О специальных государственных органах Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;
Тармақша 2
2) арнайы жиындар – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 3
3) арнаулы атақ – қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;
Тармақша 3-1
3-1) әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
Тармақша 4
4) арнаулы киім нысаны – қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;
Тармақша 5
5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 6
6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi;
Тармақша 7
7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі – кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі;
Тармақша 8
8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу – арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі;
Тармақша 9
9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі – запас) – қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер;
Тармақша 9-1
9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;
Тармақша 10
10) Жоғары аттестаттау комиссиясы – арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 11
11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
Тармақша 12
12) қолданыстағы резерв – арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;
Тармақша 13
13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;
Тармақша 13-1
13-1) магистранттар және докторанттар – әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;
Тармақша 14
14) отставка – қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шектi жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастай отырып, қызметтен шығару;
Тармақша 15
15) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі;
Тармақша 16
16) психофизиологиялық куәландыру – арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 16-1
16-1) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
Тармақша 17
17) уәкілетті басшы – осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам;
Тармақша 18
18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар.
Бап 2. 2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі
2-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізі
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар
3-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жатады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Бап 4. 4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері
4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері
Арнаулы мемлекеттік органдарға негізгі міндеттер заңмен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктеледі.
Бап 5. 5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары
5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау мiндеттiлiгi;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi ұйымдастыруға көзқарастардың бiртұтастығы;
Тармақша 3
3) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
Тармақша 4
4) қызметтің жария және жария емес әдістері мен құралдарының ұштасуы;
Тармақша 5
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болу;
Тармақша 6
6) құпиялық және жасырындылық негізінде жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
6-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi барлық қызметкерлерге қолданылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының əскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) жəне 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес қызмет өткереді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 34 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер осы Заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес әскери қызмет өткереді.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттік саяси қызметшiлерге қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ
2-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ
Бап 7. 7-бап. Қызметке қабылдау шарттары
7-бап. Қызметке қабылдау шарттары
1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жасы он сегiзге толған, бірақ осы Заңда белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсiби қасиеттерi, бiлiм деңгейi, денсаулық жағдайы мен дене бiтiмiнiң даму жағдайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Жедел бөлімшелерге қызметке жасы 23-тен кіші емес азаматтар (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) қабылданады.
Бөлімшелерді жедел және оған теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді.
2. Қызметке:
1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;
3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
5) қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, қызметке тұрар алдындағы алты жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты
алты жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін
алты жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған;
9) бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші теріс себептермен қызметтен шығару және өкілеттігін тоқтату бөлігінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін бес жыл өткен соң арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге құқылы;
Тармақша 10
10) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi немесе зайыбы (жұбайы) және оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
Тармақша 11
11) ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi не зайыбы (жұбайы) немесе оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, немерелерi ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;
12) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.
Арнаулы мемлекеттік орган кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы.
3. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын айқындау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 4
5. Əскери немесе құқық қорғау қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметті өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде əскери немесе құқық қорғау қызметінен не арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке жəне заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі. Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.
Бап 8. 8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау
8-бап. Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды тексеруді арнаулы мемлекеттік органдардың кадр және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.
Қызметке кандидаттарды іріктеу және қабылдау іс-шараларын ұйымдастыруды, өткізу тәртібін және әдістемесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 2
2. Қажетті құжаттардың тізбесін, оларды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімдерін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 3
3. Қызметке кандидат білім деңгейі, жұмыс тәжірибесі, дене бітімі дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға сай болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Кәсіби-психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары жүргізеді. Бұл ретте кандидаттың жеке, тұлғалық, кәсіби сипаттамаларының арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі айқындалады.
Тармақ 6
6. Кандидаттың келісімшарт бойынша қызметке тұру үшін белгіленген талаптарға сай келетін құжаттарын құрылымдық, аумақтық және өзге де бөлімшелер бағалау үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.
Қажет болған жағдайда, кандидат кәсіби жарамдылығын тексеру үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға шақырылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылдау, әдетте, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысу үшін келген азаматтың кандидатурасын құрылуы мен жұмыс тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын конкурстық комиссия қарастырады.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысы келіп түскен кезде уәкілетті басшы кандидатпен келісімшарт жасасады, қажетті материалдарды ресімдейді және оларды жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшін тиісті арнаулы мемлекеттік органға жібереді.
Тармақ 10
10. Тиісті арнаулы мемлекеттік орган конкурс нәтижелері туралы құжаттарды алғаннан кейін іріктеліп алынған кандидаттарға қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы жеке құрам бойынша екі ай ішінде бұйрық шығарады.
Тармақ 11
11. Арнаулы мемлекеттік органдарға офицерлік құрамдағы адамдарды қызметке қабылдау арнаулы мемлекеттік органдар басшыларының бұйрықтарымен ресімделеді.
Тармақ 12
12. Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды тұлғалар осы Заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Тармақ 13
13. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін адамдар қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді.
Тармақ 14
14. Курсанттарды, тыңдаушыларды қоса алғанда, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің лауазымына тағайындалған немесе кадрына қабылданған әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен әскери есептен алынады және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебіне қойылады, олардың тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Бап 9. 9-бап. Келісімшарт
9-бап. Келісімшарт
Тармақ 1
1. Келісiмшартты Қазақстан Республикасының азаматы уәкілеттi басшымен жасасады.
Тармақ 2
2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тараптың арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:
Тармақша 1
1) мерзiмінің аяқталуы бойынша;
Тармақша 2
2) қызметкердің мерзiмiнен бұрын қызметтен шығарылуына байланысты;
Тармақша 3
3) басқа келiсiмшартты жасасқан күннен бастап;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
Тармақ 3
3. Келісiмшартта азаматтың қызметке тұруының ерiктілiгi, азаматтың қызметті өткеруге мiндеттенетін мерзiмi мен келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
Тармақ 4
4. Келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру мiндетiн қамтиды. Келiсiмшарттың талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, оның құқықтарының сақталуын көздейтін нормалар қамтылады.
Тармақ 5
5. Лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған қызметкерлер келісiмшарт жасаспастан тиiстi лауазымдағы қызметтi өткередi.
Аталған қызметкерлер лауазымынан босатылғаннан кейiн қызмет өткеру туралы жаңа келісiмшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.
Тармақ 6
6. Келiсiмшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбi осы Заңмен және арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актiлерімен айқындалады.
Тармақ 7
7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:
Тармақша 1
1) үш жылға;
Тармақша 2
2) бес жылға;
Тармақша 3
3) он жылға;
Тармақша 4
4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
Тармақша 5
5) курсанттар, тыңдаушылар үшін – әскери, арнаулы оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;
Тармақша 6
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін – әскери, арнаулы оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.
Қызметкер жүктілікке жəне баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тəртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.
Бап 10. 10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу
10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу, қабылдау жəне жіберу
Тармақ 1
1. Әскери, арнаулы оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:
Тармақша 1
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;
əскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жəне əскерге шақыру бойынша мерзімді əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;
Тармақша 2
2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, əскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;
Тармақша 3
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен əскери қызметшілердің құқығы бар.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорғаныс университетіне кадр органдарының жіберуі бойынша оқуға түсуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдау тəртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейді.
Тармақ 4
4. Халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу жəне жіберу тəртібі арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Курсанттың, тыңдаушының қызметтік міндеттерді атқарудың басталуы болып олардың әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған күні есептеледі.
Тармақ 6
6. Əскери қызмет өткермеген азаматтар әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызметкерлер мəртебесiне ие болады жəне олар он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ кемiнде бiрiншi курсты бітірген соң келiсімшарт жасасады.
Тармақ 7
7. Қызметкерлер әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған не шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде жаңа келiсімшарт жасасады.
Тармақ 8
8. Əскери қызмет өткерген, сондай-ақ келісімшарт, əскерге шақыру бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген азаматтар әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап келiсімшарт жасасады.
Тармақ 9
9. Әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға түскен немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген азаматтар оқу мерзіміне жəне сонымен бір мезгілде оқуды бітіргеннен кейін қызметкерлер лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
Тармақ 10
10. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың жəне арнаулы мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді жəне оқуды бітіргеннен кейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті одан əрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді.
Тармақ 11
11. Осы Заңда белгiленген тəртiппен келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберуге жатады.
Тармақ 12
12. Әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген
азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.
Бұл ретте үлгермеушілігі үшін, өз бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына және келісімшарт жасасудан бас тартуына байланысты оқудан шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты шығарып жіберілген, теріс себептермен шығарылған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Оқытуға кететін шығындар сомасы келісімшартта жəне (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.
Тармақ 13
13. Қызметкер әскери, арнаулы оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан жəне осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 5), 6), 12-1) жəне 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекетке өтеуге міндеттi.
Өтеуге жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін əрбір толық өткермеген айға пропорционалды түрде есептеледі.
Тармақ 14
14. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта (келісімшартта), егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тараптардың ұлттық заңнамасына сəйкес білім алушылар үшін көзделген тараптардың (орындаушының жəне тапсырыс берушінің) өзара міндеттемелері мен құқықтары, қызметкерлердің құқықтарымен міндеттері, оқуға ақы төлеу мөлшері мен тəртібі, оқу мерзімдері жəне тұру жағдайлары, оқыту, ақшалай, заттай жəне өзге де ризықпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету жəне сақтандыру мəселелері белгіленеді.
Бап 11. 11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар
11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар
Қызметкерлердің лаузымдарына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін арнаулы мемлекеттік орган лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына қарай тиісті орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
Бап 12. 12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Тармақ 1
1. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Бап 13. 13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы
13-бап. Қызметкерлердің ант қабылдауы
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған, бұрын әскери ант немесе қызметкердің антын қабылдамаған адамдар;
Тармақша 2
2) бұрын әскери ант немесе қызметкердің антын қабылдамаған курсанттар, тыңдаушылар;
Тармақша 3
3) бұған дейiн қандай да бiр себептер бойынша әскери ант немесе қызметкердің антын қабылдамаған арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары ант қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қызметкерлер антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 3
3. Қызметкерлердің антты уақтылы қабылдауына жауаптылық, оны қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен кадр аппараттарына жүктеледі.
Бап 14. 14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдарды кәсіптік бейімдеу
14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдарды кәсіптік бейімдеу
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұрған адамдар бөлімшенің жедел-қызметтік әрекеттеріне бейімделуден өтеді.
Тармақ 2
2. Бейімдеу жөніндегі жұмыс қызметкерлерді атқаратын лауазым талаптарына, жүктелген міндеттерді сапалы орындауға тезірек араластыру, олардың бойында қажетті кәсіптік қасиеттерді тиімді қалыптастыру және арнаулы мемлекеттік органдардың құндылықтары мен корпоративтік мәдениет нормаларын игеруі мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қызметкерлерді кәсіптік бейімдеу жөніндегі жұмыс жоспарлы негізде жүргізіледі және тәлімгерлік жұмысты да қамтитын дамыту іс-шаралары кешенінен тұрады.
Қызметкерлерді бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бап 15. 15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi
15-бап. Қызметкерлердiң мәртебесi және олардың құқықтық кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Қызметкерлер мемлекеттiк билiктiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Қызметкердің мәртебесіне азамат қызметке тұрған күннен бастап ие болады және қызметтен босатылуына байланысты арнаулы мемлекеттік орган жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап одан айырылады.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген талаптарын (бұдан әрi – заңды талаптар) барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Қызметкерлер өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның басшысына, тiкелей және уәкiлеттi басшыларға ғана бағынады.
Тармақ 4
4. Қызметкерлердiң қызметiне, оған Қазақстан Республикасының заңдарымен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қызметкерлердiң қызметiне құқыққа қарсы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарын ғана басшылыққа алуға мiндеттi.
Басшыларға қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен өкімдер беруге тыйым салынады.
Жауынгерлік іс-қимылдарынан, төтенше жағдайлар ахуалында тапсырмаларды орындаудан, сондай-ақ жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын өткізуден басқа жағдайларда, бұйрықтар тек қана жазбаша түрде беріледі.
Тармақ 6
6. Қызметкерлердің өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Қабылданған шешімдерді және (немесе) нұсқауларды қызметкерлердің назарына жеткізу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдардың ішкі қызмет жарғысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 16. 16-бап. Міндеттерді атқару
16-бап. Міндеттерді атқару
Тармақ 1
1. Қызметкерлер:
Тармақша 1
1) лауазымдық мiндеттер атқарған;
Тармақша 2
2) жауынгерлік iс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайлар ахуалында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында мiндеттер атқарған;
Тармақша 3
3) бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегі бiтiмгершілік операцияларына қатысқан;
Тармақша 4
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жоюға қатысқан;
Тармақша 5
5) оқу-жаттығуларға қатысқан;
Тармақша 6
6) егер бұл қызметтік қажеттiлiктен туындаса, күн тәртiбiне белгіленген қызмет уақыты iшiнде немесе басқа да уақытта қызметтік объектілердің аумағында, сондай-ақ өзге де орындарда болған;
Тармақша 7
7) қызметтiк iссапарда болған;
Тармақша 8
8) қызметте, қызмет орнына бару және керi қайту жолында болған;
Тармақша 9
9) емдеуде немесе медициналық тексеруде (куәландыруда), емдеу немесе медициналық тексеру (куәландыру) орнына бару және керi қайту жолында болған;
Тармақша 10
10) арнайы жиындардан өткен;
Тармақша 11
11) тұтқында, кепiлге алыну немесе еркiнен айрылу жағдайында болған;
Тармақша 12
12) жеке адамның өмiрiн, денсаулығын қорғаған;
Тармақша 13
13) адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғау, құқық тәртібiн сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
Тармақша 14
14) сот жеке адам, қоғам, мемлекет мүдделерiнде жасалған деп таныған өзге де iс-әрекеттер жасаған жағдайларда, қызметтік мiндеттерiн атқарушы болып есептеледі.
