Об утверждении предельных (максимальных) размеров земельных участков, предоставляемых гражданам в постоянное землепользование и в собственность Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтарға тұрақты пайдалануға және меншікке берілген жер учаскелерінің шекті (барынша көп) көлемін бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 16 тамыздағы № 29 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі "Азаматтарға және заңды ұйымдарға жер учаскелерін беру нормаларын бекіту туралы" № 401 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын :
Тармақ 1
1. Азаматтардың меншігіне берілетін жер учаскелерінің шекті (барынша көп) мөлшері белгіленсін, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, іргедегі және алқаптық үлесті қоса алғанда - 0,50 га, жеке тұрғын үй құрылысына (қалалар мен елді-мекендердің бас жоспарына сәйкес) және бақша шаруашылығы үшін - 0,25 га.
Тармақ 2
2. Азаматтарға шаруа (фермерлік) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануға берілетін жер учаскелерінің шекті (барынша көп) мөлшері аудандар бойынша қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінің редакциялары осы шешімде жарияласын.
Басқа 4
Облыс әкімінің
2000 жылғы 24 мамырдағы № 110
шешіміне қосымша
Азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануға берілетін жер учаскелерінің шекті (барынша көп ) көлемі
Аудандардың атауы
Барлық ауыл шаруашылық алқаптары (га)
Оның ішінде егістік
1
2
3
Айыртау
900
700
Ақжар
1000
600
Аққайың
700
450
Булаев
650
550
Есіл
600
450
Жамбыл
600
400
Қызылжар
450
300
Мамлют
500
350
Тайынша
950
700
Тимирязев
950
700
Уәлиханов
950
750
Целинный
1700
1100
Шал ақын
550
400
Петропавл қаласы
200
200