«О назначении и выплате адресной и социальной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
«Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.06.2007 № 6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашасындағы № 477-1 «ҚР халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», 1999 ж. 22 қарашасындағы № 483-1 «ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына және ҚР үкіметінің 1999 ж. 22 шілдесіндегі әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін белгілейтін № 1036 «Арнаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Көкшетау, Степногорск қалаларының, аудандардың әкімдері осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының шегінде әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді жүргізсін:
- Қазақстан Республикасының «2000 жылдың республикалық бюджеті туралы» заңымен анықталған есептеу көрсеткішінің пайыздық қатынасында осы мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы шегінде балалары бар отбасыларына жәрдемақы және әскери қызметтегі азаматтардың отбасыларына бірыңғай жәрдемақы;
- 7 жасқа дейінгі 4 не одан көп балалары бар жұмыссыз көп балалы аналарға тағайындалатын ай сайынғы жәрдемақы - 1 есептеу көрсеткіші;
- үйде білім алатын жөне тәрбиеленетін мүгедек балалар үшін тоқсан сайын - 4570 теңге мөлшелерінде жәрдемақы;
- 10 есептеу көрсеткішінен көп емес баланың тууына байланысты әлеуметтік көмек;
- белгіленген тәртіп бойынша тіркелген қамсыздандырылған азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы бюджеті туралы» Заңымен белгіленген бір есептеу көрсеткішінен кем емес материалдық көмек;
- жұмыссыздарды жерлеу үшін «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы бюджеті туралы» Заңы белгілеген бір есептеу көрсеткішінен кем емес материалдық көмек;
- жұмыс істеген азаматтарды жерлеу үшін «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы бюджеті туралы» заңы белгілеген есептеу көрсеткішінің 10 мөлшерінен көп емес әлеуметтік көмек;
- тұрғын үй көмегі жергілікті аудандық және Көкшетау, Степногорск қалаларының өкілетті органдары белгілеген мөлшерде және тәртіпте көрсетіледі;
Тармақ 2
2. Аудандардың және Көкшетау Степногорск қ. әкімдері әлеуметтік көмекті уақытында тағайындауды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 422 «Әлеуметтік арнаулы көмекті тағайындау және төлеу туралы» шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Ә.Мадияровқа жүктелсін.