Бап 17. 17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары
17-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты құқықтары
Тармақ 1
1. Қызметкерлердiң:
Тармақша 1
1) лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпараттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен алуға;
Тармақша 2
2) өздерiнiң құқықтары мен лауазымдық мiндеттерiн айқындайтын құжаттармен танысуға;
Тармақша 3
3) лауазымдық мiндеттерiн атқарумен байланысты мемлекеттiк органдарға, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға белгiленген тәртiппен кiрiп-шығуға;
Тармақша 4
4) егер лауазымдық мiндеттерiн орындау мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдаланумен байланысты болса, белгiленген тәртiппен осындай мәлiметтерге қол жеткiзуге;
Тармақша 5
5) қызметтік іс-әрекет нәтижелерi, қызмет өтiлi мен бiлiктiлiк деңгейi ескеріле отырып, қызметте өсуiне;
Тармақша 6
6) жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік жұмысы туралы пiкiрлермен жəне басқа да құжаттармен, жеке iс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн жəне басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуға;
Тармақша 7
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қайта даярлықтан өтуіне және бiлiктiлiгiн арттыруына;
Тармақша 7-1
7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;
Тармақша 7-2
7-2) уәкілетті басшымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарына (курсанттар мен тыңдаушылардан басқа) түсуіне;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмiрiнiң, денсаулығының және мүлкiнiң, өз отбасы мүшелерi өмiрiнiң, денсаулығының және мүлкiнiң мемлекеттiк қорғалуына;
Тармақша 9
9) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің дербес деректерiнiң қорғалуына;
Тармақша 10
10) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн, сондай-ақ қызметiн өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшiн бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгiнуге;
Тармақша 11
11) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуiне;
Тармақша 12
12) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
Тармақша 13
13) тұрғын үймен қамтамасыз етiлуге;
Тармақша 14
14) қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызметінің тиiсiнше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлары жасалуына;
Тармақша 15
15) осы Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
Тармақша 16
16) оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қызметкерлерге өз құзыретi шегiнде өздерiне жүктелген мiндеттеріне сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
Бап 18. 18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi
18-бап. Қызметкерлердiң қызмет өткеруге байланысты мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қызметкерлер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет жəне еңбек тəртібін сақтауға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектеулердi қабылдауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
Тармақша 7
7) басшылардың заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның iшiнде қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, ол жөнiнде қолхат бере отырып, заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға;
Тармақша 9
9) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 11
11) қызметкердiң жеке мүддесi өзiнiң өкiлеттiктерiмен ұштасатын немесе оларға қайшы келетiн жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тiкелей және уәкiлеттi басшыны дереу хабардар етуге;
Тармақша 12
12) өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
Тармақша 13
13) қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
Тармақша 14
14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
Тармақша 15
15) қажетті кәсіби және құқықтық білім, дене күші, арнаулы және жауынгерлік дайындық деңгейін сақтап тұруға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкес қызметкерлерге өз құзыретi шегiнде арнаулы мемлекеттік органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де мiндеттер белгiленедi.
Бап 19. 19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер
19-бап. Қызметкердiң қызметте болуына байланысты қойылатын шектеулер
Тармақ 1
1. Қызметкердiң:
Тармақша 1
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі болуға, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар қатарында болуға,
қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесiнде өз мүшелерiнiң еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен қорғау және еңбек жағдайын жақсарту үшiн олардың кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығына негiзделген саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұл оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда,
оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
Тармақша 3-2
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өкiл болуға;
Тармақша 5
5) өзiнiң қызметтiк әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 6
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн іс-әрекеттерге қатысуға;
Тармақша 7
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардың қызметiн жеке мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 8
8) пайдакүнемдiк мақсаттарда, оның iшiнде лауазымды немесе өзге адамдармен сөз байласу жолымен өзінің қызмет жағдайын пайдалануға;
Тармақша 9
9) өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуына;
Тармақша 10
10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ.
Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығаруға әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті қызмет өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр бөлімшесіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
Тармақ 2-1
2-1. Арнаулы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлерге арнаулы тексеру жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арнаулы мемлекеттік органдарға арнаулы тексеру жүргізуге жәрдемдеседі.
Тармақ 2-2
2-2. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Осы бапта көзделген шектеулердi сақтамағаны үшiн жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.
Бап 20. 20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі
20-бап. Соғыс жағдайы кезеңінде қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі
Соғыс жағдайының қолданылу кезеңінде арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі ерекшеліктерін және оның жалғастырылуын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Бап 21. 21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы
21-бап. Қызметкерлердің жауаптылығы
Тармақ 1
1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртiптiк жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе нұсқауды орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды.
Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған кезде бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша түрде дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Қызметкердің заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Қызметкерлердiң əрекеттеріне (əрекетсiздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Құқыққа қайшы әрекеттерімен арнаулы мемлекеттік органға келтірілген материалдық нұқсан үшін қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болады.
Бап 22. 22-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары
22-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары
Тармақ 1
1. Қызметкерлерге олардың жеке басын және өкілеттіктерін растайтын қызметтік куәліктер және жетондар беріледі.
Куәліктер мен жетондарды беру және пайдалану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызметтік куәліктің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік адамның арнаулы мемлекеттік органға қатыстылығын, оның лауазымын және арнаулы немесе әскери атағын растайтын құжат болып табылады.
Қызметтік куәліктер мен жетондарда қажетті қорғалу деңгейі болуы тиіс.
Қызметкердің қызметтік куәлігі оның қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.
Бап 23. 23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі
23-бап. Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісі
Тармақ 1
1. Арнаулы атақ берілген қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен арнаулы киім үлгісімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Арнаулы киім үлгісінің түрлері мен сипатын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Арнаулы киім үлгісімен қызметкерлерді қамтамасыз ету нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Қызметкерлердің арнаулы киім үлгісін киіп жүру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдардың, жиырма жəне одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты жəне салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
4-тарау. ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ
Бап 24. 24-бап. Кадр құрамы
24-бап. Кадр құрамы
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
Тармақ 2
2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдарда штаттық лауазымдарда, қолданыстағы резервте қызмет өткереді, сондай-ақ запаста бола алады.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қолданыстағы резервке алу мен олардың қызметті өткеру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдар жұмыскерлерінің еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу жəне сақтау тəртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Бап 25. 25-бап. Қызметкерлер құрамы
25-бап. Қызметкерлер құрамы
Қызметкерлер мынадай құрамдарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) қатардағы қызметкерлер;
Тармақша 2
2) сержанттар;
Тармақша 3
3) офицерлер.
Бап 26. 26-бап. Арнаулы атақтар
26-бап. Арнаулы атақтар
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарда мынадай арнаулы атақтар белгіленеді:
Тармақша 1
1) қатардағы құрам:
қатардағы қызметкер;
Тармақша 2
2) сержанттар құрамы:
кiшi сержант;
сержант;
аға сержант;
Тармақша 3
3) кіші офицерлік құрам:
лейтенант;
аға лейтенант;
капитан;
Тармақша 4
4) аға офицерлік құрам:
майор;
подполковник;
полковник;
Тармақша 5
5) жоғары офицерлік құрам:
генерал-майор;
генерал-лейтенант;
генерал-полковник.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердің арнаулы атақтарының алдында олардың мыналарға қатыстылығын көрсететін мынадай сөздер қосылады:
Тармақша 1
1) ұлттық қауіпсіздік органдарына – "ұлттық қауіпсіздік";
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне – "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі";
Тармақша 3
Тармақ 3
3. Запастағы азаматтардың арнаулы атақтарының алдына "запастағы", ал отставкадағыларға – "отставкадағы" деген сөздер қосылады.
Тармақ 4
4. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:
офицерлік құрамға:
лейтенанттарға – екі жыл;
аға лейтенанттарға – үш жыл;
капитандарға – төрт жыл;
майорларға – бес жыл;
подполковниктерге – жеті жыл белгіленеді;
полковниктер мен одан жоғарыларға – белгіленбейді;
қатардағы мен сержанттық құрамға – белгіленбейді.
Оқу мерзімі бес жыл жəне одан көп болатын әскери, арнаулы оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.
Бап 27. 27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі
27-бап. Арнаулы атақтарды беру тәртібі
Тармақ 1
1. Арнаулы атақтар қызметкерлерге дербес беріледі. Арнаулы атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қызметкерлерге арнаулы атақтарды:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлік құрамға – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;
Тармақша 2
2) полковникті – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;
Тармақша 3
3) өзге арнаулы атақтарды – лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.
Тармақ 3
3. Алғашқы арнаулы атақтар болып:
Тармақша 1
1) офицерлік құрам үшін – лейтенант
(осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайларда – аға лейтенант);
Тармақша 2
2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант;
Тармақша 3
3) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер саналады.
Тармақ 4
4. "Лейтенант" арнаулы атағы:
Тармақша 1
1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;
Тармақша 2
2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кəсіптік білімі бар жəне штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.
Тармақ 4-1
4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен әскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» арнаулы атағы беріледі.
Тармақ 5
5. Офицерлік құрамның алғашқы арнаулы атағын қызметкер қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы береді.
Тармақ 6
6. «Кіші сержант» арнаулы атағы «кіші сержант» және одан жоғары арнаулы атағы көзделген лауазымға тағайындалатын қызметкерге беріледі. Сержанттар құрамының кейінгі арнаулы атақтары қажетті дайындық деңгейі бар және тиісті лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, бірақ кемінде он екі айдан кейін беріледі.
Тармақ 7
7. "Кіші сержант" арнаулы атағы əскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.
Тармақ 8
8. "Қатардағы қызметкер" арнаулы атағы арнаулы атағы жоқ азаматтарға:
Тармақша 1
1) қатардағы құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызметке тұрған кезде;
Тармақша 2
2) әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.
Тармақ 9
9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.
Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі.
Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.
9-1. Бұрын мемлекеттік саяси лауазымдарды атқарған және арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары бірінші басшыларының орынбасарынан төмен емес лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге, осы Заңның 27-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның талаптары қолданылмай, атқаратын лауазымы үшін штатта көзделген арнаулы атақ беріледі.
Тармақ 10
10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 11
11. Қызметкерде алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде ол кезекті арнаулы атағын алуға ұсыныла алмайды.
Тармақ 12
12. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 13
13. Арнаулы атақтарда еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақ берілген күннен бастап есептеледі.
Тармақ 14
14. Сержанттар құрамының лауазымына тағайындау кезінде тиісті даярлықтан өткен қызметкерге арнаулы атақ берілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта
еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің әскери, арнаулы оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.
Тармақ 16
16. Қызметтік борышын үлгiлi орындайтын, қызмет атқару немесе өзге де қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жоғары кәсіби шеберлiк пен ынта-жiгер танытқан қызметкерлерге кезектi арнаулы атақ мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн, бiрақ атқарып отырған лауазымдар бойынша көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.
Мерзiмiнен бұрын арнаулы атақ арнаулы атақта белгiленген еңбек сiңiру мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн, бiрақ тиiсiнше кiшi және аға офицерлік құрамның әскери атақтарында қызмет өткерген кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi.
Тармақ 17
17. Қызметтік, жауынгерлiк даярлықта, қызметтік тәртiптi нығайтуда, күрделi техниканы меңгеруде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген немесе арнаулы мемлекеттік органның міндеттерін орындаумен байланысты тапсырылған учаскедегi мiндеттердi үлгiлi орындайтын қызметкерге подполковникке дейiн, ал ғылыми дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық құрамның офицерлерiне полковниктi қоса алғанда – атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ берiлуi мүмкiн.
Атқарып жүрген лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр сатыға жоғары кезектi арнаулы атақ қызмет кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi және арнаулы атағында кемiнде екi белгiленген еңбек сiңiру мерзiмі өткеннен кейiн берiледi.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Офицерлік немесе сержанттық құрамның арнаулы атағынан айырылған азаматқа (әскери мiндеттiге) қатардағы құрамның әскери есебiне бiр мезгiлде ауыстыра отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органының бастығы "қатардағы қызметкер" әскери атағын бередi.
Бап 27-1. 27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы
27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы
Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:
генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін жəне жоғары офицерлік құрамның лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;
генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.
Бап 28. 28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру
28-бап. Арнаулы атақты төмендету, одан айыру және арнаулы атағын қалпына келтіру
Тармақ 1
1. Қызметкердің арнаулы атағы бiр сатыға:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлік құрам – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентiмен;
Тармақша 2
2) офицерлік құрам (жоғары офицерлік құрамнан басқа) – арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысымен;
Тармақша 3
3) өзге де арнаулы атақтар – лауазымдар номенклатурасына сәйкес төмендетілуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Арнаулы атағы төмендетілген (жоғары офицерлік құрамнан басқа) қызметкердің бұрынғы арнаулы атағы, атқарып жүрген лауазымына қарамастан, арнаулы атағы төмендетілген күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтіріледі.
Арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту күнінен бастап үзіледі және арнаулы атақты қалпына келтіру күнінен бастап қайта жалғасады.
Қызметкердің бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіргенге дейін және оған кезекті арнаулы атақ берілгенге дейін арнаулы атақты қайтадан төмендетуге жол берілмейді, бірақ ықпал етудің өзге де шарасы қолданылады.
Жоғары офицерлік құрамның бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлер соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атағынан айырылады.
Қызметкерлерді арнаулы атақтарынан айыруды:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлік құрамға қатысты – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;
Тармақша 2
2) полковникке қатысты – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;
Тармақша 3
3) өзге де арнаулы атақтарға қатысты – лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Заңсыз соттауға байланысты арнаулы атағынан айырылған азаматқа бұрынғы арнаулы атағы Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бұрынғы құқықтары мен жеңiлдiктерi қалпына келтiрiле отырып, оны ақтау туралы шешiм күшiне енгеннен кейiн берiледi.
Бап 29. 29-бап. Қызметкерлерді лауазымға тағайындау және ауыстыру
29-бап. Қызметкерлерді лауазымға тағайындау және ауыстыру
📌 Ескерту. 29-бап алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 30. 30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі
30-бап. Лауазымға тағайындау тәртібі
Тармақ 1
1. Қызметкер арнаулы атағы сəйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.
Тармақ 1-1
1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 1-2
1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар жəне оларға сəйкес келетін арнаулы жəне əскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Тармақ 2
2. Қызметкерлермен келiсiмшарт жасасу, оларды лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, босату, шығару, сондай-ақ оларға арнаулы атақтар беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тiзбесiн (лауазымдар номенклатурасы) арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысы айқындайды.
Тармақ 3
3. Қызметкерді лауазымға тағайындау бiлiмi мен кәсіби даярлығы деңгейiн, оның психологиялық қасиеттерiн, денсаулық жағдайын және осы Заңда көзделген өзге де мән-жайларды ескере отырып, жүргізiледi.
Тармақ 4
4. Қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау қызметтiк әрекетінің тәжiрибесi ескерiле отырып, оларды негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Қызметкерді олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде, олар осы лауазымдарға тағайындалар алдында тиiстi қайта даярлықтан өтуге тиiс.
Тармақ 5
5.
Қашықтан оқытуды және (немесе) онлайн-оқытуды қолданатын білім алушыларды қоспағанда, офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне әскери, арнаулы оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.
Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады жəне әскери, арнаулы оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Жоғары жəне қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы әскери, арнаулы оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған кезде тыңдаушының (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын өзіне берiлген атағы сақталады.
Тармақ 6
6. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер өздерін оқуға жіберген бөлімшелерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға қайтып келеді.
Тармақ 7
7. Әскери, арнаулы оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар алмастыруға жататын жəне Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар жəне оларға сəйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан əрі – лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың жолдамасымен әскери, арнаулы оқу орнында немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымында күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған басым тәртіппен офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындалады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.
Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкiн болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейiнi бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады (айрықша жағдайларда лауазымға одан әрі тағайындау үшiн тиісті бастықтың қарамағына жiберiледi).
Тармақ 8
8. Лауазымдарға тағайындау кезiнде мынадай шарттар сақталады:
Тармақша 1
1) сержанттар құрамы және офицерлік құрам атқаруға жататын лауазымдарға тиiстi құрамның қызметкерлері тағайындалады.
