдардың инвестициялық белсенділігі үшін жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту;
Тармақша 5
5) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобалар әзірлеу және оларды іске асыру, Қазақстан экономикасын жаңғырту және әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың іске асыруының осы Заңда белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іске асыруға қатысу болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Қор қызметінің қағидаттары
5-бап. Қор қызметінің қағидаттары Қордың қызметі:
Тармақша 1
1) Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
Тармақша 2
2) Қордың және Қордың тобына кіретін басқа да ұйымдар қызметінің кірістілігі, тиімділігі, транспаренттілігі және есептілігі;
Тармақша 3
3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдік;
Тармақша 4
4) Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;
Тармақша 5
5) заңдылық қағидаттарына негізделеді.
Тарау 2. 2-тарау. ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2-тарау. ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 6. 6-бап. Қордың органдары
6-бап. Қордың органдары Қордың органдары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жалғыз акционер – жоғары орган;
Тармақша 2
2) директорлар кеңесі – басқару органы;
Тармақша 3
3) басқарма – атқарушы орган;
Тармақша 4
4) Қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар.
Бап 6-1. 6-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
6-1-бап. Қорды басқару жөніндегі кеңес
Бап 7. 7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
Тармақ 1
1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Тармақ 2
2. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне мынадай:
Тармақша 1
1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
Тармақша 2
2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
Тармақша 3
3) Қордың даму жоспарын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 4
4) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Тармақша 5
5) Қордың жария етілген акцияларының санын көбейту немесе Қордың орналастырылмаған жария етілген акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) Қордың директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 6-1
6-1) Қордың тәуелсіз директорларына сыйақылар мөлшері мен төлеу шарттарын айқындау;
Тармақша 7
7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 8
8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9
9) Қор басқармасының төрағасын тағайындау және қызметінен мерзімінен бұрын босату;
Тармақша 10
10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
Тармақша 11
11) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар орын ала бастаған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
Тармақша 12
12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау;
Тармақша 13
13) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың директорлар кеңесінің шешімін бекіту;
Тармақша 14
14) банктердің акцияларын иемдену және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 15
15) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту мәселелері;
Тармақша 15-1
15-1) Қордың директорлар кеңесінің қызметі туралы есепті қарау;
Тармақша 15-2
15-2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте қаржыландыру сомасын көрсете отырып, Қордың жобаларды қаржыландыруы туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 15-3
15-3) Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту;
Тармақша 16
16) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
Тармақ 3-1
Тармақ 4
4. Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және (немесе) Қордың жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке қаулы түрінде қабылдайды. Қордың жалғыз акционерінің шешімдер қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 8. 8-бап. Қордың директорлар кеңесі
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
Тармақ 1
1. Қордың директорлар кеңесі Қордың жалғыз акционері сайлайтын төраға мен мүшелерден тұрады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер:
Тармақша 1
1) Қордың іс-шаралар жоспарын бекіту;
Тармақша 2
2) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, оларға мониторинг жүргізу, олардың іске асырылуын бағалау, беру тәртібін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
Тармақша 3
3) Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау мен талдауды, іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Қордың іс-шаралар жоспары шеңберінде Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін айқындау;
Тармақша 5
5) Қордың жылдық бюджетін әзірлеу, бекіту, орындау және оған мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
Тармақша 6
6) Қордың жылдық бюджетін бекіту;
Тармақша 7
7) осы Заңмен тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім Қордың жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 8
8) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жария етілген акциялардың саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 9
9) акцияларды қоспағанда, орналастырылған бағалы қағаздарды Қордың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 10
10) Қордың саясаттарын: тәуекелдерді басқару, қайырымдылық көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік туралы, ақпаратты ашу, кредиттік, өнеркәсіптік және өзге де саясаттарын бекіту;
Тармақша 11
11) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін айқындау;
Тармақша 12
12) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасында көзделген мәселені қоспағанда, мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау;
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 15
15) Қордың директорлар кеңесі жанынан комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 16
16) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ Қор басқармасының төрағасын қоспағанда, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 17
17) басқарма төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын айқындау;
Тармақша 18
18) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылатын Қор тобына кіретін ұйымдар акцияларының бағасы, саны, орналастыру құрылымы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 20
20) Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту. Директорлар кеңесі бекітуге тиіс құжаттардың тізбесін ол дербес айқындайды;
Тармақша 21
21) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында жасалуының тәртібін айқындау;
Тармақша 22
22) Қордағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін бекіту;
Тармақша 23
23) Қорға тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы;
Тармақша 24
24) Қордың міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
Тармақша 25
25) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын сатып алуы (иеліктен шығаруы);
Тармақша 26
26) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір және одан да көп пайызы сомасына Қордың өзге де қарыз тартуы шарттарын айқындау;
Тармақша 27
Тармақша 28
28) Қордың директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;
Тармақша 29
29) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционерінің, басқармасының немесе басқарма төрағасының айрықша құзыретіне жататын шешімдерді қоспағанда, директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда көзделген шешімдерді қабылдау;
Тармақша 29-1
29-1) корпоративтік хатшыны тағайындау және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, корпоративтік хатшы өкілеттігінің мерзімін, корпоративтік хатшыға қойылатын талаптарды, оның функцияларын, қызмет тәртібін, корпоративтік хатшының лауазымдық айлықақысының мөлшерін және корпоративтік хатшыға сыйақы төлеу шарттарын айқындау;
Тармақша 29-2
29-2) Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін бекіту;
Тармақша 30
30) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағының 7) және 19) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.
