О порядке и размерах сбора за использование юридическими и физическими лицами символики города Алматы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының рәмiздерiн заңды және жеке тұлғалардың пайдаланғандығы үшiн алымның тәртiбi мен көлемi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы заңының 3 бабының 3 тармағына, Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар фирмалық атауларында қызмет көрсету таңбаларында Алматы қаласының рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн алымды есептеу және төлеу тәртiбi туралы Ереже" бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстiк дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияға жүктелсiн (Шелипанов А.И.).
Басқа 3
ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының V сессиясының 2000 жылғы 2 маусымдағы шешіміне қосымша Заңды (мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында Алматы қаласының рәміздерін пайдаланғаны үшін алымды есептеу және төлеу тәртібі туралы Ережелер
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24-ші сәуірдегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" N 2235 Заңның 3-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1-ші шілдесіндегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" N 258-і Заңының 3-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Бұл Ереже заңды (мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбалары мен тауар таңбаларында Алматы қаласының рәміздерін пайдаланғаны үшін алымды есептеу және төлеу (бұдан әрі алым) тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы ережеде пайдаланылатын ұғымдар: Алматы қаласының рәміздері - Алматы қалалық халық депутаттары Кеңесінің 21 шақыруының 15 сессиясында 1993 жылы 6-шы шілдедегі қаулысымен бекіткен қала елтаңбасының бейнесі, сонымен қатар фирмалық атауларда, қызмет көрсету және тауарлық таңбаларда пайдаланылған "Алматы" деген сөз және оның туындылары. фирмалық атау - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде анықталуы белгіленген заңды жеке тұлғаны ерекшелендіретін құрал; тауар таңбасы - Заңды және жеке тұлғалардың біртектес тауарларын айыруға мүмкіншілік беретін таңба. Өнімді ерекшелендіретін құрал; қызмет көрсету таңбасы - заңды немесе жеке тұлғалардың бірыңғай қызметтерін айыруға мүмкіншілік беретін таңба (мысалы: дүкен атаулары, қоғамдық тамақтану орындары т.б.) алым төлеушілері - өзінің фирмалық атауларында, қызмет көрсету және тауар таңбаларында Алматы рәміздерін пайдаланатын заңды мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар.
Тармақ 2. 2. Мөлшерлер, алымды есептеу және төлеу тәртібі
2. Мөлшерлер, алымды есептеу және төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Заңды тұлғалардың алым төлемдері: - Алматы қаласының рәміздерін фирмалық атауларда пайдаланғаны үшін - он айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде; - Алматы қаласының рәміздерін тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін - бес айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде; - Алматы қаласының рәміздерін қызмет көрсету таңбаларында пайдаланғаны үшін - бес айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде.
Тармақ 5
5. Кәсіпкерлік айналысушы жеке тұлғалардың алым мөлшерлері: - Алматы қаласының рәміздерін өздерінің фирмалық атауларында пайдаланғаны үшін - үш айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде; - Алматы қаласының рәміздерін таңбаларында пайдаланғаны үшін - бір айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде; - Алматы қаласының рәміздерін қызмет көрсету таңбаларында пайдаланғаны үшін - бір айлық есептік көрсеткіштің төленген күнгі мөлшерінде.
Тармақ 6
6. Төлеуші рәміздің әр түрін пайдаланғаны үшін бөлек есептейді.
Тармақ 7
7. Алым төлеуші заңды тұлғалар тіркелген жердің салық органына белгіленген нысан бойынша есепті N 1 Қосымша бойынша өткізуге міндетті.
Тармақ 8
8. Алым төлеуші жеке тұлғалар салық органдарында мемлекеттік тіркеу жөнінде куәлік аларда есеп және алым төленгенін растайтын құжат өткізуі міндетті.
Тармақ 9
9. Тауар таңбаларында және қызмет көрсету таңбаларында Алматы қаласының рәміздерін пайдалануға рұқсат алу үшін төлеушілер бекітілген үлгі бойынша есеп және тіркелген жердегі салық комитетіне алым төленгенін растайтын құжат өткізуі міндетті. Салық комитеті алым төлеушіге Алматы қаласының рәміздерін пайдалануға құқы бар екенін растайтын анықтама береді.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 11-бабы бойынша алым сомалары жергілікті бюджетке аударылады.
Тармақ 3. 3. Салық төлеушілердің жауапкершілігі
3. Салық төлеушілердің жауапкершілігі
Тармақ 11
11. Төлеушілер салымды төлемегені, уақытылы немесе толық төлемегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 12
12. Уақытында төленбеген сомалар мерзімінен өткен әр күнге төленген күн де есепке алынып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі белгілеген қайта қаржыландыру төленген күнгі мөлшерде өсімақы қосылып, жергілікті бюджетке өндіріліп алынады.
Тармақ 4. 4. Бақылау және есеп жүргізу
4. Бақылау және есеп жүргізу
Тармақ 13
13. Осы тәртіптің атқарылуын бақылауды салық органдары жүзеге асырады.
Басқа 21. "Заңды (мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында Алматы қаласының рәміздерін пайдаланғаны үшін алым сомасының ______ жылғы Есебі"
Ережеге N 1 Қосымша С.Т.Н._____________________ __________________________ ___________________________ __________________________ (төлемшінің толық атауы) бойынша салық комитеті ___________________________ __________________________ (банк) (тапсыру мерзімі) ___________________________ __________________________ (банктік шоттар) (іс жүзінде тапсырылды) "Заңды (мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында Алматы қаласының рәміздерін пайдаланғаны үшін алым сомасының ______ жылғы Есебі" ------------------------------------------------------------------------ кез.! ! Рәміздің атауы !Пайдаланатын! Алым ! Алым Са ! ! !рәміздердің ! мөлшері! сомасы N ! ! !саны ! ! ------------------------------------------------------------------------ 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ------------------------------------------------------------------------ 1. Фирмалық атауы 2. Тауар таңбасы, оның Х ішінде тауар түрлері: а)_______________ б)_______________ в)_______________ Қызмет көрсету Х таңбасы, оның ішінде қызмет түрлері: а)_______________ б)_______________ в)_______________ ------------------------------------------------------------------------ Барлығы Х Х ------------------------------------------------------------------------ Толтырылған күні_______________ ________________ МО Басшы қолы _______________ ________________ Бас бухгалтер қолы ___________________________ ________________ (Салық инспекторының аты-жөні) қолы