О реорганизации поликлиник г.Актау Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау қаласындағы емханаларды қайта ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Облыс әкімінің 2000 ж. 20 ақпандағы № 341 шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлығына және Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің 45 бабына сәйкес денсаулық сақтау саласының көп салалығы мен балаларға алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекті басымдықпен дамыту мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. № 1 Ақтау қалалық емхана; № 2 Ақтау қалалық емхана; № 3 Ақтау қалалық емхана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын біріктіру арқылы ересек тұрындарға қызмет ететін "Ақтау қалалық емханасы", осымен қатар олардың құрамынан балалар бөлімдерін заңды тұлға ретінде бөлу арқылы "Ақтау балалар емханасы" қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар "Ақтау қалалық емханасы" мен "Ақтау балалар емханасы" тапсыру акттері және бөлу баланстары бойынша қайта ўйымдастырылған емханалардың құқылары мен міндеттерінің құқықтық иеленушісі болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсулық сақтау басқармасы (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңды тәртіппен:
Тармақша 1
1) емханалардың барлық қызметкерлері болатын қайта ұйымдастыру туралы ескертілсін;
Тармақша 2
2) жаңадан ұйымдастырылған кәсіпорынға қызметкерлерді мүмкіндігінше көбірек жұмысқа орналастыру шаралары қарастырылсын;
Тармақша 3
3) емханалардың басшыларын тағайындап, олармен жеке келісім-шарттар жасасын;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар "Ақтау қалалық емханасы" мен "Ақтау балалар емханасының" жарғыларын жасақтап, бекітсін;
Тармақша 5
5) әділет басқармасында олардың тіркеуден және қайта тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) бір ай мерзім ішінде бөлу балансы, мүліктерді алу-беру, қайта ұйымдастырылған кәсіпорындардың дебиторлыќ және кредиторлық борыштары, құжаттары жасақталсын;
Тармақша 7
7) меншік нысанына қарамастан, тендер негізінде мемлекеттік тапсырыстарды амбулоторлыќ емханалық ўйымдарға орналастыру, Ақтау қаласы тұрғындарына алғышқы медико-санитарлық көмек көрсету қайта қаралсын;
Тармақша 8
8) осы шешімге байланысты басқа да шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын қадағалау облыс әкімінің орынбасары Бортникке М.М. жүктелсін.