Тармақ 4-1
4-1. Қордың директорлар кеңесінің шешімі негізінде осы баптың 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген саясаттар, Қор тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) Қор тікелей немесе жанама иелік ететін компанияларға не ұйымдарға қолданылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Қордың директорлар кеңесінің қызметін, оның ішінде директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін қалыптастыратын және Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама жіберетін корпоративтік хатшы және Қор қамтамасыз етеді.
Бап 9. 9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
Тармақ 1
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және Қордың директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қордың директорлар кеңесінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құрылуы мүмкін. Стратегиялық жоспарлау мәселелерін қарау үшін стратегия жөніндегі комитет құрылады, оның басшысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады. Егер Қор директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселе қандай да бір комитеттің өкілеттіктеріне кіретін жағдайда, ол тиісті мәселені міндетті түрде алдын ала қарайды және ол бойынша қорытынды дайындайды. Осы Заңның 14-бабында көзделген мамандандырылған комитет міндетті түрде құрылады.
Тармақ 2
2. Қордың директорлар кеңесінің комитеттері Қордың директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады. Қор басқармасының төрағасы Қордың директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
Тармақ 3
3. Қордың директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауының сапалық деңгейін арттыру мақсатында Қордың жылдық бюджеті шеңберінде директорлар кеңесі немесе оның комитеттері қарайтын мәселелер бойынша консультанттарды, оның ішінде халықаралық дәрежедегі консультанттарды тартуға арналған қаражат көзделуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қордың директорлар кеңесінің комитеттерін қалыптастыру мен олардың жұмыс тәртібі, олардың өкілеттіктері, сандық құрамы Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда белгіленеді.
Бап 10. 10-бап. Қор басқармасы
10-бап. Қор басқармасы
Тармақ 1
1. Қор басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де адамдардан тұрады.
Тармақ 2
2. Қор басқармасының айрықша құзыретіне мынадай:
Тармақша 1
1) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, сондай-ақ оларды өзгерту;
Тармақша 2
2) Қор акцияларына төлемге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
Тармақша 3
3) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционері немесе директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) жарғыға сәйкес, компанияның акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының, өзге органының немесе өзіне қатысты Қор акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 4
4) ұлттық компаниялардың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін келісу;
Тармақша 5
5) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толымдылығы мен мерзімдері бойынша іркіліс болуына жол бермеу жөнінде компанияларға қатысты жедел шаралар қолдану;
Тармақша 6
6) компанияларға қатысты (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақшаны басқару жөнінде біртұтас кадр саясатын, әлеуметтік және өзге де саясатты қалыптастыру;
Тармақша 6-1
6-1) Қор тобына кіретін ұйымдарды корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
Тармақша 7
7) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты әдістемелік ұсынымдар мен корпоративтік стандарттарды бекіту;
Тармақша 8
8) компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, оларды орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 9
9) дивидендтік саясатты және компаниялар үшін дивидендтер есептеу нормативтерін бекіту;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша Қордың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компаниялардың әкімшілік шығыстарының нормативтері мен лимиттерінің жекелеген түрлерін бекіту;
Тармақша 11
11) Қордың штат санын, штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту;
Тармақша 12
12) Қордың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 13
13) Қор басқармасы үшін ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қор басқармасының жанынан Қордың, компаниялардың қызметкерлерінен және өзге де адамдардан тұратын комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 14
14) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;
Тармақша 15
15) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығарудың және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қордың өзге де қарыз тарту шарттарын айқындау;
Тармақша 16
16) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көзделгендерді қоспағанда, Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
Тармақша 17
17) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес орталықтандырылған қызметтер құру;
Тармақша 18
18) жыл сайынғы негізде компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдау және Қордың директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептер беру;
Тармақша 18-1
18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету мәселелері;
Тармақша 19
19) осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында Қордың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер жатады.
