О наименовании улиц населенных пунктов Жамбылского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
№ 2 көшеге – «Қазақстан» атауы;
№ 3 көшеге – «Жастар» атауы.
Тармақ 2
2. Берел ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - «Орталық» атауы;
№ 2 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
№ 3 көшеге – «Қарашоқы» атауы;
№ 4 көшеге – «Ақтан» атауы;
№ 5 көшеге – «Мойнақ» атауы;
№ 6 көшеге – «Қараайрық» атауы.
Тармақ 3
3. Маралды ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Тәуелсіздік» атауы;
№ 2 көшеге – «Шабанбай» атауы.
Тармақ 4
4. Шұбарағаш ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – «Айтқазы атындағы» атауы;
№ 2 көшеге – «Қайнар» атауы.
Тармақ 5
5. Рахмановские ключи ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Арасан» атауы берілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Е. Качесоваға жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.