О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған
Басқа 0
Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 04.04.2000 № 376 шешімімен.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін өтеудің есептерін жүргізу мақсатында және "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 3 желтоқсандағы ІІ/17 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 17 наурыздағы ІІІ/24 шешіміне сәйкес, шешім етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген Маңғыстау облысының 2000 жылғы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешекті өтеудің Ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөнінде облыстық Комиссияның құрамы құрылсын және бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасына (Шаметова С.Б.), салық комитетіне (Сәрсенқұлов Ж.С.), облыстық Қазынашылық басқармасына (Құдайберген А.А.):
мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер алдында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығыстар сметасының атқарылу балансында көрсетілген жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын міндеттемелер бойынша өткен жылдары пайда болған кредиторлық берешектерді өтеу жүргізілсін.
бюджеттік қарыздар бойынша жүргізілген есептесудің сомасы кірістер мен шығыстары бойынша 2000 жыл ішінде жергілікті бюджетке атқарылуы нәтижелеріне жатқызылсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бойынша осы тектес есептесуді жүргізсін.
аумаќтық салық комитетімен бірлесіп осы ауданның (қаланың) кредиторлық берешегін өтеуге арналған шығыстарын нақтылы іс жүзінде қаржыландыруды жүзеге асырған басқа аудандардың (қалалардың) немесе облыстық бюджеттеріне аудан қала) кірістерінің жол берілген контингентін рәсімделсін.
Тармақ 5
5. Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылыќ басқармасы (А.А. Құдайберген) өзара есептесуді жүргізу үдерісінде, қаржы органдарының жазбаша хабарламасына сәйкес кірістер контингентін бір ауданның (қаланың) немесе облыстық бюджетінен басқасына беруді жүргізсін.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің:
02.07.99 ж. № 174 "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы"
05.11.99 ж. № 252 "Облыс әкімінің "Кредиторлық берешекті
өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" № 174 шешіміне толықтырулар енгізу туралы"
22.12. 99 ж. № 284 "Облыс әкімінің 07.07.99 ж. № 174
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімдер күшін жойылсын деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Б. Шалғымбаевқа жүктелсін.