Об утверждении Правил гарантирования образовательных кредитов, предоставляемых финансовыми организациями Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Басқа 0. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін (бұдан әрi – кредит) кепiлдендіру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кредит қабілеттілігін бағалау – қарыз алушының кредитті қайтармау тәуекелін бағалау рәсімі;
Тармақша 2
2) кепiлдiк мiндеттеме – ұйымның кредитор алдында келісімде көзделген тәртіп пен шарттарда айқындалған кепiлдiк мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi;
Тармақша 3
3) келісім – кредиттерге кепiлдiк беру жөніндегі өзара қарым-қатынастардың тәртібін белгiлейтiн кредитор мен ұйым арасында жасалған шарт;
Тармақша 4
4) дефолт – қарыз алушының кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепiлдiк мiндеттемелердi орындау рәсiмiнің басталуы;
Тармақша 5
5) қарыз алушы – кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;
Тармақша 6
6) білім беру кредиті – қаржы ұйымдары мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
Тармақша 7
7) қаржы ұйымы – қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі – кредитор);
Тармақша 8
8) кепілдік мөлшерін белгілеу әдістемесі – білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін кепілдік беру талаптары, кепілдік мөлшерін анықтау өлшемдері мен тәртібі (бұдан әрі – әдістеме).
Тарау 2. 2. Білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібі
2. Білім беру кредиттерін кепілдендіру тәртібі
Тармақ 3
3. Білім беру кредиттерін кепілдендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қызметінің негізгі мәні білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беру болып табылатын ұйымдар (бұдан әрі - Ұйым) тарапынан жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қарыз алушы кредитор белгiлеген талаптар бойынша ұйым кепiлдiк берген кредитті алу үшін кредиторға өтінім береді.
Тармақ 5
5. Ұйым өз қызметiне қарай қарыз алушымен тiкелей өзара қарым-қатынас жасамайды.
Тармақ 6
6. Ұйым мен кредиторлардың өзара қарым-қатынасы келісіммен реттеледi.
Тармақ 7
7. Ұйым қарыз алушылар мен кредиттер үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын өлшемдердi белгілейді.
Тармақ 8
8. Ұйыммен келісім жасасу үшiн кредитор ұйым бекiткен нысан бойынша қол қойылған және мөрмен куәландырған өтiнiш бередi. Өтінішке кредитор ұйым бекiткен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тiзбеге сәйкес құжаттарды қоса береді.
Тармақ 9
9. Ұйым осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар ұсынылмаған немесе олар тиiсінше ресiмделмей ұсынылған жағдайда кредитордың өтiнiшiн қараудан бас тартады.
Тармақ 10
10. Ұйым келісім жасасу не өтiнiштi қараудан бас тарту туралы шешiмдi өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні iшiнде қабылдайды.
Тармақ 11
11. Келісім:
Тармақша 1
1) кредитордың кредит қабілеттілігін бағалауды уақтылы және сапалы өткізуi;
Тармақша 2
2) кредитордың кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелерін орындамауына байланысты кредит шартының тоқтатылғаны туралы ұйымды уақтылы хабардар етуі;
Тармақша 3
3) кредитордың кредит шарттары жөніндегі мiндеттемелердi ағымдағы орындағаны туралы ақпаратты ұйымға беруі;
Тармақша 4
4) кредитордың кепілдiк берілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде ұйымға жазбаша хабарлама беруі туралы ережелердi қамтиды.
Тармақ 12
12. Келісім тараптар қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Тармақ 13
13. Ұйым бұқаралық ақпарат құралдарында өзімен келісім жасасқан кредиторлардың тiзбесiн жариялайды.
Тармақ 14
14. Келісім жасасқан кредитор қарыз алушы оған ұйым кепiлдiк берген кредитті беруге өтiнiш бiлдiргеннен кейiн ұйым бекiткен нысан бойынша кредитке кепiлдiк беруге арналған өтінiмді он жұмыс күні ішінде ұйымға жiбередi.
Тармақ 15
15. Ұйым кредитордың өтiнiшiн алған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың ұйымның талаптарына сәйкестiгiн қарайды және кредиторға қол қойылған және мөрмен куәландырылған кепiлдiк беру мiндеттемесiнің бір данасын немесе кепiлдiк беруден дәлелдi бас тартуды жiбередi. Кепілдік міндеттемелері ұйымның басқару органы бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде ұсынылады.
Тармақ 16
16. Ұйым:
Тармақша 1
1) дұрыс толтырылмаған өтінім нысанын ұсынған;
Тармақша 2
2) қарыз алушы және (немесе) кредит ұйым айқындаған өлшемдерге сәйкес келмеген жағдайларда;
Тармақша 3
3) келісімде көзделген өзге де жағдайларда кредиторға кепілдік беруден бас тартады.
Тармақ 17
17. Кредитор ұйым қол қойған және мөрмен куәландырған кепiлдiк мiндеттемесін алғаннан кейiн кредитор мен қарыз алушы кредит шартын жасасады.
Тармақ 18
18. Дефолт туындаған кезде кредитор келісімде белгiленген тәртiппен қарыз алушының негiзгi мiндеттемесін орындамағаны туралы ұйымды хабардар етедi.
Тармақ 19
19. Кредитор келісімде белгіленген тәртiппен төлем құжаттарын және кредит бойынша құжаттарды қоса бере отырып, кепілдiк сомасын төлеудi талап етумен құжатты береді.
Тармақ 20
20. Кредит беру кезiнде кредитор талаптарға сәйкес келетiн кредит қабілеттілігін бағалаған жағдайда, ұйым белгiленген мөлшер шегiнде кепiлдiк сомасын төлейдi.
Тармақ 21
21. Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Кредит бойынша кепiлдiк мөлшерi әдістеме арқылы белгiленедi. Кепілдіктің ең төменгі мөлшері негiзгi қарыз сомасының 50 пайызын құрайды.
Тармақ 23
23. Кредит бойынша кепiлдiк беру мiндеттемесi келісімде көзделген тәртiппен:
Тармақша 1
1) қарыз алушы мiндеттемелердi орындап, кредит шарты тоқтатылған;
Тармақша 2
2) кредитор кепiлдiк берiлген кредит жөніндегі келісім шарттарын орындамаған;
Тармақша 3
3) ұйыммен келісім жасаспаған кредиторға кредит бойынша талап ету құқығы берілген;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың не келісімнің талаптарына сәйкес келмейтiн кредит қабілеттілігін бағалауды өткізу фактілерi анықталған жағдайларда;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және келісімде көзделген өзге де жағдайларда ұйымның кепiлдiк сомасын төлеуінсіз тоқтатылады.
Тармақ 24
24. Келісімге кезкелген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімге қол қою жолымен жүргiзіледi.
Тармақ 25
25. Әдістеме қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепілдік берілетін кредиттерге қолданылады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлiк қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат);
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 619 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 245-құжат);
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 389 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 206-құжат);
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 395 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 394-құжат).