Аталған лауазымдарға тиiстi құрамның қызметкерлерiн тағайындау мүмкiн болмаған кезде оларға арнаулы мемлекеттік органның бiрiншi басшысы айқындайтын тәртiппен төмен тұрған құрамның қызметкерлері тағайындалуы мүмкiн;
Тармақша 2
2) тиiстi бастықтардың қарамағына жiберiлген қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау осы Заңның 33-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмнен аспайтын, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзiледi;
Тармақша 3
3) қызметке жарамдылық санаты туралы әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысы ұсынылады;
Тармақша 4
4) егер қызметкерге мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе аталған рұқсаттама тоқтатылған жағдайда, ол мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерге берiлетiн рұқсаттамамен байланысты емес лауазымға белгiленген тәртiппен тағайындалады немесе қызметтен шығарылуға жатады;
Тармақша 5
5) өзара жақын туыстықта болатын қызметкерлерге, олар бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет өткеруге рұқсат берiлмейдi.
Тармақ 8-1
8-1. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған жағдайда оларға жұмыскерлер арасынан адамдар арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы ол атқаратын профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымы бойынша бекітіледі.
Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал оларды көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен лауазымынан босатылады.
Тармақ 9
9. Қызметкерлер жоғары тұрған, тең немесе төмен тұрған лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Лауазымдар тiзбесiнде ол лауазымға бұрынғы лауазым бойынша арнаулы атаққа қарағанда неғұрлым жоғары арнаулы атақ, ал штатта көзделген арнаулы атақтар тең болған жағдайда - бiлiктiлiк талаптарының немесе басқару органының неғұрлым жоғары деңгейi сәйкес келсе, лауазым жоғары тұрған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау қызметi бойынша жылжыту тәртібiмен жүргiзiледi.
Жоғары тұрған лауазымға өзі қызмет өткеретiн органының аттестаттау комиссиясы ұсыным жасаған, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жоғары кәсіби қасиеттерін және ұйымдастырушылық қабiлетiн көрсеткен қызметкер тағайындалады.
Тармақ 12
12. Лауазымдар, егер оларға тең арнаулы атақ, сондай-ақ тең бiлiктiлiк талаптары немесе басқару органдарының деңгейi сәйкес келсе, тең болып есептеледі.
Тармақ 13
13. Қызметкерді тең лауазымға тағайындау:
Тармақша 1
1) ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты;
Тармақша 2
2) қызметкерді қызметте орынды пайдалану үшiн;
Тармақша 3
3) осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде, келiсiмшарт бойынша қызмет өткеретiн қызметкердің баянатына сәйкес отбасы жағдайы бойынша;
Тармақша 4
4) әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Лауазым, егер оған неғұрлым төменiрек арнаулы атақ, сондай-ақ анағұрлым төмен бiлiктiлiк талаптары немесе басқару органдарының төменгi деңгейi сәйкес келсе, төмен болып есептеледі.
Тармақ 15
15. Төмен лауазымға тағайындау:
Тармақша 1
1) қызметкердің келiсiмiмен:
оның даярлық бейiнiне тең бос лауазым болмаған кезде ұйымдастырушылық-штаттық iс-шараларға байланысты;
осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын, осы Заңның 49-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған отбасы жағдайы бойынша;
жұбайы (зайыбы) өзге елді мекенде қызмет өткеріп жатқан қызметкердің баянаты бойынша;
әскери-дәрігерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;
осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, бастықтың қарамағында болған кезеңде;
Тармақша 2
2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Қызметкерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату, бастықтың қарамағына жіберу, шығару, арнаулы атақ беру, одан төмендету, айыру кезiнде, сондай-ақ жаңа келiсiмшарт жасасқан кезде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіпте ұсыну ресiмделедi.
Бап 31. 31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі
31-бап. Қызметкерлерді ауыстыру тәртібі
1. Қызметкерді ауыстыру – бұл оның лауазымдық жағдайын немесе қызмет орнын өзгерту.
Ауыстыру:
1) лауазымға тағайындалған;
2) iссапарға жiберiлген;
3) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша бастықтың қарамағына жiберiлген;
4) әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған;
Тармақша 4-1
4-1) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшелерінің арасында ауыстырылған;
5) бiр арнаулы мемлекеттік органнан басқасына не Қарулы Күштерден, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстырылған;
6) бөлiмше тұрақты орналасу орнын өзгерткен;
Тармақша 7
7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.
2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сəйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уəкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.
3. Қызметкерді ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iстердi және лауазымын тапсырғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Iстерді және лауазымын тапсыруды бастауды уәкілетті басшы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi-көшірме немесе қызметшiнi ауыстыру жөнiнде жазбаша хабарлама түскен күннен бастап, бiрақ хабарлама келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген қызметкер үшін – ол келген күннен бастап айқындайды.
4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Бап 32. 32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу
32-бап. Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруды жүктеу
Тармақ 1
1. Қызметтiк қажеттiлiкке байланысты қызметкерге ол атқармайтын лауазымға тең немесе одан жоғары лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқару:
Тармақша 1
1) бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша – оның келiсiмiмен жүктелуi мүмкiн, бұл жағдайда қызметкер атқарып отырған лауазымы бойынша мiндеттердi атқарудан босатылады, бiрақ атқарып отырған лауазымынан босатылмайды және оған мiндеттердi уақытша атқаруға жiберiлген лауазымы бойынша ақшалай үлес төленеді;
Тармақша 2
2) бос емес (тағайындалған) лауазым бойынша – оны атқарып отырған қызметкер уақытша болмаған немесе оны атқарып отырған қызметкерді лауазымынан шеттеткен жағдайда, екі айдан аспайтын мерзiмге жүктелуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады.
Бұл ретте қызметкерге жоғары офицерлік құрам алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Органның бастығы өзi уақытша болмаған жағдайда мiндеттердi уақытша атқаруды орынбасарларының бiреуiне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейдi.
Бап 33. 33-бап. Бастықтың қарамағына жіберу
33-бап. Бастықтың қарамағына жіберу
Тармақ 1
1. Қызметтi одан әрі өткеру мәселелерiн шешу үшiн қызметкерлерді лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам бұйрықтар шығару құқығы бар уәкілетті басшының қарамағына жiберуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерге қызметкерді уəкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі.
Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде, ал олар қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда емделуде болған кезеңдер есептелмейді.
Тармақ 3
3. Қарамағында қызметкерлер бар лауазымды адамдар олардың лауазымдық мiндеттерiнiң тiзбесiн бекiтедi.
Тармақ 4
4. Қызметкер:
Тармақша 1
1) оны басқа лауазымға тағайындау кезінде уәкілетті басшының қарамағында екі айдан аспайтын мерзімде болу;
Тармақша 2
2) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар (штаттардың қысқаруы) өткізуге байланысты уәкілетті басшының қарамағында үш айдан аспайтын мерзімде болу;
Тармақша 3
3) қызметкерді тең лауазымға ауыстыру мүмкіндігінің болмауына байланысты уәкілетті басшының қарамағында алты айдан аспайтын мерзімде болу;
Тармақша 4
4) қызметкерге қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылуына не қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасын қолдануға байланысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін уәкілетті басшының қарамағында болу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберілу;
Тармақша 6
6) қолданыстағы резервте болу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының (осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда) және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу;
Тармақша 8
8) ақшалай ризық сақталмай шетелге қызметке, оқуға жіберілген қызметкер, құқық қорғау органдарының қызметкері немесе әскери қызметші – жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде қызметкерлердің уәкілетті басшысының қарамағында болу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес білім алуға байланысты уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.
Бап 34. 34-бап. Лауазымнан босату
34-бап. Лауазымнан босату
Тармақ 1
1. Қызметкер ауыстырылған, қызметтен шығарылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Заңда көзделген басқа да мән-жайларға байланысты атқарып жүрген лауазымынан босатылады.
Тармақ 2
2. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босатуға уәкілетті басшының құқығы бар.
Бап 35. 35-бап. Ресми өкілдер
35-бап. Ресми өкілдер
Арнаулы мемлекеттік органдар өздерінің ресми өкілдерін өзге мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен немесе құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріне жіберуі мүмкін.
Ресми өкілдер туралы ережені арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Бап 36. 36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу
36-бап. Қызметкерлерді мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу
Тармақ 1
1. Қызметкерлер мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін және заңдарда көзделген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарына, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, олардың бірінші басшыларының келісімімен, не халықаралық шарттар негізінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
Іссапарға барған қызметкердің өзі іссапарға барған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы осы Заңда айқындалған тәртіппен конкурстық іріктеуден тыс жүзеге асырылады.
Бұл ретте іссапарға жіберілген адамның мәртебесі сақталады, ал бұдан бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге арнаулы атақтар беру, оларды мемлекеттік наградалармен наградтау осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерді лауазымға тағайындау немесе қызметтен шығару ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы, ұйымдарындағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан (қызметтен шығарылғаннан) және қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органға қайтып оралған соң, осы Заңда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық айлықақылар және арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақылар төленеді.
5. Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ ұйымдарының жұмыскерлерi үшiн айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек төлеу олар iссапарға жiберiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, сондай-ақ ұйымдарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi. Өзге де төлемдер, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді iссапарға жiберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен төленеді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ ұйымдарға іссапарға жіберу кезеңінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтар, кепілдіктер, жеңілдіктер, өтемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау сақталады.
Іссапарға жiберiлген қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бiржолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметкер iссапарға жiберілгенге дейiн атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады.
Тармақ 8
8. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері осы Заңның 36-1-бабында айқындалады.
Бап 36-1. 36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері
36-1-бап. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдарға іссапарға жіберудің және олардың қызмет өткеруінің ерекшеліктері арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғынжайды ұстауға және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған ақшалай өтемақы, бір елді мекеннен арақашықтығы бір жүз километрден асатын екінші бір елді мекенге көшуге байланысты болатын қызмет бабымен ауысу кезінде қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтерме жәрдемақы төлеу, қызмет бабымен ауысу кезінде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сондай-ақ емделуге жұмсалған қаражатты өтеу олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
Iссапарға жiберiлген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлерi үшiн айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Арнаулы атағы бойынша айлықақы төлеу, тұрғын үй төлемдері, қызмет өткеру кезеңiнде қызметкер қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайдағы, оған мүгедектiк белгіленген кездегі немесе ол міндеттерін атқаруға байланысты мертіккен жағдайдағы біржолғы өтемақылар, сондай-ақ арнаулы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
Бап 37. 37-бап. Кадр резерві
37-бап. Кадр резерві
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастыру және лауазымдардың жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнаулы мемлекеттік органда кадр резерві жасалады.
Тармақ 2
2. Кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары тұрған лауазымға жоғарылатуға ұсынылған қызметкерлерден қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Бос басшы лауазымға арнаулы мемлекеттік органның кадр резервінде тұрған адам уәкілетті басшының шешімі бойынша орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде бос лауазымға аттестаттау нәтижесі бойынша басқа қызметкер орналастырылады.
Тармақ 4
4. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру жауаптылығы арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті басшысына және кадр бөлімшесіне жүктеледі. Арнаулы органдарда кадр резерві кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттігі ескеріле отырып қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Кадр резервіне қоюды уәкілетті басшы жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, лауазымынан немесе арнаулы атағынан төмендетілген, сондай-ақ оған қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескерту түрінде тәртіптік жазалау шарасы қолданылған жағдайларда кадр резервінен шығарылады.
Тармақ 7
7. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған адамдар кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Арнаулы мемлекеттік органның кадр бөлімшелері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін жүргізеді.
Тармақ 9
9. Кадр резервін қалыптастыру және олармен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Тарау 5. 5-тарау. ДЕМАЛЫСТАР
5-тарау. ДЕМАЛЫСТАР
Бап 38. 38-бап. Демалыс түрлері
38-бап. Демалыс түрлері
Тармақ 1
1. Қызметкерлер үшін демалыстардың мынадай түрлері белгіленедi:
Тармақша 1
1) жыл сайынғы;
Тармақша 2
2) қысқа мерзiмдi;
Тармақша 3
3) жүктiлiгi және босануы бойынша, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыстар;
Тармақша 4
4) қосымша;
Тармақша 5
5) каникулдық;
Тармақша 6
6) оқу;
Тармақша 7
7) ауруы бойынша;
Тармақша 8
8) бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған айлықақысы сақталмайтын демалыс.
Бап 39. 39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі
39-бап. Демалыстар берудің және олардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі
1. Демалыстар уәкілетті басшының бұйрығы негiзiнде берiледi.
2. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы, демалысты өткiзу орнына барып қайту жолына қажеттi уақыт есептелмегенде, демалыс берiлетiн жылда алпыс тәулiктен аспауға тиiс.
3. Осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыстардың барлық түрлерiнде болған кезеңде қызметкерлердің ақшалай үлесi және өзге де қосымша төлемдерi сақталады.
Бап 40. 40-бап. Жыл сайынғы демалыс
40-бап. Жыл сайынғы демалыс
Тармақ 1
1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік əзірлікте ұстау ескеріле отырып жəне уəкілетті басшы бекіткен жəне барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сəйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, əрбір күнтізбелік жылға жасалады жəне барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.
Демалыс уақытында, бөлімшенің толық таралуын және келісімшартта көзделген өзге жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның бастамасы бойынша қызметкерді ауыстыруға, жұмыстан шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Еңбек сіңірген жылдарын, қызмет ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып, қызметкерлерге (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) берілетін жыл сайынғы демалыстардың ұзақтығы:
қызметте еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылға дейінгілерге – 30 тәулік;
10-нан 15 жылға дейінгілерге – 35 тәулік;
15-тен 20 жылға дейінгілерге – 40 тәулік;
20 жыл және одан көптерге – 45 тәулік;
ұшу жұмыстарындағы, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жергілікті жерлерде қызмет өткеретін адамдарға – 45 тәулік болып белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қызмет мүдделерін және қызметкерлердің тілектерін ескере отырып, демалыс екі бөлікке бөлінуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қызметкердің қызметке тұрған жылдағы және қызметтен шығарылған жылдағы жыл сайынғы демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екіге бөліп, алынған тәулік санын қызметке тұрған немесе шығарылған жылдағы қызметтің толық айларының санына көбейту арқылы есептеледі.
Тармақ 5
5. Толық емес тəуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сəйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тəртіппен есептеледі.
Тармақ 6
6. Әскери, арнаулы оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.
Тармақ 7
7. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын биік таулы жерлерде (биіктігі бір мың бес жүз метр және одан жоғары), климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеріп жүрген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан ұзақтығы күнтізбелік қырық бес күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Тармақ 8
8. Қызметкерлердің жыл сайынғы демалысының ұзақтығы демалысты өткізу орнына барып қайту жолы үшін қажет уақытты ескере отырып, тәулік санына ұлғайтылады.
Тармақ 9
9. Қызметкердің баянаты және уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерге жыл сайынғы және қосымша демалыстар олардың арасын үзбей жалғастырылып беруге жол беріледі.
Тармақ 10
10. Өткен жылдың жыл сайынғы және (немесе) қосымша демалыстарын қызметкер дәлелді себептермен толық пайдаланбаған жағдайда, демалыстың пайдаланылмаған күндері оның өтініші бойынша келесі жылы беріледі.
