О переименовании улицы в селе Урджар Қолданыста
Басқа 0
Үржар ауылындағы көшелердің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауылының Алексеев көшесі – Рауия Әбутәуіпұлы Белеухановтың батыр атындағы көше, Үржар ауылының Энгельс көшесі - Ағайынды Омарбековтар көшесі деп атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы О. Смагуловаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.