О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Урыльского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өрел ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Өрел ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Өрел ауылындағы көшелердің атаулары: Предгорная көшесі – «Мерғазы Бекпау атындағы» көшесіне; Школьная көшесі – «Оралхан Бөкей атындағы» көшесіне; Речная көшесі – «Шоқан Уалиханов атындағы» көшесіне; Строительная көшесі – «Бауыржан Момышұлы атындағы» көшесіне; Молодежная көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы» көшесіне; Кирова көшесі – «Бөгенбай батыр атындағы» көшесіне; Зеленый клин көшесі – «Орманшылар» көшесіне; Пограничная көшесі – «Шекарашылар» көшесіне; Садовая көшесі – «Қаныш Сәтпаев атындағы» көшесіне; Заставская көшесі – «Бақанас» көшесіне өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Енбек ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Баламер Сахариева атындағы» атауы; № 2 көшеге – «Садық Түкебаева атындағы» атауы; № 3 көшеге – «Таңба» атауы.
Тармақ 3
3. Аршаты ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге - «Күншығыс» атауы; № 2 көшеге - «Бұқтырма» атауы; № 3 көшеге - «Мектеп» атауы.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман А. Ахметоваға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.