Тармақ 11
11. Жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақытында (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімінен шығара отырып, қызметтен шығарылатын жылдан басқа) ауырып қалған қызметкерлерге, отбасы жағдайлары бойынша демалысты қоспағанда, ауырған күндерінің санына сәйкес жыл сайынғы немесе қосымша демалыс уақыты ұзартылады. Бұл жағдайда демалысты ұзартуды уәкілетті басшы емдеу-сауықтыру мекемесінің анықтамасы негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Отбасы мүшесінің денсаулық жағдайы ауыр немесе ол қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, сондай-ақ демалыстағы қызметкердің отбасы мүшелері табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болғанда қызметкер демалып жүрген аумақтың аумақтық орган басшысы қызмет өткеру орнына баруға қажет уақытты есептемегенде, демалысты он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Аумақтық орган басшысы демалыстың ұзартылғаны туралы аталған қызметкер қызмет өткеретін бөлімше басшысын дереу хабардар етеді.
Бап 41. 41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар
41-бап. Қысқа мерзімді демалыстар
Тармақ 1
1. Қызметкерлерге қысқа мерзімді демалыс он тәулікке дейінгі мерзімге:
Тармақша 1
1) зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе қаза тапқан (қайтыс болған);
Тармақша 2
2) жақын туыстары, зайыбының (жұбайының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;
Тармақша 3
3) шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелер туындаған жағдайларда, сондай-ақ уәкілетті орган басшысы дәлелдi деп танылған басқа да себептер бойынша беріледі.
Тармақ 2
2. Қызметкерге берілетін қысқа мерзімді демалыс ұзақтығы демалыс өткізу орнына баруы мен қайту жолына қажетті тәулік санына ұлғайтылады.
Тармақ 3
3. Қызметкерге қысқа мерзiмдi демалыстар жылына екі реттен артық берілмейді.
Бап 42. 42-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс
42-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыс, бала (балалар) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыс
Тармақ 1
1. Әйел қызметкерлерге жүктiлiгiне және босануына байланысты демалыстардың ұзақтығы, берілу мен ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Жаңа туылған бала (балалар) асырап алған қызметкерге (ата-анасының біріне) асырап алған күннен бастап және баланың туылған күнінен елу алты күн өткенге дейінгі мерзімге демалыс беріледі.
Бап 43. 43-бап. Қосымша демалыстар
43-бап. Қосымша демалыстар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында экологиялық апат аймағы деп жарияланған өңiрлерде қызмет өткеретiн қызметкерлердің ұзақтығы мен беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыстар алуға құқығы бар.
Тармақ 1-1
1-1. Ұрыс қимылдарына, терроризмге қарсы жəне бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі, ол жыл сайынғы демалысқа қосылады.
Тармақ 2
2. Қызметiнiң ерекше жағдайлары үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк он күнге дейiн қосымша ақы төленетін демалыс берiледi, ол жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылып есептеледi және қызметкердiң қалауы бойынша онымен бiр мезгiлде немесе бөлек берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Зиянды жағдайларда мiндеттерiн атқарғаны және қызметiнiң ерекше сипаты үшiн бiр мезгiлде қосымша демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бiр негiз бойынша ғана берiледi.
Бап 44. 44-бап. Каникулдық демалыстар
44-бап. Каникулдық демалыстар
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери, арнаулы оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша білім алатын курсанттарға оқу сабақтарындағы үзілістер кезінде, егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мерзімдерге каникулдық демалыстар беріледі:
Тармақша 1
1) қысқы демалыс – 14 тәулік;
Тармақша 2
2) жазғы демалыс – 30 тәулік.
Тармақ 1-1
1-1. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға каникулдық демалыстар халықаралық шарттарға жəне оқуға арналған келісімшарттарға сəйкес беріледі.
Тармақ 2
2. Демалысты өткізу орнына барып қайту үшін қажетті уақыт берілмейді.
Тармақ 3
3. Оқуы бойынша берешегі бар курсанттар, тыңдаушылар оны осы баптың 1-тармағында белгіленген каникулдық демалыстарды өткізу мерзімдері шегінде күнтізбелік он күн ішінде жабады.
Бап 45. 45-бап. Оқу демалыстары
45-бап. Оқу демалыстары
Тармақ 1
1. Қызметкерлерге уәкілетті басшылардың шешімі бойынша оқу демалыстары:
Тармақша 1
1) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшін;
Тармақша 2
2) білім алу кезеңінде берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Оқу демалыстарының ұзақтығы оқу жоспарында белгіленеді және оны оқу орнының жазбаша шақыруы негізінде уәкілетті басшы береді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түскен қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатылып және уәкілетті басшының қарамағына есепке алына отырып, ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.
Бап 46. 46-бап. Ауыру бойынша демалыстар
46-бап. Ауыру бойынша демалыстар
Тармақ 1
1. Қызметкерге ауыруы бойынша демалыс әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Қызметкерге ауыруы бойынша демалыс отыз тәуліктен алпыс тәулікке дейін, ал қызметтен шығарылатын жылы – келісімшарт мерзімі аяқталатын күнге дейін беріледі.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін денсаулығына жағымсыз әсер ететін міндеттерді орындағаннан кейін оларға медициналық оңалту жүргізіледі.
Қызметкерге медициналық оңалту үшін берілетін қосымша тәуліктер санын әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Тармақ 3
3. Ауыру бойынша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы және қосымша демалыстар есебіне кірмейді.
Бап 46-1. 46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
Қызметкерге баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тəртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.
Бап 47. 47-бап. Демалыстан шақыртып алу
47-бап. Демалыстан шақыртып алу
Тармақ 1
1. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкер демалыстан шақыртылып алынуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Қызметкердi демалыстан шақыртып алу бұйрықпен ресімделеді. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi он және одан көп тәулiктi құрайтын болса, қызметкерге демалысты өткiзу орнына, бірақ ол шақыртып алынған орыннан алыс емес жерге барып қайту жолы үшiн қажеттi уақыт берiледi. Демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi қызметкердің қалауы бойынша келесi жылғы демалысқа қосылуы мүмкiн.
Тарау 6. 6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ
6-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУ
Бап 48. 48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi
48-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатудың негiздерi
Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтi тоқтатуға:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен шығару;
2) қызметкердiң қайтыс болуы (қаза табуы) немесе соттың заңды күшiне енген шешiмiне сәйкес қайтыс болды деп хабарлануы;
3) қызметкердi заңда белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе iс-әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану негiз болып табылады.
Бап 49. 49-бап. Қызметтен шығару
49-бап. Қызметтен шығару
Тармақ 1
1. Қызметкерлерді қызметтен шығару мынадай негiздер бойынша:
Тармақша 1
1) қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасында немесе белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларды қоспағанда, жиырма бес жылдан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде өз бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша;
Тармақша 3
3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы туралы қорытындысы негiзiнде денсаулық жағдайы бойынша;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген кезде;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында айқындалған мән-жайларды қоспағанда, уәкілетті басшының қарамағында толық алты айға дейін болған кезде, қызметкердің бар тәжірибесі мен білімін пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ ұсынылған лауазымнан бір рет бас тартқан кезде;
Тармақша 9
9) басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және қызметкер төмен тұрған лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде штаттың қысқартылуына байланысты;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) арнайы тексеру нәтижелері бойынша қызметті одан әрі өткеру мүмкін болмауына байланысты;
Тармақша 12-1
12-1) атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару туралы аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша;
Тармақша 13
13) теріс себептер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қызметкер:
Тармақша 1
1) оған қатысты келісімшарт талаптары айтарлықтай және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп) бұзылған жағдайда;
Тармақша 2
2) мыналардың:
қызметкердің қызмет өткеріп жатқан жерінде медициналық көрсетулер бойынша қызметкердің отбасы мүшесінің тұруы мүмкін болмауы және оны жаңа қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмауы;
отбасының басқа жерге көшу қажеттілігіне байланысты қызметкер күйеуінің (қызметкер әйелінің) қызмет орнын ауыстыруы;
тұрғылықты жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысына сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімді (көмекті, қадағалауды) қажет ететін не бірінші немесе екінші топтағы
мүгедектігі
бар адамдар
болып табылатын әкесіне, анасына, әйеліне, күйеуіне, аға-інісіне, апа-сіңлісіне, қарындасына, атасына, әжесіне немесе асырап алған адамына немесе қартаюына байланысты зейнеткерлік жасқа жеткен немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтар күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде тұрақты күтім жасау қажеттігі;
қызметкер анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған, он сегіз жасқа толмаған балаға күтім жасау қажеттігі салдарынан отбасы жағдайы бойынша;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда;
Тармақша 4
4) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда қызметтен мерзімінен бұрын шығуға құқылы.
Тармақ 3
3. Қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкер қайтыс болуы (қаза табуы) құжаттамалық расталған күннен кейінгі күннен бастап, ал хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп хабарланған қызметкер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеке құрам тізімдерінен шығарылады.
Тармақ 4
4. Белгіленген мерзiмдердi өткерген қызметкерлерді қызметтен шығару төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте олармен жасалған келісімшарттар төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданыста болады.
Бап 50. 50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы
50-бап. Қызметкерлердің қызметте болуының шектi жасы
Тармақ 1
1. Қызметте болудың мынадай шектi жастары:
Тармақша 1
1) оны қоса алғанда майорға дейін – қырық жеті жас;
Тармақша 1-1
1-1) подполковниктерге – елу жас;
Тармақша 2
2) полковниктерге – елу бес жас;
Тармақша 3
3) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – алпыс жас;
Тармақша 4
4) генерал-полковниктерге – алпыс үш жас белгіленеді.
Тармақ 2
2. Шекті жасқа толған қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Жоғары кəсіби даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тəжірибесі бар жəне денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олармен жаңа келісімшарт жасасу арқылы қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша арнаулы мемлекеттік органдардан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
Бап 51. 51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi
51-бап. Қызметтен шығару тәртiбi
Тармақ 1
1. Қызметкерлердi қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес бұған құқығы бар уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қызметкерді жеке құрам тізімдерінен шығару арнаулы мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімдерде істер мен лауазымды тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қызметкер еңбек демалысында, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда жеке құрам тізімінен алып тастау жүргізілмейді.
Тармақ 4
4. Қызметте болудың шекті жасына жету немесе келісімшарт мерзімінің аяқталуы туралы қызметкерді уәкілетті басшы алдын ала жазбаша түрде (бірақ бір айдан кешіктірмей) хабардар етеді.
Қызметтен алдағы шығару туралы қызметкерге хабарлағаннан кейін оны қызметтік іссапарға жіберуге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Қызметкерді қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді-көшірме оған қол қойғызыла отырып, назарына жеткізіледі. Қызметкер орган орналасқан жерден тыс жерде жүрген жағдайда, қайтып оралғаннан соң бұйрықтан үзінді-көшірме оның назарына жеткізіледі.
Бұйрықтан үзінді-көшірме қызметтен босатылатын қызметкердің жазбаша өтініші негізінде ғана беріледі.
Тармақ 5-1
5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Қызметкерді қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған жағдайда, теріс себептер бойынша қызметтен шығару жағдайларын қоспағанда, ол өзі таңдаған негіз бойынша қызметтен шығарылады.
Тармақ 7
7. Қызметкерлерді денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығару арнаулы мемлекеттік органның кадр аппараты әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен уəкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап уəкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органдарға (мекемелерге) қызметке ауысуына байланысты қызметтен шығару мемлекеттік қызметші лауазымын көрсете отырып, қызметкердің қызметке қабылдануы туралы мемлекеттік органның (мекеменің) тиісті хабарламасы келіп түскен кезде қызметкердің баянаты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
Тармақ 13
13. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты қызметтен шығару қызметкерді мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуді талап етпейтін лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде арнайы тексеру нәтижелері бойынша оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 13-1
13-1. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сəйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уəкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Теріс себептер бойынша қызметтен шығару мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда – келіп түскен сот үкімінің және оның заңды күшіне енуі туралы өкімнің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде;
Тармақша 3
3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталғанда, сондай-ақ одан өтуден бас тартқанда немесе жалтарғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 4
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 5
5) қызметкер келісімшарт талаптарын орындамағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 6
6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмағанда немесе бұрмаланғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы атақтан айырылғанда – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
Тармақша 8
8) қызметте қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себептерсіз болмағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 9
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда;
Тармақша 11
11) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылық жасалғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Қызметкерлердің мынадай әрекеттері, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтің беделін анық түсіретін әрекеттері, атап айтқанда:
қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;
қызмет бабын пайдалана отырып жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету және сол үшін сыйақы алу;
бюджет қаражатына немесе мемлекеттік мүлікке тікелей қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер уәкілетті басшы тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе;
қызметкердің арнаулы киім нысанында қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын, алкогольдік немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудан туындаған өзге де масаң күйде келуі;
ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға
және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігуге қатысу арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.
Тармақ 15
15. Қызметкер Қазақстан Республикасы
Құрылтайы немесе жергілікті өкілетті органдар депутаттығына сайланған немесе тағайындалған жағдайда сайлау қорытындыларының тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы негізінде мезгілінен бұрын қызметтен шығуға құқылы.
Тармақ 16
16. Егер ол судья лауазымына тағайындалған немесе сайланған жағдайда, қызметкер оны тағайындау туралы тиісті актінің немесе оны сайлау туралы уәкілетті органның хабарламасы негізінде мерзімінен бұрын қызметтен шығуға құқылы.
Тармақ 17
17. Қызметтен шығатын қызметкерлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы (әскери) оқу орындарынан шығарылған курсанттар қызметтік куәліктері мен жетондарын тапсырады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті басшының бұйрығымен жеке құрам тізімдерінен оны алып тастаған күн қызметкерді қызметтен шығару күні болып есептеледі.
Бап 52. 52-бап. Запасқа қою
52-бап. Запасқа қою
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін, сондай-ақ офицерлік құрамның шығарып жіберілген тыңдаушыларын қоспағанда) запасқа шығарылған қызметкерлері (офицерлік құрам) аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарындағы және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебіне алынуға жатады.
Тармақ 2
2. Қызметтен:
Тармақша 1
1)
курсанттарды қоспағанда, қатардағы
және сержанттық құрамнан;
Тармақша 1-1
1-1) әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілуіне байланысты
тыңдаушылар қатарынан;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;
Тармақша 3
3) теріс себептермен;
Тармақша 4
4) келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты шығарылған қызметкерлер жергілікті әскери басқару органдарына запасқа қойылуға жатады.
Бап 53. 53-бап. Запаста болудың шекті жасы
53-бап. Запаста болудың шекті жасы
Тармақ 1
1. Қызметкерлердің (офицерлік құрамдағы) запаста болуының шекті жасы ерлер үшін толық алпыс жасты, ал әйелдер үшін – толық қырық бес жасты құрайды.
Тармақ 2
2. Запаста болудың шекті жасына жеткен қызметкерлер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алына отырып, отставкаға шығарылады.
Тармақ 3
3. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президенті запаста болудың шекті жасын ұзартуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және олардың қызметкерлерінің запаста болу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Бап 54. 54-бап. Қызметін қалпына келтіру
54-бап. Қызметін қалпына келтіру
Тармақ 1
1. Қызметтен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы бұйрыққа жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қызметкерлерді (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызметтен заңсыз шығарған жағдайда, осыған байланысты келтірілген залал толық көлемде арнаулы мемлекеттік органдар есебінен өтелуге жатады.