Тармақ 2-1
2-1. Қор басқармасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген, олар бойынша шешімдерді Қордың басқарма төрағасы қабылдай алатын мәселелер тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындауға құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларында, 2-1-тармағында көрсетілген, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау мақсатында Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды.
Тармақ 4
4. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар Қор басқармасы төрағасының құзыретіне:
Тармақша 1
1) компанияларда және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге де заңды тұлғаларда тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 2
2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей (жедел) тапсырмалар беру;
Тармақша 3
3) өздеріне қатысты Қор жалғыз акционер немесе барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін тұлға, жалғыз қатысушы не заңды тұлғаның мүлкіне құқығы бар жалғыз тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту;
Тармақша 3-1
3-1) Қордың интернет-ресурсында орналастырылатын Қор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы жария есепті дайындау;
Тармақша 3-2
3-2) Қор қызметінің мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен және шетелдік инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізу;
Тармақша 4
4) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) Қор сенімгерлік басқаруға берген жағдайда осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген өкілеттіктерді Қор (оның органдары мен лауазымды адамдары) және сенімгерлік басқарушы іске асырмайды.
Бап 11. 11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
Тармақ 1
1. Қордың ішкі аудит қызметін Қордың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау саласында, тәуекелдерді басқару жүйесін, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды және Қор қызметін жетілдіру мақсатында консультация жасауды жүзеге асыру үшін Қордың директорлар кеңесі құрады.
Тармақ 2
2. Қордың ішкі аудит қызметі Қордың директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
Бап 11-1. 11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі
11-1-бап. Қордың Қоғамдық кеңесі Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қор мен Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялар қызметінің есептілігін және ашықтығын арттыру мақсатында Қор консультативтік-кеңесші орган – Қордың Қоғамдық кеңесін құрады. Қоғамдық бақылау «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. ҚОР ТОБЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3-тарау. ҚОР ТОБЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 12. 12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қорға оның қызметі мәселелері бойынша қоятын талаптарын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қамтиды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор акцияларының меншік иесі ретінде Қорды оның органдарының тиімді басқаруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету арқылы Қордың Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал етеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билік органдары жүйесін басқаратын алқалы орган ретінде, заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың жедел (ағымдағы) қызметіне араласпайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционердің осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында көзделген өкілеттіктерін іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің Қордың директорлар кеңесіндегі өкілдігі арқылы ғана Қорды басқаруды жүзеге асырады. Қорға жалпы басшылық жасауды және оның ағымдағы қызметіне басшылық жасауды өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын директорлар кеңесі және басқарма тиісінше жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы
13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар мен Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың арасындағы Қордың жалғыз акционері қызметінің, мемлекеттік органдар басшыларының Қордың директорлар кеңесіндегі мүшелігінің шеңберіндегі өзара іс-қимылға жатпайтын өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен реттеледі.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың қызметі туралы сұратылатын кез келген ақпарат беріледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қордың, Қордың тобына кіретін ұйымдардың жедел (ағымдағы) қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан араласуға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде тікелей көзделген есептілікті қоспағанда, Қордың және Қор тобына кіретін ұйымдардың мемлекеттік органдарға есептілік ұсынуы Қордың интернет-ресурсына тиісті ақпаратты орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысанын және орналастыру кезеңділігін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Бап 14. 14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі
14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі
Тармақ 1
1. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін кешенді және объективті талдау (бұдан әрі – талдау), олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, республикалық бюджеттің қаражатын, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға байланысты мәселелерді қоспағанда, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің тұрақты мүшесі – дауыс беру құқығы бар сарапшы болып табылады, ол Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгілеген мәселелер қойылатын талдаудың міндетті түрде жүргізілуіне бастамашылық жасайды. Қордың тобына кіретін ұйымдарға жүргізілген сыртқы аудиттің нәтижелері Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылады.
