Об утверждении видов и объемов медицинской помощи Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық көмектің түрлері мен көлемдерін бекіту туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 40, 42, 45-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған медициналық көмектің мынадай түрлері мен көлемдері бекітілсін:
Тармақша 1
1) білікті медициналық көмек;
Тармақша 2
2) бастапқы медициналық-санитариялық көмек;
Тармақша 3
3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1481 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Тармақ 1
1. Білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
Тармақ 2
2. Білікті медициналық көмектің түрлері:
Тармақша 1
1) жалпы дәрігерлік практика;
Тармақша 2
2) терапия;
Тармақша 3
3) педиатрия;
Тармақша 4
4) хирургия;
Тармақша 5
5) акушерия және гинекология.
Тармақ 3
3. Жалпы дәрігерлерлік практика/отбасы медицинасы – бастапқы медициналық көмек көрсетуге бағдарланған жалпы практика дәрігерлері көрсететін медициналық көмек.
Тармақ 4
4. Пациенттерге білікті медициналық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Басқа 16. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері мен көлемі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1481 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері мен көлемі
Тармақ 1
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәуліктік медициналық бақылаусыз учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсететін дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
Тармақ 2
2. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері:
Тармақша 1
1) ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
Тармақша 2
2) амбулаториялық деңгейде емдеу;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар);
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы (еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, анықтама беру);
Тармақша 5
5) профилактикалық тексерулер;
Тармақша 6
6) иммундау;
Тармақша 7
7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау жөнінде консультациялар;
Тармақша 8
8) дұрыс және тиімді тамақтану туралы ұсыныстар;
Тармақша 9
9) отбасын жоспарлау жөнінде консультациялар мен ұсынымдар;
Тармақша 10
10) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді патронаждау;
Тармақша 11
11) диспансерлеу және динамикалық байқау.
Тармақ 3
3. Пациенттерге бастапқы медициналық-санитариялық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Басқа 31. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 7 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1481 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі
Тармақ 1
1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
Тармақ 2
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.