Қызметтен негізсіз шығарылған қызметкерлер бұрынғы лауазымына (ал оның келісімімен – соған тең немесе төмен тұрған) қайта тағайындалады және заңсыз шығарылғаннан кейін алынбаған үлесінің барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Бұл кезең еңбек сіңірген жылдарына және кезекті арнаулы атақты беру үшін еңбек сіңірген мерзімге қосылады.
Тарау 7. 7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК
7-тарау. АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІК
Бап 55. 55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері
55-бап. Аттестаттау, оның мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Аттестаттау – қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін анықтау бойынша мерзімді жүзеге асырылатын рәсім, ол аттестаттау парағына енгізілетін бағалау материалдарының жиынтығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Аттестаттау мақсаты – қызметтік әрекетті, кәсіби біліктілікті жан-жақты және объективті бағалау, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін ұтымды пайдалану және дамыту.
Тармақ 3
3. Аттестаттау міндеттері:
Тармақша 1
1) әрбір қызметкердің кәсіби, іскерлік қасиеттеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және объективті сипаттама алу;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін және оларды одан әрі қызметте пайдалану перспективасын анықтау;
Тармақша 3
3) қызметкерлерді даярлауды (қайта даярлауды) және оқытуды жетілдіру бағытын анықтау;
Тармақша 4
4) кадр резервін қалыптастыру және дамыту;
Тармақша 5
5) қызметкерлерге орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар əзірлеу.
Бап 56. 56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
56-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
Тармақ 1
1. Қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдарда үздіксіз қызметте болған әр келесі үш жыл өткен соң аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап, алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді.
Тең дәрежелі лауазымдарға тағайындау кезінде, егер бұл лауазымдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары аттестатталуға жатпайды.
Жүктілігі мен босануына байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болу, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алу кезеңінде қызметкерлер аттестатталуға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.
Кемінде күнтізбелік жиырма жыл үздіксіз еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлер аттестациялық тестілеуге жатпайды.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Аттестаттау бірқатар кезектеп өткізілетін кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) дайындық іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне аттестаттық тестілеу жəне психологиялық-əлеуметтік зерттеулер жүргізу;
Тармақша 3
3) аттестаттау комиссиясының отырысында аттестаттауды қарау және қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды анықтау.
Тармақ 5
5. Арнаулы мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қызметкерлерді аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалады.
Бап 56-1. 56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау
56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау
Тармақ 1
1. Жоспардан тыс аттестаттау Жоғары аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша, басқа қызметкерлер үшін уəкілетті басшының шешімі бойынша өткізіледі.
Тармақ 2
2. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу негіздері:
Тармақша 1
1) қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы;
Тармақша 2
2) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;
Тармақша 3
3) қызметкерді келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару туралы мəселелерді шешу болып табылады.
Қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы мəселені шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау осы Заңның 56-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талаптар ескерілместен, соңғы аттестаттаудан кейін кемінде бір жыл өткен соң өткізілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу кезінде қызметкерлер мынадай:
Тармақша 1
1) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;
Тармақша 2
2) келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметкерді қызметтен шығару туралы мәселелерді шешу үшін аттестациялық тестілеуге жатпайды.
Бап 57. 57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар
57-бап. Аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар
Тармақ 1
1. Қызметкерлерді аттестаттауға байланысты іс-шараларды тікелей жүргізу кадр бөлімшелеріне жүктеледі.
Тармақ 2
2. Кадр бөлімшесі әр жылдың аяғында келесі жылға қызметкерлерді аттестаттаудың жоспар-кестесін дайындайды.
Тармақ 3
3. Уәкілетті басшы кадр бөлімшесінің ұсынуы бойынша қызметкерлерді аттестаттаудың жоспар-кестесін бекітеді.
Тармақ 4
4. Кадр бөлімшесі қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің мерзімдері туралы оны жүргізу басталғанға дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Аттестатталушының тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің кəсіби, іскерлік жəне жеке басының қасиеттерін жан-жақты зерделеп, атқарып отырған лауазымы бойынша жұмысының нақты көрсеткіштерін объективті түрде талдап жəне бағалап, оған мінездеме беруге жəне аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдар жасауға міндетті.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер аттестаттау комиссиясына аттестатталатын қызметкердің денсаулық жағдайы туралы жыл сайынғы диспансеризацияның нәтижелері бойынша мәлімет береді.
Тармақ 6
6. Аттестатталатын қызметкер компьютерлік тестілеуден өтеді, оның нақты күні туралы кем дегенде 7 жұмыс күні бұрын ескертіледі. Психолог-маман психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер кешенін жүргізеді және нәтижелері бойынша атқарып отырған лауазымына жеке, іскерлік қасиетінің және кәсіби құзыретінің сәйкес келуі туралы қорытынды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкерге аттестаттаудан кейінгі кезеңге ұсынымдар шығарады.
Тармақ 7
7. Аттестаттау қорытындысы бойынша тұжырымда аттестатталушы атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді деп көрсетіледі, содан кейін іскерлік қасиеттерін, жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ қызмет мүдделерін негізге ала отырып, оны одан әрі қызметте орынды пайдалану туралы пікір жазылады.
Бұл ретте мынадай:
жаңа келісімшарт, оның ішінде қызметте болудың шекті жасына жеткен қызметкермен келісімшарт жасасудың орындылығы туралы;
жоғары лауазымға ұсыну туралы;
әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға немесе даярлау немесе қайта даярлау курстарына жіберу туралы;
ауыстыру себебін көрсете отырып, тең лауазымға ауыстыру туралы;
қызметкерді себептері мен оны одан әрі қызметте пайдаланудың орындылығын көрсете отырып, атқарып отырған лауазымынан төмен лауазымға ауыстыру туралы;
кәсіби дамудың жеке бағдарламасын игеру туралы;
қызметтен шығару туралы ұсынымдар берілуі мүмкін.
Біреуден көп ұсынымды айқындау кезінде олардың мазмұны бір-біріне қайшы келмеуі тиіс.
Қажет болған жағдайда арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы өзгедей тұжырыммен айқындауға немесе қызметкерді аттестаттау кезіндегі ұсынымдар тізбесін толықтыруға құқылы.
Тармақ 8
8. Атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеуі туралы тұжырымды айқындау үшін:
Тармақша 1
1) лауазымдық міндеттерін орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың нақты фактілері көрсетілетін, аттестатталушы қызметкердің тікелей басшысы (бастығы) немесе арнаулы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлеген, аттестаттау бойынша алдын ала тұжырым мен ұсынымдары бар қызметтік мінездеме;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекті мәннен төмен қайта аттестаттық тестілеудің нәтижесі (нәтижелері);
Тармақша 3
3) арнаулы мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша нормативтердің орындалмауы;
Тармақша 4
4) жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері бойынша маман-психологтың қорытындысы;
Тармақша 5
5) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы);
Тармақша 6
6) қызметкердің келісімшарт талаптарын орындамауы негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының қарауына жатады.
Тармақ 10
10. Дəлелсіз себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына екі рет келмеген қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
Тармақ 11
11. Кезекті (жоспардан тыс) аттестаттаудан өтпеген жəне (немесе) өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан қызметкерлер осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылуға жатады.
Бап 58. 58-бап. Аттестаттау комиссиясы
58-бап. Аттестаттау комиссиясы
Тармақ 1
1. Аттестаттау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Жоғары аттестаттау комиссиясы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен құрылады. Арнаулы мемлекеттік органның бөлімшелерінде (органдарында) аттестаттау комиссиялары уәкілетті басшының бұйрығымен құрылады.
Тармақ 2
2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлерге қарағанда тең немесе жоғары тұрған лауазымды атқаруға тиіс. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда отырыс өткізілмейді.
Тармақ 3
3. Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы болып арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бірінші орынбасары немесе орынбасары тағайындалады.
Тармақ 4
4. Аттестаттау комиссиясының құрамына – органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жəне өзге де қызметкерлер, ал Жоғары аттестаттау комиссиясына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарлары жəне басқа да лауазымды адамдар енгізіледі. Аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы жалпы негіздерде аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау комиссиясының аттестаттауға жататын мүшелері өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 5
5. Кадр бөлімшесінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.
Тармақ 6
6. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдар мен ұсынымдарды (материалдарды) қараған кезде түсінік алу үшін аттестатталатын қызметкерлерді де және олардың тікелей басшыларын (бастықтарын) да, сондай-ақ аттестатталушы қызметкердің қызметіне және алдын ала жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарға тікелей қатысы бар басшыларды (қызметкерлерді) шақыруға құқығы бар.
Аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша аттестатталушы қызметкер әскери-дәрігерлік комиссияға жіберілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
Тармақ 8
8. Аттестаттау комиссиясының түпкілікті тұжырымдары мен ұсынымдары дауыс беру арқылы қабылданады және отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен оларға көпшілік дауыс берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып саналады.
Тармақ 9
9. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары бес жұмыс күнінің ішінде хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Тармақ 10
10. Кадр бөлімшесі қызметкердің аттестаттау парағына қабылданған тұжырымдар мен ұсынымдарды енгізеді, ол бекітілгеннен кейін мұнымен қызметкер он жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей қол қоя отырып, таныстырылады.
Объективті себептер бойынша қызметкерді бекітілген аттестаттау парағымен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, таныстыру қызметке келген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы жеке істе сақталады.
Бап 59. 59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары
59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары
Тармақ 1
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын уəкілетті басшы бекітеді.
Жоғары аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 2
2. Уəкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары қызметкерді кадр резервіне қабылдауға, тең лауазымға тағайындауға, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіздер болып табылады.
Бап 60. 60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау
60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына шағым жасау
Тармақ 1
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына қызметкер танысқан күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей уəкілетті басшының немесе арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының алдында шағым жасай алады.
Тармақ 2
2. Уəкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның басшысы қызметкерді аттестаттаудан өткізу тəртібінің бұзылғаны туралы анық мəліметтерді алған жағдайда, өткізілген аттестаттау нəтижелерінің күшін жоюға жəне қажет болған кезде, оны қайтадан өткізуді тағайындауға құқылы.
Бап 61. 61-бап. Сыныптық біліктілік
61-бап. Сыныптық біліктілік
Әрбір қызметкердің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында сыныптық біліктілік беру, оны көтеру, растау, сақтау, төмендету және алу рәсімі арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП
8-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП
Бап 62. 62-бап. Қызметтік тәртіп
62-бап. Қызметтік тәртіп
Тармақ 1
1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларды қатаң және дәл сақтау.
Қызметтік тәртіп әрбір қызметкердің қызметтік борышын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жеке жауапкершілігін сезінуіне негізделеді.
Тармақ 2
2. Басшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті күнделікті сақтауға міндетті.
Тармақ 3
3. Қызметтік тәртіпке:
Тармақша 1
1) қызметкерлерге патриоттық, имандылық және рухани тәрбие беруді ұйымдастырумен, оларда жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастырумен;
Тармақша 2
2) әрбір қызметкердің өзінің міндеттерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға деген жеке жауаптылығымен;
Тармақша 3
3) бөлімшеде күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін сақтаумен;
Тармақша 4
4) басшылардың жеке үлгі көрсетуімен және бағынысты қызметкерлерге қызметтік міндеттерін тиісінше орындауы туралы күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын бақылаумен, қызметкерлердің құқықтары мен жеке қадір-қасиетін құрметтеумен, оларға қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестіру және дұрыс қолданумен;
Тармақша 5
5) бөлімшеде қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі – қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін олар жауапты болатын жауапкершілік түрі.
Тармақ 5
5. Қызметкерлерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі болып табылады.
Тармақ 6
6. Қызметтік тәртіптің жай-күйіне арнаулы мемлекеттік органдардың басшылары жауап береді. Олар бағынысты қызметкерлерден оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, тәртіп бұзушыларды әділ жазалауға міндетті.
Тармақ 7
7. Қызметтік тәртіпті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген басшы бұл үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 8
8. Қызметтік тәртіпті сақтау бойынша басшылардың лауазымдық міндеттерін, оларға сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті нығайту мен сақтау бойынша бағалаудың негізгі өлшемдерін тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Тармақ 9
9. Қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдардың орналасқан жерінен тысқары жерлерде, қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік әрекетпен немесе қызмет мүдделерімен байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылықтары мен теріс қылықтары үшін басшы тәртіптік жауаптылықта болмайды.
Тармақ 10
10. Әрбір қызметкер басшыға бөлімшеде тәртіп орнатуға және қызметтік тәртіпті сақтауға жәрдемдесуге міндетті. Басшыға жәрдемдесуден бас тартқаны үшін қызметкер жауапкершілікте болады.
Тармақ 11
11. Басшының бұйрық беру құқығы мен бағынысындағының оған мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі қағидаттары болып табылады.
Бап 63. 63-бап. Көтермелеулер
63-бап. Көтермелеулер
Тармақ 1
1. Көтермелеу – қызметкерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылатын оның қызметтік әрекетіне берілген оң баға.
Тармақ 2
2. Көтермелеу қызметтік міндеттерін адал және ынтамен атқаратын және қызметтік борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерге қатысты қолданылады.
Тармақ 3
3. Басшы осы Заңда өзіне берілген құқықтар шегінде бағынысты қызметкерлерді міндеттерін үлгілі орындағаны және қызметтік әрекетте қол жеткізген жетістіктері үшін көтермелеуге міндетті.
Басшы өзіне берілген құқықтарды жеткіліксіз деп санаған жағдайда, ол ерекше көзге түскен қызметкерлерді жоғары тұрған басшының құқығымен көтермелеу туралы өтініш жасауы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ерекше көзге түскен қызметкерлер ерліктері мен мемлекет алдында сіңірген еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актісі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде атаулы қарумен марапатталуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Ерекше сіңірген еңбектері үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталуға ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Қызметкерлерге сонымен қатар мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) бұрын қолданылған жазаны алып тастау;
Тармақша 2
2) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезектен тыс босату (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары үшін);
Тармақша 3
3) алғыс жариялау;
Тармақша 4
4) ақшалай сыйлықақымен марапаттау;
Тармақша 5
5) бағалы сыйлықпен марапаттау;
Тармақша 6
6) грамотамен марапаттау;
Тармақша 7
7) ведомстволық медальдармен, төсбелгімен және арнайы белгілермен марапаттау;
Тармақша 8
8) құрметті атақ беру;
Тармақша 9
9) арнаулы мемлекеттік орган бөлімшесінің Құрмет кітабына енгізу;
Тармақша 10
10) әскери, арнаулы оқу орнын алтын медальмен аяқтаған әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының тегін Құрмет тақтасына жазу, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орнын оқуда ең үздік көрсеткіштермен аяқтағандар арасынан көтермелеу ретінде бірінші, екінші, үшінші курсанттарды, тыңдаушыларды анықтау;
Тармақша 11
11) кезекті арнаулы атағын мерзімінен бұрын беру;
Тармақша 12
12) кезекті арнаулы атағын атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары беру.
Осы тармақта көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Тармақ 7
7. Көтермелеу түрін айқындаған кезде қызметкердің сіңірген еңбегінің немесе ерекшелігінің сипаты, сондай-ақ оның қызметке деген бұрынғы ынтасы назарға алынады.
