Вопросы использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану мәселелерi
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң несие ресурстарына неғұрлым кеңiнен қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мiндеттемелерiн кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiктi пайдаланудың бiркелкi негiзiн жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың үлгi ережесi (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне:
Тармақша 1
1) мұның өзiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғарыда аталған объектiлердi кепiлдiктi қамтамасыз етуге алған несиелердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету тәртiбiн көздей отырып, Үлгi ереже негiзiнде Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану ережесiн бекiту;
Тармақша 2
2) тиiсiнше Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен келiсiлгеннен кейiн кепiлдiктi қамтамасыз етуге арналған коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзiлiмдерiне бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн енгiзудi жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi iс-шараларын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға
жатады.
Басқа 7. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi
қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың
үлгi ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2000 жылғы 7 шілдедегі
N 1028 қаулысымен
бекiтiлген
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi
қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың
үлгi ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында әзiрлендi және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдаланудың бiркелкi негiзiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету шаруашылық жүргiзу құқығында жұмыс iстеп тұрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - МК) жанынан кепiлдiктi қорлар құру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншiк объектілерiн кепiлдiктi қорға беру туралы шешiмдi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi (бұдан әрi - Әкiм) қабылдайды.
Тармақ 4
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi коммуналдық меншiк объектiлерiмен қамтамасыз ету МК-ның өз кәсiпкерлiк тәуекелiне сақтандыру жүргiзуi жағдайында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепiлдiктi мүлiктi ірiктеу және оны бағалау
2. Кепiлдiктi мүлiктi ірiктеу және оны бағалау
Тармақ 5
5. Әкiм жыл сайын коммуналдық меншiк объектiлерiн түгендеудi жүргiзедi, сондай-ақ объектілердiң атауы олардың орналасқан жерi, теңгерiмдiк құны мен объектiлер жай-күйiнiң басқа да деректерi көрсетiлетiн коммуналдық меншiк объектiлерiнiң тiзiлiмiн жасайды және бекiтедi.
Тармақ 6
6. Тiзiлiмдi жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күшi бар Жарлығына сәйкес несиелердi кепiлдiктi қамтамасыз етуге несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншiк объектiлерiн бағалау жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiкті қамтамасыз ету
есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң
жобаларын iрiктеу жөніндегi жұмысты ұйымдастыру
3. Коммуналдық меншiк объектiлерiн кепiлдiкті қамтамасыз ету
есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң
жобаларын iрiктеу жөніндегi жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Әкiмнiң шешiмiмен Коммуналдық меншiк объектілерiн кепiлдiктi қамтамасыз ету есебiне несие берiлетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларын iрiктеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссияны Әкiм басқарады.
Тармақ 9
9. МК басшысы лауазымы бойынша Комиссия хатшысы болып табылады.
Саны кем дегенде бес адамнан тұратын Комиссияның жеке құрамын Комиссия хатшысының ұсынуы бойынша Әкiм бекiтедi.
Тармақ 10
10. Комиссия жұмыс органының функциялары МК-ға жүктеледi.
Тармақ 11
11. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; өз құзыретiнiң шегiнде Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн тiркеудi жүзеге асырады.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларды iрiктеуге қатысуға өтiнiмдерiн тiркеуден бас тартуға жол берiлмейді.
Тармақ 12
12. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобалары бойынша iрiктеудi жүзеге асыру екi кезеңде жүргiзiледi.
Жобаларды iрiктеудiң алдын-ала сатысында жұмыс органы сараптама жүргiзуге және оларды несиелендiру мүмкiндiктерi туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтiк және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талдайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтiнiмдердi отырыс күнiнен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, Комиссия мүшелерiнiң қарауына ұсынады.
Тармақ 13
13. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
ғалымдардың, беделдi кәсiпкерлердiң, басқару органдары өкілдерiнiң және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды жұмыс iстеуге тартады;
уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастырады;
қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi алады.
Тармақ 14
14. Жобаларды iрiктеу кезiнде мынадай талаптар ескерiледi:
Тармақша 1
1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң бюджет алдында берешегiнiң болмауы;
Тармақша 2
2) қолайлы несие дерекқорының болуы, егер ол болса;
Тармақша 3
3) жобаның Әкiм жыл сайын бекiтетiн, аймақты дамытудың индикативтi жоспарына және аймақта шағын бизнестi дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуi.
Тармақ 15
15. Комиссия несие ұйымдарының он қорытындыларын алған өтiнiмдердi, олар тiркелген күннен бастап екi айдан кешiктiрмей қарайды.
Тармақ 16
16. Комиссияның төрағасы Комиссия отырысын қажеттiлiгiне қарай шақырады, бiрақ тоқсанына бiр реттен сирек болмауға тиiс.
Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы үштен екi дауыспен қабылданады.
Комиссияның шешiмдерiне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
Тармақ 17
17. Несиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды iрiктеу кезiнде Комиссияның мүшелерi қабылдаған шешiмдер үшiн, олар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 18
18. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне кепiлдiктi қамтамасыз етудi беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобаларды iрiктеудiң тиiстi кезеңiнен кейiн, 3 күн мерзiмде бас тартудың негiзiн көрсете отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiн жазбаша нысанда хабардар етуге мiндеттi.
Тарау 4. 4. Кепiлдiктi қамтамасыз етудi ресiмдеу
4. Кепiлдiктi қамтамасыз етудi ресiмдеу
Тармақ 19
19. Комиссияның хаттамалық шешiмi МК-ның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие беру кезiнде кепiлдiктi қамтамасыз ету ретiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн беру туралы шарт жасасу туралы шешiм қабылдауы үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 20
20. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi несие алған кезде МК кепiлдiк берушi болып табылады.
Тармақ 21
21. МК, жобаны қаржыландыру туралы оң шешiм қабылданған кезде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 заң күшi бар Жарлығына сәйкес несие ұйымымен және шағын кәсiпкерлiк субъектiсiмен ипотекалық шарт жасасады.
Тармақ 22
22. Ипотекалық шартта кепiлдi мүлiктiң нысанасы, бағаланған құны, негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның iшiнде МК-ның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiлген несиелердiң мақсатты пайдаланылуына бақылау
жасауды жүзеге асыруы, сондай-ақ кез келген тараптың мәлімдеуі бойынша
ипотекалық шартта қол жеткiзiлуi тиiс және заңнамада тыйым салынбаған өзге
де жағдайлар көрсетілуге тиiс.
Тармақ 23
23. Объектiлер кепiлдiктi қамтамасыз етуге пайдаланылғаны үшiн МК-ға
алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерiнде шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерi төлейтiн сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленедi.