О переименовании улиц населенного пункта Бигашского сельского округа Кокпектинского района Қолданыста
Басқа 0
Көкпекті ауданы Биғаш селолық округінің елді мекенінде көше атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Биғаш селолық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Биғаш ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
«Коминтерна» көшесі – «Назарбек Саяхимов атындағы» көшесіне;
«Советская» көшесі - «Максим Степанович Цепура атындағы» көшесіне;
«Степная» көшесі - «Достық» көшесіне;
«50 лет Октября» көшесі – «Құмар Раев атындағы» көшесіне;
«Мир» көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Исмаилхаджиеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.