О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Ново-Поляковского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ново-Поляковка ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Ново-Поляковка ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ново-Поляковка ауылындағы көше атаулары төмендегідей өзгертілсін: Школьный көшесі – «Николай Шапорев атындағы» көшеге; Сельский көшесі – «Абай атындағы» көшеге.
Тармақ 2
2. Ново-Поляковка ауылындағы № 1 атауы жоқ көшеге - «Достық» атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Сенное ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: № 1 көшеге - «Тәуелсіздік» атауы; № 2 көшеге – «Бұқтырма» атауы; № 3 көшеге – «Достық» атауы.
Тармақ 4
4. Огнево ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге - «Қазақстан» атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Ульяновка ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Достық» атауы; № 2 көшеге – «Наурыз» атауы.
Тармақ 6
6. Бесүй ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы» атауы; № 2 көшеге - «Шәмші Қолдаяқов атындағы» атауы.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекші маман Ж. Акижановаға жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.