О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, ішкі істер органдарының «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшелерін басқару жүйесін оңтайландыру және қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Алматы қаласы метрополитеніндегі Ішкі істер басқармасы мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005, № 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 51-8-жолмен толықтырылсын: «51-8. Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Алматы қаласы метрополитендегі Ішкі істер басқармасы.».
Тармақ 3
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 2-бөлімде: мына: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де: 125856 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де: 126017 »; мына: « Об­лы­стық бюд­жет­тер мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де: 46865 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Об­лы­стық бюд­жет­тер мен рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның бюд­жет­те­рі есе­бі­нен ұста­ла­тын іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның әкім­ші­лік по­ли­ци­я­сы, оның ішін­де: 46553 »; мына: « Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2781 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Аста­на қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2724 »; мына: « Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2755 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2733 »; мына: « Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2387 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2362 »; мына: « Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4564 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4670 »; мына: « Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2954 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2929 »; мына: « Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1897 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Аты­рау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1874 »; мына: « Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4495 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4470 »; мына: « Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2385 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Жам­был об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2345 »; мына: « Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1989 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1964 »; мына: « Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 5060 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 5025 »; мына: « Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1774 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1749 »; мына: « Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2879 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қо­ста­най об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2854 »; мына: « Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1916 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 1891 »; мына: « Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2409 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2389 »; мына: « Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2193 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 2172 »; мына: « Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4427 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті 4402 »; мына: « Ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік­тер­ді кү­зе­ту жө­нін­де­гі по­ли­ция пол­кі 826 » деген жол алынып тасталсын; « Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет бө­лім­ше­ле­рі 14606 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет бө­лім­ше­ле­рі 15432 ».
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.