Об оказании дополнительной социальной помощи социально уязвимым категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 4 тармағына сәйкес және азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі мөлшерде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге, жалпы ауруларына байланысты 1, 2, 3 топ мүгедектеріне, бала күнінен 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 3 мың теңге;
Тармақша 2
2) «Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ай сайынғы тізіміне сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға - 1 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақ 2
2. Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының Хромтау аудандық бөлімшесінің тізіміне сәйкес мерекелік даталарға байланысты төмендегі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге;
Тармақша 2
2) Халықаралық қарттар күніне Ақтөбе облысы алдындағы ерекше еңбегі үшін арнаулы жәрдемақы алушыларға, ең төменгі зейнетақыдан да төмен мөлшерде зейнетақы алушыларға - 10 мың теңге;
Тармақша 3
3) туберкулезге қарсы мамандандырылған медициналық ұйымнан жазылып шыққан туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға емделіп шыққан соң қосымша тамақтануға табысын есепке алмағанда - он еселік айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақша 5
5) алынып тасталды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 50 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Юшкевич Е.П. Молдашев Д.Х.