О порядке безвозмездной передачи бесхозных и незавершенных строительством объектов социального и хозяйственного назначения в собственность граждан, субъектам малого и среднего бизнеса на территории Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының аумағында шағын және орта бизнес субъектілеріне, азаматтардың иелігіне иесіз және құрылысы аяқталмаған әлеуметтік және шаруашылық салалары объектілерін өтеусіз беру тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 12.08.2004 № 8-62 шешімімен.
Алматы облысы аумағында құрылысы аяқталмаған, тоғызы жеткен объектілер қатары көбейіп, оларда күзеттің болмауы салдарынан азаматтардың өміріне қауіп-қатер төндіріліп, объектілердің құрылыс материалдары бұзылып әкетілуде. Бұл объектілер орталықтандырылған мемлекеттік қорлардың қаражаты немесе мемлекеттік кәсіпорындар қаражаты есебінен тұрғызылған, бірақ осы кезеңге дейін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қарауында болып, олардың жарғылық капиталына белгіленген тәртіпке сай енгізілмеген. Аталған объектілердің пайдаланылмауы нәтижесінде, облыс бюджеті бөлігінің едәуір сомасы алынбады.
Салық салушылық негізін көбейту, шағын және орта бизнесті дамыту мен азаматтардың тұрғын үй алуға құқығын қамтамасыз ету мақсатында, облыстық Мәслихат шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысының аумағында иесіз, құрылысы аяқталмаған әлеуметтік және шаруашылық салаларындағы объектілер жеке тұлғалардың иелігіне, шағын және орта объектілеріне берілсін.
Тармақ 2
2. "Алматы облысының аумағында шағын және орта бизнес субъектілеріне, азаматтардың иелігіне иесіз және құрылысы аяқталмаған әлеуметтік және шаруашылық салалары объектілерін өтеусіз беру тәртібі туралы" Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың экономикалық нарықтық құрылымдарын дамыту және жетілдіру, кіші кәсіпкерлік пен жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Син С.К.) жүктелсін.
Басқа 4
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
облыстық Мәслихат сессиясы
№ 24-186 шешіміне қосымша
Алматы облысының аумағында шағын және орта бизнес
субъектілеріне, азаматтардың иелігіне иесіз, құрылысы
аяқталмаған әлеуметтік және шаруашылық салалары
объектілерін өтеусіз беру тәртібі туралы
Ереже
Осы Ереже Алматы облысының аумағында шағын және орта бизнес субъектілеріне, азаматтардың иелігіне иесіз және құрылысы аяқталмаған әлеуметтік және шаруашылық салалары объектілерін өтеусіз беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің шешімімен облыста пайдаланылмай бос тұрған бөлмелер мен алаңдар және құрылысы аяқталмаған объектілерді қарау жөнінде облыстық комиссия құрылады. Осындай комиссиялар облыстың барлық аудандары мен қалаларында да құрылады.
Тармақ 2
2. Облыстық комиссияның жұмысшы органы облыстық экономика басқармасы, ал аудандар мен қалаларда олардың экономика басқармалары болып табылады:
- құрылысы аяқталмаған объектілер тізімін анықтау;
- құрылысы аяқталмаған объектілер беруге болатын тұлғалар аясын анықтау;
- қараусыз қалған объектілердің тізімін анықтап және олардың құжаттарын заң органдарына сот тәртібімен коммуналдық иелікке өткізу үшін беру.
Тармақ 3
3. Құрылысы аяқталмаған объектілер, кіші кәсіпкерлік субъектілері және азаматтардың сұранысы бойынша аудандар мен қалалар әкімдерінің шешімімен өтеусіз беріледі.
Тармақ 4
4. Өтеусіз берудің міндетті шарты, әкімшілік қабылдаған шешімге сәйкес жасалған келісімде көрсетілгендей, құрылысты аяқтау болып табылады.
Тармақ 5
5. Объектілер акт арқылы беріледі.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғалардың иелігінде болып келген құрылысы аяқталмаған және пайдаланылмай бос тұрған объектілер, коммуналдық иелікке меншік иесі мен аудандар және қалалар әкімдері арасында жасалған өтеусіз беру туралы келісім бойынша алынады.
Тармақ 7
7. Алматы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет және қозғалмайтын мүлік жөніндегі облыстық орталық, аудандардың ұсынысы бойынша белгіленген тәртіпке сай, жер пайдалану құқығын және меншік иесіне берілген объектінің құрылысы біткеннен кейін тіркелді.
Тармақ 8
8. Аудандар мен қалалар әкімдері заңды тұлғалармен тұрғызылған
құрылысты аяқтау үшін, өтеусіз берілген тұрғын үйлердің 10% тұрғын үй
алаңын алуға құқылы.
Тармақ 9
9. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитет
неғұрлым тәуір объектілерді жергілікті бюджетті толықтыру үшін,
аукциондарда сатады.