О наименовании и переименовании улиц населенных пунктов Катон-Карагайского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Катонқарағай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Катонқарағай ауылындағы көшелердің атаулары:
Тармақша 1
1) Пионерская көшесі - «Қажыбек Байғонақов атындағы» көшесіне;
Тармақша 2
2) Ленин көшесі – «Абай атындағы» көшесіне;
Тармақша 3
3) Абай көшесі - «Бауржан Момышұлы атындағы» көшесіне;
Тармақша 4
4) Пахомов көшесі - «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы» көшесіне;
Тармақша 5
5) Садовая қиылысы - «Қайрат Құдабаев атындағы» қиылысына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Шыңғыстай ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге - «Алтай» атауы; № 2 көшеге - «Қызылқайың» атауы; № 3 көшеге – «Бұқтырма» атауы; № 4 көшеге – «Көктерек» атауы; № 5 көшеге – «Құмарқан Баекин атындағы» атауы.
Тармақ 3
3. Қабырға ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге – «Бірлік» атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Мойылды ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін: № 1 көшеге – «Отан» атауы; № 2 көшеге – «Ынтымақ» атауы.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман А. Кошеноваға жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.