О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Коробихинского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коробиха ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Коробиха ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Коробиха ауылындағы Советская көшесі – «Солнечная» көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Барлық ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Қабанбай атындағы» атауы; № 2 көшеге – «Абай атындағы» атауы; № 3 көшеге – «Абылайхан атындағы» атауы.
Тармақ 3
3. Үшбұлақ ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Абай атындағы» атауы; № 2 көшеге – «Үш-Бұлақ» атауы; № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атауы.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Е. Качесоваға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.