О присвоении наименований улицам сел Егинбулак, Комсомол, Каргалы Бигашского сельского округа Кокпектинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті ауданы Биғаш селолық округінің Егінбұлақ, Қарғалы, Комсомол ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Биғаш селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН: Атаулары жоқ көшелерге мынандай атаулар берілсін:
Тармақ 1
1. «Егінбұлақ» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Егінбұлақ» атауы.
Тармақ 2
2. «Қарғалы» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Қарғалы» атауы.
Тармақ 3
3. «Комсомол» ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Азаттық» атауы.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Исмаилхаджиеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.