Тармақ 8
8. Арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бір мезгілде қолданылуы мүмкін грамотамен және ақшалай сыйлықақымен марапаттау түріндегі көтермелеуін қоспағанда, қызметкерге дәл сол бір ерекшелігі үшін бір ғана көтермелеу жариялануы мүмкін.
Тармақ 9
9. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазасын алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы жазаны қолданған уәкілетті басшыға, сондай-ақ жоғары тұрған басшыға тиесілі.
Тармақ 10
10. Көтермелеу түрінде бір уақытта тек бір тәртіптік жаза алынып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен көтермелеулердің басқа түрлері қолданылмайды.
Тармақ 11
11. Басшының және уәкілетті басшының тәртіптік жазаны, егер ол өзінің тәрбиелік рөлін атқарса, қызметкер жаңадан теріс қылық жасамаса және өз тәртібін қызметтік борышын адал орындаумен түзесе, алты ай өткенге дейін алып тастауға құқығы бар.
Тармақ 12
12. Көтермелеулер сап алдында немесе қызметкерлер кеңесінде жарияланады.
Көтермелеулер туралы бұйрықтарды жариялау, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі.
Бап 64. 64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар
64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар
Тармақ 1
1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдеп қағидаларын бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы.
Тармақ 2
2. Елеулі емес теріс қылық жасаған қызметкерге басшының қызметтік тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасаумен шектелуге құқығы бар.
Жазбаша ескертуді лауазымды адам тиісті басшының тапсырмасымен жасайды.
Жазбаша ескерту қызметкерге қол қойғыза отырып, жеткізіледі, тіркеледі және қызметкердің жеке ісіне қосу үшін кадр бөлімшесіне беріледі. Алты ай өткеннен кейін ол алынады және оны кадр бөлімшесі белгіленген тәртіппен жояды.
Жазбаша ескерту жаза болып саналмайды.
Тармақ 3
3. Алдын алу мақсатында қызметкерлердің теріс қылықтары басшының шешімі бойынша:
Тармақша 1
1) қатардағы қызметкерлер үшін – жеке құрамның жиналыстарында;
Тармақша 2
2) сержанттар үшін – сержанттар құрамының жиналыстарында;
Тармақша 3
3) офицерлер үшін – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.
Тармақ 4
4. Аға офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек аға және жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында, жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін.
Тармақ 5
5. Кейінге қалдыруды күттірмейтін ерекше жағдайларда қызметкер оның жауаптылығы туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін.
Қызметкерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не қызметкердің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақытылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Қызметкерді лауазымынан оны лауазымға тағайындау құқығы берілген басшы шеттетеді.
Бағынысты қызметкерді лауазымынан шеттеткен басшы лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға міндетті.
Бағынысты қызметкерді оған жеткілікті негізсіз лауазымынан шеттеткен басшы ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады.
Тармақ 7
7. Тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – қызметкерге уәкілетті басшы қолданатын тәртіптік ықпал ету шарасы.
Тармақ 8
8. Қызметкерлерге қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) сөгіс;
Тармақша 3
3) қатаң сөгіс;
Тармақша 4
4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
Тармақша 5
5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету;
Тармақша 6
6) теріс себептер бойынша қызметтен шығару.
Тармақ 9
9. әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ескерту;
Тармақша 2
2) кезектен тыс нарядқа қою (бөлімшені күзетуді қамтамасыз ету бойынша нарядқа қоюды қоспағанда);
Тармақша 3
3) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезекті шығуынан айыру;
Тармақша 4
4) сөгіс;
Тармақша 5
5) қатаң сөгіс;
Тармақша 6
6) теріс себептермен қызметтен шығару.
Тармақ 10
10. Теріс қылық жасаған қызметкерге осы Заңда белгіленген жазалар ғана қолданылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Қызметкерлердің топ болып жасаған теріс қылығы кезінде жазалар әрбір кінәліге оның жауаптылық шамаларына қарай жеке қолданылады.
Тармақ 12
12. Дәл сол теріс қылығы үшін бірнеше жаза қолдануға немесе бір жазаны басқасымен біріктіруге, тікелей кінәлілерді жазалаудың орнына бөлімшенің барлық жеке құрамына жаза қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Жаза қолдану теріс қылық жасаған қызметкерді оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді атқарудан босатпайды.
Тармақ 14
14. Егер уәкілетті басшы бағынысындағы адам жасаған теріс қылықтың ауырлығына қарай, өзіне берілген тәртіптік құқықтар жеткіліксіз деп санаса, ол жоғары тұрған басшының құқығымен кінәліге жаза қолдану туралы өтініш жасайды.
Тармақ 15
15. Жоғары тұрған басшының бағынысындағы басшы қолданған тәртіптік жазаны қатаңдық себебі бойынша алып тастауға немесе төмендетуге, егер соңғысы оған берілген өкілеттікті асыра пайдаланбаса, құқығы жоқ.
Тармақ 16
16. Жоғары тұрған басшы осы жаза, жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес емес деп тапса, бағынысындағы басшының қолданған тәртіптік жазасын алып тастауға және неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар.
Жаза заңсыз қолданылған жағдайда, ол жоғары тұрған басшының құқығымен алынып тасталуы мүмкін.
Заңсыз жаза қолданған басшы ол үшін жауапты болады.
Тармақ 17
17. Қызметкерге жаза қолдану оны заңмен көзделген жауаптылықтың басқа да түрлерінен босатпайды.
Тармақ 18
18. Қызметкерлерге қолданылатын жазалар олар жасаған теріс қылықтың ауырлығына және олардың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.
Егер кінәлі теріс қылықты бірнеше рет жасаған немесе топ болып тәртіп бұзуға қатысқан болса, егер теріс қылық кезекшілік, наряд уақытында және қызметтік міндеттерді атқару кезінде немесе алкогольдiк, есiрткiлiк, психотроптық, уыттық (оларға ұқсас) мас күйде жасалған болса, жазаның қатаңдығы арттырылады.
Тармақ 19
19. Тәуліктік наряд құрамына кіретін (кезекшілік өткеретін) қызметкерге қызмет өткеру уақытында оның жасаған теріс қылықтары үшін жаза қолдану нарядтан ауысқаннан немесе оны басқа қызметкермен ауыстырғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Қызметкерге жаза қолдану кезінде оның жеке ар-намысын кемсітуге, оған дене азабы мен моральдық азап келтіруге және дөрекілік көрсетуге жол берілмейді.
Бап 65. 65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі
65-бап. Қызметтік тексеру жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қызметтік тексеру – қызметкердің теріс қылықты жасау мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет.
Тармақ 2
2. Қызметтік тексеру оны жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды айқындау, кінәлілерді анықтау және жазадан құтылмаушылық қағидатын қамтамасыз ету не қызметкерді жауаптылыққа негізсіз тартуды болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қызметтік тексеру жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) баянаттар, арыздар, шағымдар мен хаттар;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтар мен оқиғалар фактілері;
Тармақша 3
3) тексерістер қорытындылары;
Тармақша 4
4) бөлімшенің оқу, жедел және қызметтік іс-қимылын тексеру нәтижелері;
Тармақша 5
5) алдын ала анықтау, тергеу және сот органдарының хабарламалары;
Тармақша 6
6) лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары;
Тармақша 7
7) қызметкерді Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар негіз болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қызметтік тергеп-тексеру уәкілетті басшының бұйрығымен тағайындалады және оны уәкілетті лауазымды адам он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Бұйрық болмаған кезде қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге жол берілмейді.
Айрықша жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру мерзімі қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшының бұйрығымен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қызметтік тергеп-тексеру мерзімінің есептелуі оның тағайындалған күнінен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Тармақ 5
5. Қызметкер теріс қылық жасаған кезде одан міндетті түрде жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер түсініктемесінде қызметкер өзінің теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не қосымша тексеру іс-шараларын жүргізу не оқиға болған жерге барып тексеру қажет болмаса, онда уәкілетті басшы, қызметке толық сәйкес еместiгi туралы ескерту, арнаулы атақты бір сатыға төмендету және теріс себептер бойынша қызметтен шығару түріндегі жазаларды қоспағанда, қызметтiк тексеру жүргiзбей-ақ тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
Арнаулы атақты бір сатыға төмендету және теріс себептер бойынша қызметтен шығару түріндегі тәртіптік жазалар жүргізілген қызметтiк тексеру нәтижелерi бойынша тәртіптік комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, қолданылады.
Егер қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, уәкілетті басшы теріс қылық анықталған күннен бастап үш
жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Заңда айқындалған тәртіппен қызметтік тексеруді тағайындауы тиіс.
Тармақ 6
6. Басшы қызметтік тексеру жүргізу үшін лауазымдық қызметі бойынша теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына тең немесе одан жоғары уәкілетті лауазымды тұлғаны тағайындайды.
Теріс қылық жасаған қызметкердің лауазымына атқаратын лауазымы бойынша тең немесе жоғары болатын уәкілетті лауазымды адамды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда теріс қылық жасаған қызметкердің атағына тең немесе одан жоғары болатын, басшы құрамнан адамды тағайындауға рұқсат етіледі.
Қажет болған жағдайда қызметтік тексеру жүргізуге арнаулы білімді қажет ететін мәселелер бойынша қорытындылар, түсініктер мен консультациялар алу үшін мамандар ретінде жедел-қызметтік іс-қимылдың тиісті бағытының қызметкерлері тартылуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.
Қажет болған жағдайларда уәкілетті басшы уәкілетті лауазымды адамды және мамандарды қызметтік тергеп-тексеру жүргізу уақытына олардың лауазымдық міндеттерін атқарудан босатуы мүмкін, ол туралы бұйрықта көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Қызметтiк тексеру жүргiзуге оның нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған тұлғаға, өзiн осы тексеру жүргiзуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгiнуге мiндеттi. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда қызметтiк тексеру нәтижелерi жарамсыз деп есептеледi.
Тармақ 8
8. Қызметкер тек өзіне қатысты кінәсі анықталған теріс қылық үшін ғана тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Тармақ 9
9. Қасақана немесе абайсызда құқыққа қарсы әрекет жасаған (әрекетсіздік танытқан) қызметкер теріс қылық жасағаны үшін кінәлі болып танылады.
Тармақ 10
10. Егер, оны жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын ұғынып, оның зиянды салдарының болуын болжап білсе және осы салдардың болуын тілесе немесе саналы түрде жол берсе не болмаса оларға немқұрайлы қараса, теріс қылық қасақана жасалған болып табылады.
Тармақ 11
11. Егер теріс қылық жасаған қызметкер өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарларының болу мүмкіндігін болжап білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негiздерсiз жеңiлтектiкпен болдырмау мүмкіндігіне сенсе не қажетті ұқыптылық пен сақтық кезiнде оларды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра, осындай салдарлардың болу мүмкiндiгiн болжап бiлмесе, ол абайсызда жасалған болып танылады.
Тармақ 12
12. Қызметтiк
тергеп-тексеру мынадай:
Тармақша 1
1) қызметкер қызмет орнын өз бетiмен тастап кеткен;
Тармақша 2
2) қызметкер демалыста, қызметтiк iссапарда болған;
Тармақша 3
3) қызметкердің ауырғаны заңда белгiленген тәртiппен расталған;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, ұзақ уақытты талап ететiн сараптамалар (зерттеулер) жүргізілген;
Тармақша 5
5) қызметтiк тексеруге кедергi жасайтын басқа да жағдайларда уәкілетті басшының бұйрығымен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Қызметтiк тексеру, егер оны тоқтата тұру үшін негіздер болмаса, уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтiрiледi.
Тармақ 14
14. Қызметтiк тексеру барысында:
Тармақша 1
1) терiс қылықтың мазмұны мен сипаты, оның жасалған уақыты, орны, тәсiлi және басқа да мән-жайлар;
Тармақша 2
2) терiс қылық салдарының болуы мен сипаты;
Тармақша 3
3) келтiрiлген зиянның мөлшерi;
Тармақша 4
4) терiс қылық жасаған тұлға;
Тармақша 5
5) қызметкердің жауаптылығын болдырмайтын, жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар;
Тармақша 6
6) терiс қылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар;
Тармақша 7
7) терiс қылық жасаған қызметкердің жеке басын сипаттайтын деректер;
Тармақша 8
8) қызметкердің терiс қылық жасаудағы кiнәсi, терiс қылық жасау ниетiнiң немесе абайсыздықтың болуы және дәлелдерi;
Тармақша 9
9) қызметкерді жауаптылыққа тарту туралы шешiм қабылдау үшiн маңызы бар басқа да мән-жайлар анықталады.
Тармақ 15
15. Мыналар:
Тармақша 1
1) терiс қылық жасаған қызметкердің өкiнуi;
Тармақша 2
2) қызметкердің өзiнiң терiс қылық жасағаны туралы басшыларға өз еркiмен хабарлауы;
Тармақша 3
3) терiс қылық жасаған қызметкердің терiс қылықтың зиянды салдарын болдырмауы, келтiрiлген зиянды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;
Тармақша 4
4) ауыр жеке немесе отбасы жағдайларының қалыптасуы кезiнде терiс қылық жасау;
Тармақша 5
5) мәжбүрлеу нәтижесiнде терiс қылық жасау;
Тармақша 6
6) қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзған, қажетті қорғану жағдайында, құқыққа қарсы озбырлық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе команданы орындау кезiнде терiс қылық жасау тәртiптiк жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып табылады.
Қызметкерге жаза қолданатын басшы өзге де мән-жайларды жеңiл деп тануы мүмкiн.
Тармақ 16
16. Мыналар:
Тармақша 1
1) басшының оны тоқтату туралы талабына қарамастан, құқыққа қарсы әрекеттi (әрекетсiздiктi) жалғастыру;
Тармақша 2
2) егер бiрiншi терiс қылық үшiн қызметкерге жаза қолданылған болса және ол белгiленген тәртiппен алынбаса, осындай терiс қылықты қайтадан жасау;
Тармақша 3
3) терiс қылықты топ болып жасау;
Тармақша 4
4) бағынысындағы қызметкерді терiс қылық жасауға тарту;
Тармақша 5
5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе қастандық себебі бойынша терiс қылық жасау;
Тармақша 6
6) басқа тұлғалардың заңды әрекеттерi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа терiс қылықты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатында терiс қылық жасау;
Тармақша 7
7) олардың өзiне жүктеген мiндеттердi орындауға байланысты лауазымды тұлғаларға немесе оның жақындарына ықпал ету жолымен терiс қылық жасау;
Тармақша 8
8) кезекшiлiкте, тәуліктік нарядтағы қызметте, арнаулы мiндеттердi орындау кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде терiс қылық жасау;
Тармақша 9
9) алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан (оларға ұқсас) мас күйінде терiс қылық жасау тәртiптiк жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Осы Заңда аталмаған басқа мән-жайлар тәртiптiк жауаптылықты ауырлататын болып танылмайды.
Тармақ 17
17. Қызметтiк тексеру барысында оны жүргiзу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның:
Тармақша 1
1) тәртіптік жазаға тартылған қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға;
Тармақша 2
2) қызметкердің теріс қылық жасағандығын растайтын материалдарды жинақтауға;
Тармақша 3
3) тиісті құжаттармен танысу, қажет болған жағдайда олардың көшірмесін қызметтік тексеру материалдарына қосуға;
Тармақша 4
4) арнайы білімді қажет ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытынды, түсіндірме және консультациялар алуға;
Тармақша 5
5) теріс қылық жасалған жерге баруға құқығы бар.
