О порядке финансирования государственных казенных предприятия здравоохранения области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау кәсіпорындарын қаржыландырудың тәртібі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 1364 "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" қаулысына сәйкес шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. Бағдарламаның әкiмшiлiгi - облыстық денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметтерiн өтеу орталығынан мемлекеттiк тапсырыспен жўмыс жасайтын облыстыќ мемлекеттiк қазыналық медициналық кәсiпорындарын төмендегi бағдарламалар бойынша қаржыландыруға қабылдасын: 5.2.262.30. "Жергiлiктi дәрежедегi қан өндiрiсi (ауыстырғыштар)"; 5.2.262.31. "Салауатты өмiр салтын насихаттау"; 5.5.262.32.. "Қорұстаушының үлгiсi бойынша алғашқы медико-тазалық көмек көрсету"; 5.5.262.33. "Тұрғындарға жергiлiктi дәрежеде тұрақты және мамандандырылған көмек көрсету"; 5.5.262.34.30. "Аурудың түрлерiне байланысты кейбiр санаттағы азаматтарды дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету"; 5.55.262.34.31. "Кейбiр санаттағы азаматтарды арнаулы азық-түлiк және емдiк тағамдармен қамтамасыз ету".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң бұйрығына сәйкес медицина кәсiпорындарын қаржыландыру мәселелерiне байланысты iстер мен мүлiктердi қабылдап алып - беру үшiн төмендегi құрамда комиссия құрылып, бекiтiлсiн (жалғанады).
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы: медицина кәсiпорындарын атқаратын 7 штат бiрлiгiнен тұратын білiм ашып, оның денсаулық сақтауға арналған қаражат шегiнде ұсталуын қарастырсын; облыстық медициналық өтеу орталығынан ұйымдастыру техникаларын Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң бұйрығына сәйкес қайтарымсыз балансынан балансысына қабылдап алсын; өзiнiң Ережесiне тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Медицина кәсiпорындарының 31 желтоқсан 1999 жылғы жағдай бойынша 1999 жылы орындалған және өтелген медициналық қызметтерiн қосып есептегенде, қызмет көрсетушiлердiң тексеру актiлерiмен анықталған (тауарлар, қызметтер) несиелiк борыштарын облыстық медицина қызметтерiн өтеу орталығы 2000 жылдың 29 қаңтарына дейiн тапсырып, облыстық денсаулық басқармасы оны қабылдап алсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық басқармасы: 2000 жылға арналған шығыстар сметасын жасақтауды; 2000 жылға арналған тарифтiк келiсiмдi 1999 жылғы 29 желтоқсанға дейiн жасасуды; мемлекеттiк тапсырысты орындауға арналған тендердi 2000 жылдың 20 қаңтарына дейiн өткiзудi; медицина кәсiпорындарының мемлекеттiк тапсырысты орындауы үшiн медициналық кәсiпорындармен келiсiм-шартты 2000 жылдың 10 ақпанына дейiн жасауды; медициналық кәсiпорындардың бюджет қаржыларын мақсатты пайдалануын тұрақты бақылап отыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Еңбек ақы және әлеуметтiк салықтардың 1999 ж. желтоқсан айын қосып есептегенде толықтай қаржыландырылєаны, есеп-тiзiмдеменi талдау "Денсаулыќ" Республикалық мемлекеттiк қазыналыќ кәсiпорнына мiндеттелгенi қаперге алынсын.
Тармақ 7
7. 2000 жылға арналған медицина кәсiпорындарының медициналық қызметтерiн төлеуi мемлекеттiк тапсырыс шегiнде 656745,0 мың.теңге сомасында белгiленсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М. Бортникке жүктелсiн.
Басқа 9
Облыс әкімінің № 285 шешіміне қосымша 28.12.1999 ж. Комиссия құрамы Бортник Михаил Михайлович - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Комиссия мүшелері: Айдарханов Арман Тергеуович - денсаулық сақтау басқармасының бастығы Бердавлетов Сулейман - облыстық медициналық Бердавлетович өтеу орталығының бастығы Джоламанова Зауре - денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі Бегина Ольга Ивановна - облысық медициналық өтеу орталығының бас есепшісі