О ходе выполнения Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімнің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты. Облыста «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындауда, жастарды белсенді қоғамдық саяси қызметке тартуда, жастар кәсіпкерлігін дамытуда, жасөспірімдер мен бойжеткендердің демалысын ұйымдастыруда, дарынды жастарды қолдауда біршама жұмыс жүргізіліп отырғанын облыстық Мәслихат атап өтеді. Облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі, жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі облыстық комитет 1997 жылы мемлекеттік жастар саясатын Ақтөбе облысында жүзеге асыру жөніндегі бағдарламасы дайындады, ол белгіленген мерзімде орындалуда. Биылғы жылдың 27-28 маусым күндері жастар мен студенттердің бірінші облыстық «Жас дәурен-97» фестивалі өткізілді. Ұлтаралық келісім және саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы шеңберінде болгарлардың Ақтөбе жерінде тұрғанына 90 жыл және корейлердің Қазақстанға қоныс аударғанына 60 жыл толуына арналған шаралар өтті. 17 елден келген 23 жас спортшының қатысуымен Ақтөбе қаласында өткен жастар меп жасөспірімдер арасындағы самбодан әлем чемпионаты халықаралық спорттық маңызы бар оқиға болды. Мектеп жасындағы балаларды 1997-1998 оқу жылында оқуға қамту жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді. 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 666 оқушылар үнемі оқуға бармай жүрген. Атқарушы органдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде балалардың көпшілігі мектепке қайтарылды. Аудандар және Ақтөбе қаласы әкімдері бұл мәселені бақылауға алуда. Қазіргі кезде мектепке бармай жүрген балалардың 50 пайыздан астамы оқумен қамтылды. Әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай жүрген балаларға материалдық қолдау көрсету үшін жергілікті жерлерде демеушілердің есебінен қорлар құрылуда. Жастарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру, жастар отбасын нығайту, аналары мен балаларды қорғау және басқа да бағыттар бойынша шаралар қабылдануда. Дегенмен, облыстық Мәслихат облыстағы мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындар, мекемелер мен оқу орындары басшыларының жұмыс жасау деңгейі аталған заңның талаптарына сай келмейді деп есептейді. Соңғы үш жылдағы экономикалық реформаларды сараптау көрсеткеніндей, жұмыссыз жастардың, саны кобеюде. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста ресми түрде тіркелген жұмыссыз жас азаматтардың саны 4496 адам құрады. Жұмыс сұрап келгеп жастардың еңбекпен қамтылуы өткен жылмен салыстырғанда 18 пайыз құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 6,3 пайызға төмен. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі әсіресе Байғанин, Шалқар және Әйтеке би аудандарында жоғары. Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырма өсіп барады. Оқу орындарының кейбір жатақханаларында студенттер мен оқушыларға қажетті баспана-тұрмыстық жағдайлар жасалмаған, олардың мәдени демалысы ұйымдастырылмаған. Жастар мен кәмілетке толмағандардың арасындағы қылмыскерлер жоғары деңгейде қалып отыр. Жастардың демалысын ұйымдастыру жөніндегі ақысыз қызметтер іс жүзінде қалған жоқ, балалардың аулалық және спорттық клубтары жабылды, соның салдарынан дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатындардың саны күрт азайып кетті. Жасөспірімдердің әскери өмірге денсаулығы, моральдік-психологиялық дайындығы нашар болғандықтан, кейбір әскер қатарына шақырылушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі босаңсуынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында борыштарын өтеуге теріс көзқарас, әскерден қашу әрекеттері байқалады. Облыста мәдениеттің коммерциялану тенденциясы күшеюде. Бірқатар мәдени мекемелер көркемдік деңгейіне назар аудармастан коммерциялық фильмдер мен концерттерге басымдық бере бастады. Бұл тұрғындардың, ең алдымен балалар мен жасөспірімдердің рухани саулығына теріс ықпалын тигізуде. Еліміздің Президепті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің стратегиялық дамуының басты бағыттарының бірі ретінде жастармен және өскелең ұрпақпен жүмыс жасауды анықтағандығын ескере отырып, облыстык, Мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік басқарудың облыстық, аудандық, Ақтөбе қалалық атқару органдары, қалалық, аудандық мәслихаттар «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Занды, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған білім беру және жастар саясатып орындауға бағытталған шараларды бірте-бірте жүзеге асырсын. Жастар ұйымдары мен оқу орындарының қоғамды қазіргі кезеңде жаңарту және интеллектуалдандырудағы орнын арттыруға белсенді ықпал етсін. Аймақтардың жергілікті ерекшеліктерін есепке ала отырып, жастар арасындағы жағдайды терең және тұрақты түрде сараптасын. Жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға қатысты барлық мәселелерді басты назарда ұстауға, еңбекпен қамтуды ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіби дайындау және қайта дайындауға, жұмыссыздықты азайтуға ұмтылсын Жастар кәсіпкерлігіне ұдайы қолдау көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі облыстық комитет және облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жасаған мемлекеттік жастар саясатын Ақтөбе облысында жүзеге асыру жоніндегі бағдарлама мақұлдансын. Ақтөбе қаласы және аудан өкімдеріне жастар ісі жөніндегі комитеттерді құрылымдық және материалдық-техникалық тұрғыдан нығайту мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылсын. Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс. жүйесін жетілдіру, оны қазіргі заманға сай мазмұнмен және талаптармен толықтыру мақсатында жастардың айтарлықтай бөлігі еңбек ететін немесе оқитын еңбек ұжымдары меп оқу орындарында меншік иелігіне қарамастан жастармен жұмыс істейтін орынбасарлар немесе ұйымдастырушылардың қызметі енгізілуі қаралсын. Жастар қорларын құру жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қоргау жөніндегі облыстық басқармаға (Ә. М. Ермұханов) тұрғындарды еңбекпен қамту жөніндегі облыстық басқарма жағынан шаруашылық есеп және ішінара қаржыландыру негізінде жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету қаралсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ә. Қ. Мантаев) жастарға, әсіресе жас апалар мен олардың балаларына, студенттер мен оқушыларға дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған шаралар дайындасын. Зиянды әдеттерді жою жөнінде және денешынықтыру мен спортпен айналысу кажеттілігі туралы түсініктеме жұмыстарын кеңінен жүргізсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық әкери комиссариат (Қ. А. Сатенов) әскерге шақырылған және шақырылатын жастар арасында әскери-отаншылдық жұмысын жүргізуге, салауатты өмір салтына, денсаулықты жетілдіруге, тәнге және психологиялық түсетін зор салмақты көтере білуге тәрбиелеуге ерекше назар аударатын болсын. Әскерге шақыру барысында орын алған кемшіліктер жойылсын, білім, медицина және ішкі істер органдарымен ынтымақтаса отырып жұмыс жүргізілсін.
Тармақ 6
6. ІшкІ істер басқармасы (С. Л. Есімов) жастар арасындағы құқық тәртібін бұзушылықғын алдып-алу және ескеріліу бағытталған мақсатты жұмыс жүргізсін. «Ақтөбе облысындағы жаппай құқықтық оқытуды түбегейлі жақсартудың жағдайы және шаралары туралы» облыс әкІмінің шешімін басшылыққа алып, әділет басқармасмен бірлесе тырыи, жастар арасында құқықтық пасихат ұйымдастырылсші. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес салауатты өмір салты насихатталсын, алкогольдік және темекі өнімдерін жарпнамалауға тыйым салынып, оларды балалар мен жасөспірімдерге сату тоқтатылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық білім мәдениет басқармалары (А. А. Құдайбергенов, Е. Ж. Құрманбеков), жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі облыстық комитет (Л. П. Лобах) жалпы білім беретін және кәсіби мектептерді реформалауды жүзеге асыру жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін, оку орындарының, мәдени және спорттық мекемелердің жағдайын түбегейлі түрде жақсартсын. Балалардың мектепке баруын қамтамасыз ету үшін толық шаралар қабылдансын. Жастарды саяси және имандылық тұрғыда тәрбиелейтін орталықтар ретінде жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедраларымен өзара ынтымақтастықты күшейтсін.
Тармақ 8
8. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары студенттерді «Әлеуметтік тұрғыдан қорғауды күшейтуге, оқуға және мазмұнды демалысқа қажетті жағдай туғызуға бағытталған жұмыс жүргізсін. Олардың материалдық қамтамассыз етілуіне және білімді сәтті алып шығуына мүдделілігі арттырылсын.
Тармақ 9
9. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттар идеологиялық жұмыста жастар арасындағы коғамдық пікірді зерттеуге, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік процесстерді сараптауға, Президенттің Халыққа Жолдауындағы адамдарды толғандыратын басты қағидаларды түсіндіруге, қаладағы, аудандағы, облыстағы, республикадағы жағдай туралы шынайы ақпаратты тұрғындарға жеткізуге мән беретін болсын.
Тармақ 10
10. Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі облыстық комитет облыстық Мәслихаттың аппаратымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметіне мынадай ұсыныстар даярласын және енгізсін: - Жастар ісі жөніндегі республикалық мемлекеттік комитет және олардың облыстар мен аудандардағы ұйымдарын құру, бұл ұғымды спортпен және туризммен араластырмау туралы; - «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның жастарға жеңілдіктер мен несиелер беру жөніндегі бөлігінің толық немесе ішінара тоқтатылған баптарын күшіне қайта енгізу туралы.
Тармақ 11
11. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакцияларына, облтелерадиокомпанияға «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды жүзеге асыру жөнінде тұрақты хабарлар, материалдар шығару ұсынылсын, жастардың Қазақстан Республикасының толық құқылы азаматтары ретінде қалыптасуын көрсетсін.