Тармақ 18
18. Қызметкерлер қызметтік тексеруді жүргізуге тағайындалған уәкілетті лауазымды тұлғаға көмек көрсетуге міндетті және берілген мәліметтердің растығына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Қызметкердің теріс қылық жасағандығы туралы фактіні растайтын немесе теріске шығаратын мәліметтер кез келген нысанда болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Егер қызметтік тексеру барысында қызметкердің теріс қылықтарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігі анықталса, басшы дереу жоғары тұрған басшыға баяндайды.
Тармақ 21
21. Қызметтік тергеп-тексеру аяқталған соң оның нәтижелері туралы тұжырымдары мен ұсыныстары бар қорытынды жасалады, ол қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді тағайындаған уәкілетті басшыға бекітуге ұсынылады.
Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытынды бекітілгеннен кейін уəкілетті лауазымды адам оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді – қорытындымен, сондай-ақ қызметкердің талап етуі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен қолын қойғыза отырып таныстыруға міндетті.
Қызметкер қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындымен танысудан бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері не тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың шығарылуын тоқтата тұрмайды.
Жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары, сондай-ақ арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мәселесін қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.
Тармақ 22
22. Өзiне қатысты қызметтiк тексеру жүргiзiлген қызметкер:
Тармақша 1
1) жүргiзiлетiн қызметтiк тексерудiң мәнi бойынша жазбаша түсiнiктеме беруге;
Тармақша 2
2) өтiнiш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға;
Тармақша 3
3) қызметтiк тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған арнаулы мемлекеттік орган басшысына немесе уәкiлеттi басшыға қызметтiк тексеру жүргiзетiн қызметкерлердiң шешiмдерiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға;
Тармақша 4
4) қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен, егер бұл мемлекеттiк құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, танысуға құқылы.
Тармақ 23
23. Осы Заңның негізінде теріс себептер бойынша жұмыстан шығаруға жататын, арнаулы атақты бір саты төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылатын қызметкерлерге, сондай-ақ қызметтік тексеру тұжырымдары мен ұсыныстарына келіспейтін тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру материалдары тәртіптік комиссияда қаралуға жатады.
Тармақ 24
24. Қызметтік тексеру жүргізілетін қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады. Оның бас тартуы қызметтік тексеруді жүргізуді тоқтатпайды. Бұл жағдайда қызметкер тәртіптік комиссияда тыңдалады.
Бап 66. 66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі
66-бап. Тəртіптік комиссияны қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі
Тармақ 1
1. Тəртіптік комиссия теріс қылық жасаудың мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде анықтау жəне оны жасаған адамды жазалау шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатында, қызметкердің теріс қылығына қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау жəне фактілерді зерттеу үшін арнаулы мемлекеттік органдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Тəртіптік комиссияның мүшелері бөлімшенің жеке құрамының жиналыстарында неғұрлым тəжірибелі жəне беделге ие офицерлер арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Тəртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға жəне кемінде үш адам болуға тиіс, олардың біреуі төраға болып табылады.
Тармақ 3
3. Тəртіптік комиссияның құрамы уəкілетті басшының бұйрығымен бекітіледі. Тəртіптік комиссияның төрағасы болып уəкілетті басшы орынбасарларының біреуі тағайындалады. Бөлімшенің кадр аппаратының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тəртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Уəкілетті басшылар мен олардың орынбасарларының теріс қылықтары арнаулы мемлекеттік органның тəртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары – жоғары офицерлер қатарынан ғана тұратын тəртіптік комиссияда, аға офицерлердің теріс қылықтары аға офицерлер қатарынан тұратын тəртіптік комиссияда қаралады.
Тармақ 5
5. Тəртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тəртіптік комиссияның отырыстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі, бірақ кемінде үш адам болған кезде құқықты болады. Тəртіптік комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 6
6. Тəртiптiк комиссияның мүшелерi отырыстың өткiзiлетiн күнi, орны, оның күн тəртiбi туралы отырысқа дейiн хабардар етiлуге жəне отырыс материалдарымен таныстырылуға тиiс.
Тармақ 7
7. Тəртiптiк комиссияның мүшесi өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының терiс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тəртiптiк комиссия мүшесiнiң тиiстi шешiм қабылдауға тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар деп пайымдауға негіздер болса, қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарауға жəне фактілердi зерттеуге қатысуға құқылы емес.
Тармақ 8
8. Тəртiптiк комиссияның мүшелерiне қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарау барысында өздеріне белгiлi болған мəлiметтердi жария етуге тыйым салынады.
Тармақ 9
9. Тəртiптiк комиссияның отырысына өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердің қатысуы мiндеттi.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеген жағдайда, бұл факт тəртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің тəртіптік комиссияның отырысына дəлелсіз себеппен келмеуі жаза қолдану туралы шешім қабылдау үшін кедергі болмайды.
Тармақ 10
10. Тəртiптiк комиссия терiс қылыққа қатысты қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарайды жəне фактілердi зерттейдi. Тəртiптiк комиссия өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердiң жəне қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзген уəкілетті лауазымды адамдардың түсiнiктемелерiн тыңдауы мүмкiн.
Қажет болған кезде, тəртiптiк комиссияның куəлар мен мамандарды тыңдауға, терiс қылыққа (оқиғаға) қатысты материалдарды сұратуға жəне кез келген фактіні зерттеуге құқығы бар.
Тармақ 11
11. Тəртiптiк комиссияның ұсыныстары тəртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тəртiптiк комиссияның мүшелерi өз пiкiрiн айқын айтуға жəне дауыс беру кезiнде қалыс қалмауға мiндеттi.
Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 12
12. Тəртiптiк комиссия қызметтiк тергеп-тексеру материалдары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басшыға қызметкердің тəртiптiк жауаптылығы туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Тəртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тəртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшы қол қояды.
Бап 67. 67-бап. Тәртiптiк комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi
67-бап. Тәртiптiк комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Тәртiптiк комиссия мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) қызметкердің терiс қылықтары туралы қызметтiк тексеру материалдарын қарауды;
Тармақша 2
2) жазалар түрлерiн қолдану мәселелерi бойынша ұсыныстар әзірлеуді және уәкілетті басшыға енгiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тәртiптiк комиссия өз құзыретi шегiнде функцияларды iске асыру мақсатында мыналарға:
Тармақша 1
1) терiс қылық жасаған қызметкердің, куәгерлердің және қызметтiк тексеру жүргiзген лауазымды тұлғалардың түсiнiктерiн тыңдауға;
Тармақша 2
2) материалдар, ақпарат сұратуға және терiс қылыққа (оқиғаға) қатысты кез келген фактiлердi зерттеуге құқылы.
Тармақ 3
3. Тәртiптiк комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) тәртiптiк комиссияны басқарады, оның жұмысына басшылық жасауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тәртiптiк комиссия отырыстарының күн тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 3
3) қызметтiк тексеру материалдары келiп түскен кезде тәртiптiк комиссия отырысының уақытын айқындайды. Тәртiптiк комиссияның төрағасы болмағанда оның уәкiлеттiк етуi бойынша отырыстарда тәртiптiк комиссия мүшелерiнiң бiреуi төрағалық етедi;
Тармақша 4
4) тәртiптiк комиссияның отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды.
Тармақ 4
4. Тәртiптiк комиссияның хатшысы:
Тармақша 1
1) тәртiптiк комиссия мүшелерiн тәртiптiк комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етедi;
Тармақша 2
2) тәртiптiк комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) тәртiптiк комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргiзедi;
Тармақша 4
4) тәртiптiк комиссияның ұсыныстарын басшыға жiбередi;
Тармақша 5
5) тәртiптiк комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 8
8. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 9
9. Алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 68. 68-бап. Жаза қолдану тәртiбi
68-бап. Жаза қолдану тәртiбi
Тармақ 1
1. Уәкілетті басшы қызметтiк тергеп-тексеру материалдары мен тәртiптiк комиссияның ұсыныстары негiзiнде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиiстi шешiм қабылдайды.
Тармақ 2
2. Қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша уәкілетті басшы қызметтік тексеру жүргізуге тағайындалған лауазымды уәкілетті тұлға дайындауға жауапты болып саналатын бұйрық шығару жолымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Терiс қылық жасаған қызметкерге тәртiптiк жаза қолдану (кейiнге қалдыруды күтпейтiн жағдайларды қоспағанда) қызметтік тәртiптi бұзудың мән-жайын жақсы анықтау үшiн терiс қылық анықталған сәттен бастап, кемiнде үш тәулiк өткеннен кейiн жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешіктірілмей және оның жасалған күнінен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Уәкілетті басшыға теріс қылықтың жасалғаны туралы белгілі болған күн теріс қылық анықталған күн болып есептеледі.
Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.
Жаза қолдану мерзімінің өтуі мынадай:
Тармақша 1
1) қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіз болған;
Тармақша 2
2) қызметкер еңбек демалысында немесе іссапарда болған;
Тармақша 3
3) қызметкер даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған;
Тармақша 4
4) қызметкер өзінің теріс қылық жасағаны туралы актілерге сот тәртібімен шағым жасаған;
Тармақша 5
5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені қарау үшін жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілген жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тармақ 5
5. Қызметтегi, кəсіби-қызметтік даярлықты жəне тəрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшiн әскери, арнаулы оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітіргеннен кейiн қызмет өткеру үшiн келген қызметкерлерге тəртiптiк жауаптылық шараларын лауазымға кiрiскеннен кейiн кемiнде алты ай өткен соң қолдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 6
6. Бiр-бiрiне бағынысты емес қызметкерлер жеке мiндеттердi бiрлесiп атқарған кезде, олардың қызметтiк өзара қарым-қатынастары уәкілетті басшымен айқындалмаған жағдайда олардың лауазымы бойынша үлкенi, ал тең лауазымдар кезiнде әскери атағы бойынша үлкенi бастық болып табылады және оған атқарып отырған лауазымы бойынша берiлген тәртiптiк құқықтарды пайдаланады.
Бап 69. 69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi
69-бап. Жазаларды жариялау тәртiбi
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Тәртіптік жаза қолданғаны туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қол қоюы арқылы тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге жарияланады.
Тармақ 3
3. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен танысудан бас тарту арнаулы мемлекеттік органның кадр бөлімшелері дайындайтын және қызметтік тексеру материалдарына тігілетін актімен ресімделеді.
Тармақ 4
4. Қолданылған жаза туралы аға офицерлерге жариялау кезінде – тек олардың басшылары, сондай-ақ аға және жоғары офицерлер, жоғары офицерлерге жариялау кезінде олардың басшылары және жоғары офицерлер қатыса алады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті басшыларға және олардың орынбасарларына бағынысындағы адамдардың қатысуымен тәртiптiк жаза жариялауға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жазаны жариялаған кезде қызметкерге жазаға әкеп соқтырған себеп және құқық бұзушылықтың мәнi көрсетiледi.
Бап 70. 70-бап. Жазаны алу
70-бап. Жазаны алу
Тармақ 1
1. Қызметкердің:
Тармақша 1
1) оған соңғы жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткенге дейiн тиiстi уәкілетті басшы көтермелеу тәртiбiмен жазаны алып тастағаннан кейiн;
Тармақша 2
2) осы Заңның 28-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оған соңғы жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін жазасы жоқ болып саналады.
Тармақ 2
2. Жазаны көтермелеу тәртібімен алу осы жазаны қолданған уәкілетті басшының немесе жоғары тұрған басшының жазбаша бұйрық шығаруы арқылы жүргiзіледi.
Тармақ 3
3. Бұрын жоғары тұрған басшы қолданған жазаны бағынысты адамнан көтермелеу тәртiбiмен алу үшiн қызметкердің тiкелей басшысы тиісті өтiнiш енгізеді.
Осы жазаны қолданған уәкілетті басшы аталған өтiнiштi оны алған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде қарауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Қызметкер қызметтен шығарылған күні алынбаған жаза ол қызметтен шығарылған күннен бастап алынған болып саналады.
Тармақ 5
5. Жазаларды алу қызметкердің жеке ісінде тиісті жазбамен ресімделеді.
Тармақ 6
6. Егер қызметкерге қолданылған жаза көтермелеу тәртiбiмен алынбаса, алты ай өткен соң "Жазалар" бөлiмiнiң тиiстi бағанында мерзiмiнiң өтуi бойынша жазаның алынғаны туралы белгi жасалады.
Бап 71. 71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi
71-бап. Қызметкерлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiндегi олардың құқықтарының кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тартуға:
Тармақша 1
1) терiс қылық фактiсi болмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) егер оның iс-әрекеті (әрекетсiздiгi) құқыққа қарсы болып табылмаса;
Тармақша 3
3) дәл сондай тәртіптік терiс қылық үшiн қайтара;
Тармақша 4
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмi кезінде;
Тармақша 4-1
4-1) ол еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезеңде;
Тармақша 4-2
4-2) ол еңбек демалысында немесе іссапарда болған кезеңде;
Тармақша 4-3
4-3) ол даярлауда, қайта даярлауда, біліктілікті арттыру курстарында және тағылымдамада болған жағдайда;
Тармақша 5
5) қызметтен шығаруға байланысты оны жеке құрам тiзiмiнен шығарған жағдайда жол берiлмейдi.
Тармақ 2
2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жазбаша нысанда шағым жасауға құқылы.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесінің басшысы шағымды қараудың нәтижелерi бойынша бiр ай мерзiмде мынадай:
Тармақша 1
1) қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрықты өзгерiссiз қалдыру туралы;
Тармақша 2
2) қызметкерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы осы Заңның талаптары бұзыла отырып шығарылған бұйрықты жою және заңсыз жазаны қолданған уәкілетті басшыны жауаптылыққа тарту туралы;
Тармақша 3
3) егер жаза осы Заңның талаптары сақтала отырып шығарылса, бiрақ жасалған терiс қылықтың ауырлығына сәйкес келмесе, неғұрлым қатаң жаза қолдану туралы жаңа бұйрық шығару туралы шешiмдердiң бiреуiн шығаруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Жаза қолдану туралы шешiмге шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.
Тарау 9. 9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
9-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АҚШАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Бап 72. 72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету
72-бап. Ақшалай қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Ақшалай үлес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ақшалай қамтудан (лауазымдық айлықақы және арнаулы атағы бойынша айлықақы), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылардан және басқа да үстемеақылардан тұрады.
Қызметкерлерге ақшалай ризық:
1) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеру кезеңдері үшін;
2) қамауда немесе күзетпен ұстауда болған кезеңдері үшін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Тармақ 3
3. Қызметкер осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген уәкілетті басшының қарамағында болған жағдайларда ол соңғы қарамағына шыққанға дейін атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі.
Осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 64-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметкерге атағы бойынша айлықақы төленеді.
Тармақ 4
4. Қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс беріле отырып, демалысының ұзақтығына қарамастан, екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді.
Қызметкер теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Қызметкерге жыл сайынғы демалыс бөлініп берілген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы демалысының бірінші бөлігінде төленеді.