Тармақ 3
3. Директорлар кеңесі басқарма төрағасына құрамына Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының өкілі кіретін талдау жүргізу жөніндегі тексеру тобын құруға не Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.
Тармақ 4
4. Қордың тобына кіретін ұйымды талдаудың нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылатын актімен ресімделеді.
Тармақ 5
5. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде, Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қолданады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, Қордың директорлар кеңесінің жанындағы мамандандырылған комитеттің жұмысы барысында алынған ақпаратты өз қызметінде пайдалануға құқылы.
Бап 15. 15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатыса алады.
Тармақ 2
2. Қордың немесе Қордың тобына кіретін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасайтын рентабельділігі төмен болып табылатын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда толық немесе ішінара бюджеттік қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 3
3. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Бап 16. 16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары
16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарлары
Тармақ 1
1. Қордың даму жоспары Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, он жылға әзірленеді.
Тармақ 2
2. Даму жоспарын іске асыру мақсатында Қордың бес жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қордың іс-шаралар жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен оның мазмұнына қойылатын ең төменгі талаптардың негізінде Қордың директорлар кеңесі айқындайды. Компаниялар өз қызметінің саласы шегінде Қордың даму жоспарын әзірлеуге тартылады.
Тармақ 3
3. Компанияларда Қордың даму жоспары негізінде компаниялардың он жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді. Компанияның даму жоспарын оның директорлар кеңесі бекітеді. Компаниялардың директорлар кеңестері өздерінің даму жоспарларын іске асыру мақсатында бес жыл мерзімге әзірленетін іс-шаралар жоспарларын бекітеді.
Бап 17. 17-бап. Қордың тобындағы басқару қағидаттары
17-бап. Қордың тобындағы басқару қағидаттары
Тармақ 1
1. Қордың тобындағы басқару корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесіне сәйкес және мынадай қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) компаниялар активтерінің нарықтық құнын ұлғайту;
Тармақша 2
2) корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігі;
Тармақша 3
3) дивидендтік саясаттың тиімділігі;
Тармақша 4
4) ақпаратты ашу және ашықтық.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОР ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4-тарау. ҚОР ТОБЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бап 18. 18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері
18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қордың мынадай ерекше өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы;
Тармақша 2
2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын иемденуге құқығы бар.
Тармақ 2
2.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет Қор, ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеленудің басым құқығына ие болады.
Тармақ 1
Бап 19. 19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 20. 20-бап. Ақшаны басқару
20-бап. Ақшаны басқару
Тармақ 1
1. Қордың және барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқару жөніндегі Қордың директорлар кеңесі бекітетін бірыңғай саясатты Қор іске асырады.
Тармақ 2
2. Қордың тобына кіретін ұйымдар өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың тобына кіретін ұйымдарға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кредиттерді (қарыздарды) беру тәртібі мен шарттары Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі кредит саясатында айқындалады.
Тармақ 4
4. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қордың директорлар кеңесі бекітетін, қайырымдылық көмек көрсету мөлшерінің лимиті көзделетін қайырымдылық бағдарламасына сәйкес қайырымдылық көмек көрсете алады.
Тармақ 5
5. Жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.
Бап 21. 21-бап. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер
21-бап. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында олар қолданылмай, Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жасалады.
Бап 22. 22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі
22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын иемденудің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртібі Қорға немесе дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі, Қордың тобына кіретін ұйым қоғамның қалған акционерлерінен өздеріне тиесілі осы қоғамның дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы. Басқа акционерлерге тиесілі дауыс беретін акцияларды сату туралы мұндай талап қоғамның дауыс беретін акцияларының барлық түріне қатысты мәлімделуі мүмкін. Акционерлерге тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын сату туралы оларға қойылатын талапта аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (тұрған жерін), оған (оларға) тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және қоғамның дауыс беретін акцияларын иемденудің осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Акционерлік қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. Қалған акционерлер өздеріне тиесілі қоғам акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап орналастырылған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті. Акционерлердің осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде қоғам акцияларымен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы талап қойылған күнге төменде келтірілгендерден ең жоғары баға ретінде айқындалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты: нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы; не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты: Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған акциялардың нарықтық бағасы; не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларын осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, иемденудің ұсынылған бағасы бойынша төлеуге міндетті. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде өзекті деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, иемденген қоғам акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
Бап 23. 23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтату
23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтату
Тармақ 1
1. Мемлекеттік меншіктегі мүлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге беріледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік меншіктегі мүлік Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қор меншігінде тұрған басқа мүлікке айырбастау арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне берілуі мүмкін.
