Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Т.Рысқұлов ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.