Тармақ 5
5. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу үшін ақшалай қамтамасыз етудің және қызмет (жұмыс) өтілін айқындаудың тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
Бап 73. 73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Қызметкерлерге (жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызметтік тұрғынжайда тұратын қызметкерлерден, сондай-ақ курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен төленеді.
Тармақ 2
2. Қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жәрдемақылардың өзге де түрлерін төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы тағайындауды, қызметкерлер қатарынан қайтыс болған зейнетақы алушылардың отбасына жерлеу үшін біржолғы төлемдер мен біржолғы жәрдемақылар беруді қызметкерлер жұмыстан шыққан күнге қызмет өткерген тиісті арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөлімшелері жүзеге асырады.
Зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесі тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген нысан бойынша зейнетақы куәлігімен расталады.
Тармақ 3
3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы киім нысанымен жəне басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) алынбай қалған заттай мүліктердің орнына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің жекелеген санаттары қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен ақшалай өтемақы төленеді.
Тармақ 5
5. Қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін:
медициналық көрсетулер бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;
арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;
қызмет бойынша ауыстыру;
осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша жүргiзiледi. Шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 6
6. Бір елді мекеннен қашықтығы бір жүз километрден астам жердегі екіншісіне көшумен байланысты қызметін ауыстырған кезде қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат көлемінде және онымен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейтін көтерме жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп:
Тармақша 1
1) жұбайы (зайыбы);
Тармақша 2
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
Тармақша 3
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған
мүгедектігі
бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)
қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің
мүгедектігі
бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен
мүгедектігі
бар адам
(мүгедектігі
бар адамдар) түсініледі.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкерлер немесе олардың біреуі әскери қызметші болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.
Тармақ 7
7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтетуге құқығы бар.
Бап 74. 74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету
74-бап. Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету
Қызметкерлер (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Бап 75. 75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету
75-бап. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде және мекемелерінде, сондай-ақ өзге де денсаулық сақтау субъектілерінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
Тармақша 2
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 1-1
1-1. Қызметкерлердің қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
Тармақша 2
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерге емделу үшін жұмсалған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен өтеледі.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру барысында зақым, контузия, жарақаттар алған немесе ауырған қызметкерлер өздері қызметін өткерген арнаулы мемлекеттік органдар қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Тармақ 4
4. Қызметкер қызметке келе алмайтын жағдайда ауырғандығын кез келген мүмкін тәсілмен өзінің тікелей бастығына хабарлауға міндетті.
Тармақ 5
5. Қызметкерді қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарудан ішінара немесе толық босату туралы дәрігердің ұсынымдары лауазымды тұлғалардың міндетті түрде орындауына жатады.
Бап 76. 76-бап. Қатардағы жауынгер және сержант лауазымдарында қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
76-бап. Қатардағы жауынгер және сержант лауазымдарында қызметін өткеріп жүрген қызметкерлерді әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күні күнтізбелік есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргендігі туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.
Тармақ 2
2. Қызметкерге аталған шығындарды өтеуді қызметкер қызметін өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік орган жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға арналған шығындарды өтетуге құқығы бар қызметкерлер қабылданған Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары көрсетілген арнаулы мемлекеттік органдарға қаржыландыруды ашу үшін қызметкерлерді білім беру ұйымына қабылдау бұйрығының куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Қызметкерді басқа білім беру ұйымына ауыстырған кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға арналған шығындарды өтеу мөлшері түзетілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Қызметкерге академиялық демалыс берілген кезде академиялық демалыс берілген кезеңге оқуын қаржыландыру тоқтатыла тұрып, қызметкердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға арналған шығындарды өтету құқығы сақталады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында оқуға арналған шығындарды өтетуге құқығы бар қызметкерге оқыған (оқып жүрген) білім беру ұйымы таратылған және қайта құрылған, қызметі тоқтатылған, лицензиясынан айырылған кезде басқа жоғары оқу орындарында қаржыландыруды жалғастыруға кепілдік беріледі.
Тармақ 6
Бап 77. 77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
77-бап. Курсанттарды, тыңдаушыларды әлеуметтік қорғау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Курсанттар, тыңдаушылар қызмет өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебiнен арнаулы нысандағы киiммен және басқа да заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Казармалық жағдайдағы курсанттар, тыңдаушылар қызметтi өткеру ерекшелiктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 3
3. Бірінші жəне екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтiмдерi үшiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын мөлшерде қаржылай өтемақы төленедi.
Тармақ 3-1
3-1. Курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері олардың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін курсанттар қатарындағы өздерінің жақын туыстарына баруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 4
4. Курсанттардың, тыңдаушылардың бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша:
Тармақша 1
1) стационарлық емделуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiгiнде;
Тармақша 2
2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған кезде, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiгiнде жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.
Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға да оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде мемлекет есебiнен (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігінде жол жүру құқығы берiледi.
әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 5
5. Курсанттарға, тыңдаушыларға олар демалысқа кеткенде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.
Тармақ 6
6. Курсант, тыңдаушы не ол қызмет өткеруі кезеңінде алған жарақаттануы (контузия алуы), ауыруы салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 7
7. Курсантқа, тыңдаушыға арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алынған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, зақымдануы, ауыруы нәтижесінде болған мүгедектік белгіленгенде қызметтен босатылғанына бір жыл өткенге дейін мынадай мөлшерлерде:
бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– 250 айлық есептік көрсеткіш;
екінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– 150 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 8
8. Курсант, тыңдаушы арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке душар етпеген ауыр жарақат (жаралану, зақымдану, контузия) алған жағдайда – оған:
ауыр жарақат үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл жарақат үшін – 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Тармақ 9
9. Біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Курсанттың, тыңдаушының қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
Тармақша 1
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, егер өзiне-өзi қол жұмсау нәтижесінде;
Тармақша 2
2) ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
Тармақша 3
3) алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
Тармақша 4
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
Тармақша 5
5) курсанттың, тыңдаушының келісімшарт талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
Тармақ 11
11. Қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған курсанттарға, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Курсант, тыңдаушы қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
Қызметтегі міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.
Бап 78. 78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
78-бап. Қызметкердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдардың Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмекке құқығы бар.
Медициналық көмек көрсету бойынша Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
Тармақша 2
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алынбайтын жағдайларды қоспағанда, амбулаториялық емделу кезінде отбасы мүшелеріне дәрі-дәрмек ақысы төленіп беріледі.
Тармақ 3
3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтары арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне), сондай-ақ қызметте болудың шекті жасына толуына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Қызметкерлердiң (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкер қызметтен шығарылған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жүрген көлiкпен жүргені үшін шығындары өтеледi.
Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікпен жүргені үшін шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 5
5. Қызмет өткеру кезінде қайтыс болған немесе
мүгедектік
алған қызметкердің
отбасы мүшелерінің осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес медициналық көмек алу құқығы сақталады.
Тармақ 6
6. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Тармақ 7
7. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, ал оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинағандар, Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
Тармақ 8
8. Қызметкерлердің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жерi бойынша мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде кезектен тыс орын бередi, оған ақы төлеу мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады.
Тармақ 9
9. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға алушы қайтыс болған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алған қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақының тағайындалуына қарамастан, біржолғы жәрдемақылар: әйеліне (күйеуіне) – қайтыс болған күніне оған төленетін еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің үш айлық мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне асыраушының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемінің бір айлық мөлшерінде төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелері қатарына: жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе, егер
оларға он
сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар асыраушысы қайтыс болған күнге білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатса және жиырма үш жасқа толмаған болса, осы жастан үлкен балалары; қайтыс болғанның асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен не
мүгедектігі
бар адам
болып табылатын ата-анасы кіреді.
Тармақ 10
10. Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жеңілдіктер ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) не мүгедектік алған әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне қатысты қолданылады.
Ескерту: Осы бапта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп түсінілетіндер: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе бірінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде оқитын
жиырма үш
жасқа дейінгі (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары;
он сегіз
жасқа дейін
мүгедектік белгіленген (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы)
мүгедектігі
бар балалары
және жұбайының (зайыбының)
мүгедектігі
бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы.
Осы бапта асырауындағы адам ретінде оның табысы есебінен өмір сүретін және жеке табыс көзі жоқ қызметкердің отбасы мүшесі танылады.
Тармақ 11
11. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
Қызметтегі міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің жұбайына (зайыбына) төленетін ай сайынғы ақшалай төлем ол қайтадан некеге тұрған жағдайда тоқтатылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем оны алуға құқығы бар адам өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады.
Бап 79. 79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
79-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
Тармақ 1
1. Қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
Тармақша 1
1) қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен шығарылғанда:
күнтізбелік есептеу бойынша мынадай еңбек сіңірген жылдары барларға:
10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық ақшалай қаражат;
15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан жоғары – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
Тармақша 2
2) 10 жылдан аспайтын еңбек сiңiрген жылдары барларға денсаулық жағдайы және штаттың қысқартылуы бойынша шығарылғанда үш айлық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Тармақ 1-1
1-1. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жәрдемақысымен қатар арнаулы атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге арнаулы атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның қызметкерлеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшерлері де ұлғаяды.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қайтадан (кейіннен) қабылданған қызметкер қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін қызметтің жәрдемақы төленбеген кезеңі қолданылады.
Тармақ 3
3. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік наградаларымен – ордендерімен марапатталған қызметкерлерге берiлетiн бiржолғы жәрдемақының мөлшерi екi айлық ақшалай қаражатқа ұлғайтылады.
Тармақ 4
4. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде мемлекет есебінен медициналық қамтамасыз етілу және санаторийлік-курорттық емделу құқығы арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен:
Тармақша 1
1) денсаулық жағдайына (қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған;
Тармақша 2
2) денсаулық жағдайына (қызмет өткеру кезеңінде алған ауруына, мертігуіне, мүгедектігіне) байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
Тармақша 3
3) қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар;
Тармақша 4
4) штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады.
Олардың тұрғылықты жерінде Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
Тармақша 2
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Осы тармақта көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
Тармақша 1
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
Тармақша 2
2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Көрсетілген адамдарды санаториялық-курорттық емдеу және оларды дәрілік қамтамасыз ету арнаулы мемлекеттік органдарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5.
1941 –
1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы
салдарынан болған мүгедектігі бар адамдардың, әскери іс-қимылдардың және бітімгершілік операцияларына басқа да қатысушылардың, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жаралануы, контузия алуы, жарақаттануы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектік алып, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылғандардың медициналық қамтамасыз етуге және санаториялық-курорттық емделуге бірінші кезекті құқығы бар.
Бап 80. 80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар
80-бап. Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда берiлетiн өтемақылар
Тармақ 1
1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерумен байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қызметтен шыққаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiк белгіленген жағдайда бiржолғы өтемақы:
бірінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– отыз айлық ақшалай қаражат;
екінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– он сегiз айлық ақшалай қаражат;
үшінші топтағы
мүгедектігі
бар адамға
– алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде төленедi.
Тармақ 3
3. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайда оған бiр жарым айлық ақшалай қаражат; жеңiл мертіккен жағдайда жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
Тармақ 4
4. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 4-1
4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қызметкердің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе алған мертігуі:
Тармақша 1
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы нәтижесінде;
Тармақша 2
2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
Тармақша 3
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) қолдану нәтижесінде;
Тармақша 4
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесiн зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
Тармақша 5
5) қызметкердің келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
Бап 81. 81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы
81-бап. Жерлеу шығындарының өтемақысы
Тармақ 1
1. Қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған қызметкерлерді жерлеу қызмет өткерген жерінде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жүргізіледі.
Мәйiттi тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты барлық шығыстар қызметкерлер қызмет өткерген арнаулы мемлекеттік органдардың қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйiттi тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Қызметкерлерді жерлеу кезінде құрмет көрсету арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көрсетілген ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына және бітімгершілік операцияларға қатысушыларға қолданылады.
Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің ережесі қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін, денсаулық жағдайына байланысты немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жыл немесе одан да көп болатын адамдарға, сондай-ақ қызметінің жалпы ұзақтығына қарамастан, терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.
Бап 82. 82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары
82-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың өзге де шаралары
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, арнаулы мемлекеттік органдардағы зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары өздері белгілеген тәртіппен қызметкерлердің жекелеген санаттарына олардың қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметіндегі өтілін еңбек сіңіру жылдарына есептеуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Климаттық және экологиялық жағдайлары ауыр жерлердегi қызмет мерзiммен шектеледi және оны өткеру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Тарау 10. 10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
10-тарау. АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 83. 83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету
83-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарды қаржылық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін астыртын (жасырын) нысанда жүзеге асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру тәртібі арнаулы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Бап 84. 84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі
84-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және олардың мүлкі
Тармақ 1
1. Арнаулы мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
республикалық бюджет қаражаты есебінен;
медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады жəне жедел басқару құқығында болады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Мүлікті беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органдарды мүлікпен жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 5
5. Арнаулы мемлекеттік органдар бейбіт уақытта пайдаланбаған жылжымайтын мүлік бюджет қаражаты есебінен консервациялауға жатады немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілуі мүмкін.
5-1. Жеке және заңды тұлғалардың арнаулы мемлекеттік органдар алдындағы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерін тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен орындауын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған немесе құрылатын ұйымдар жекешелендіруге жатпайды.
Тарау 11. 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 85. 85-бап. Өтпелі ережелер
85-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметкермен жасасқан әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттар олар жасаған мерзім ішінде қолданылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. 2011 жылғы 30 қарашаға дейін "подполковник" әскери атағы берілген қызметкерлерге аталған әскери немесе арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі бес жыл болып белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы Заңның қабылдануына байланысты әскери қызметтен арнаулы мемлекеттік органдарға ауыстырылған және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен әскери қызметте тұрудың шекті жасы өзгертілген қызметкерлер мынадай шекті жастарға жеткенде қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы:
Тармақша 1
1) подполковникке дейін қоса алғанда – қырық бес жас;
Тармақша 2
2) полковниктерге – елу үш жас;
Тармақша 3
3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктерге – елу жас;
Тармақша 4
4) генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу сегіз жас;
Тармақша 5
5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорларға және генерал-лейтенанттарға – елу бес жас;
Тармақша 6
6) генерал-полковниктерге – алпыс жас.
Тармақ 4-1
4-1. "Аға прапорщик", "прапорщик", "старшина", "үшінші сыныпты сержант", "екінші сыныпты сержант", "бірінші сыныпты сержант", "штаб-сержант" не "шебер-сержант" әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шектi жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.
Тармақ 4-2
4-2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін подполковник арнаулы атағы берілген қызметкерлер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғанда қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қызметкерлер (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген тәртіппен 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметтік тұрғын жайға теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген қызметкерлер осы тұрғын үйде тұру құқығын, сондай-ақ оны "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында әскери қызметшілер үшін көзделген жекешелендіру құқығын сақтайды.
Тармақ 7
7. Осы Заңның 77-бабы 12-тармағының, 78-бабы 11-тармағының күші қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттардың, тыңдаушылар мен қызметкерлердің 2022 жылғы 1 қаңтарда жесір әйелдері (тұл ерлері) мен балалары болып табылған адамдарға да қолданылады.
Бап 86. 86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
86-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.