Бап 24. 24-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдарды басқару
24-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдарды басқару
Тармақ 1
1. Қордың тобында ішкі аудиттің бірыңғай орталықтандырылған қызметтері, сондай-ақ Қорға және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қызметті жүзеге асыратын Қордың орталықтандырылған қауіпсіздік қызметі құрылуы мүмкін. Ішкі аудиттің орталықтандырылған қызметін, орталықтандырылған қауіпсіздік қызметін құру туралы шешімді Қор басқармасы қабылдауы мүмкін.
Тармақ 2
2. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне кіретін мәселелер осындай компанияның директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:
Тармақша 1
1) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту;
Тармақша 2
2) ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Тармақша 3
3) директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 4
4) директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау;
Тармақша 5
5) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою мәселелері қосылмайды.
Тармақ 3
3. Барлық дауыс беретін акциялары Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі компанияның жарғысында "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне кіретін мәселелер көрсетілген компанияның атқарушы органының құзыретіне жатқызылуы мүмкін, оған мынадай:
Тармақша 1
1) қызметтің басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 2
2) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жарияланған акциялар шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) қоғамның орналастырылған акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау;
Тармақша 4
4) атқарушы органның сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 5
5) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық жалақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы мен сыйлықақы төлеудің шарттарын айқындау;
Тармақша 6
6) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен шарттарын айқындау;
Тармақша 7
7) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін және оған сыйақы беру шарттарын айқындау мәселелері қосылмайды.
Тармақ 4
4. Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан аз болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компания басқармасы қабылдайды. Нәтижесінде құны ұлттық компания активтері құнының жалпы мөлшерінің бір және одан аз пайызы болатын мүлікті ұлттық компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасуы туралы мәселе дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік құқығымен Қорға тиесілі ұлттық компанияның жарғысымен ұлттық компанияның атқарушы органы басшысының құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Осы Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды, қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілердің Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңестерінің немесе байқау кеңестерінің құрамдарына кіруіне тыйым салынады.
Бап 24-1. 24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру
24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру
Тармақ 1
1. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру тәртібін Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
Тармақ 2
2. Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар активтерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 3
3. Активтерді бәсекелес ортаға беру екі кезеңдік ашық конкурс, тікелей атаулы сату, электрондық конкурс, аукцион тәсілдерімен, қор биржасында, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады және:
Тармақша 1
1) әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оларды иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін активтер бойынша тәуелсіз консультанттарды тарта отырып жүргізіледі. Мұндай активтерді өткізу тәсілін Қордың директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тәуелсіз консультанттардың ұсыныстары негізінде айқындайды;
Тармақша 2
2) өзге де активтер бойынша – осы баптың 1-тармағында көзделген, Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Аукцион қандай құнның ең жоғары болатынына байланысты баланстық не бағалау құны мөлшерінде сатушы айқындайтын бастапқы баға мөлшерінде бастапқы бағаны белгілей отырып, бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Бағаны төмендетуге арналған әдіс қолданылатын аукционда сатуға жол берілмейді. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес айқындалған алғашқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады. Әрбір кейінгі сауда-саттық жиырма жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Осы баптың 1-тармағында көзделген заңды тұлғалардың аукцион тәсілімен активтерді өткізуі мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүзеге асырылады.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген активтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жатады.
Тармақ 10
10. Осы баптың 1-тармағында көзделген заңды тұлғалардың активтерін тікелей атаулы сату тәртібін Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 25. 25-бап. Қордың және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
25-бап. Қордың және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі Қор, Қордың тобына кіретін өзге де ұйымдар және олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздерде жауапты болады.
Бап 26. 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат) күші жойылды деп танылсын.