О создании начальных общеобразовательных школ в г.Жанаозен Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласындағы жалпы білім беретін бастауыш мектептер құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Оқушылар санының күрт өсуіне байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 105 бабына (жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес және Жаңаөзен қаласы әкімінің ұсынысын ескере отырып шешім етемін:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласында мемлекеттік мекеме ретінде: № 11 жалпы білім беретін бастауыш мектеп, № 12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп, № 13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп 2000 жылғы 1 сәуірден бастап құрылсын.
Тармақ 2
2. Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушысы (Бабаханов Ж.Б.): құрылған мектептерді қаржыландыруды 2000 жылға бөлінген қалалық бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырсын; жаңадан құрылєан мектептерді тіркеуден өткізу жұмысын қолданылып жүрген заң тәртібіне сай қамтамасыз етсін; бұл мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен тыс қаржы тарту шарасын алсын.
Тармақ 3
3. Облыстық білім басқармасы (Сағымбаев Ж.Н.) Жаңаөзен қаласында ашылған жалпы білім беретін бастауыш мектептерді педагогикалық мамандармен, оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бортникке жүктелсін.