Об утверждении перечня особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2014 жы­л­ғы 9 қа­зан­да­ғы № 1078 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциялары.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты.
Тармақ 5-1
5-1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының әкімшілік ғимараты.
Тармақ 6
6. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Орталық мемлекеттік мұрағат» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкімшілік ғимараты.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының автошаруашылығы.
Тармақ 11
11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­ме­тінiң 2014 жы­л­ғы 9 қа­зан­да­ғы № 1078 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 48, 619-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы № 1050 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 487-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 32-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1697 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 264-құжат).
Тармақ 5
5. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 495-құжат).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1365 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 953-құжат).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 181-құжат).