О предоставлении права на промысловый лов рыбы и закрепление рыбохозяйственных водоемов (участков) Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіби балық аулау құқығын беру және балық шаруашылығы суайдындарын (учаскелерін) бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Облыс суайдындарындағы кәсіби және әуесқой балық аулауды реттеу, балық қорларын өркендету шараларын ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында, Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін қорғау, өркендету және пайдалану туралы" Заңындағы 14, 15 баптардың, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің 2641125/3 113 7/1 жеделхатының және Ілебалқашбалыққорғаудың ұсынымдары негізінде, облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Балық ресурстарын ұйымдасқан түрде игеру мақсатында суайдындары (учаскелер) балық өндіруші ұйымдарға бекітіліп берілсін және оларға N 1 қосымшаға сай кәсіби балық аулауға құқық берілсін.
Тармақ 2
2. Ілебалқашбалыққорғауға (Трегуб А.И.) мыналарды қолданылып жүрген заңға сай орындау тапсырылсын:
кәсіби балық аулау учаскелерінің шекарасын, балық ресурстарын пайдалану тәртібін, оларды өркендетудің қажетті шараларын жүргізуді көрсете отырып, табиғат пайдаланушылармен шарттар жасау;
балық өндіруші кәсіпорындар шарттағы міндеттерін орындамаған жағдайда учаскелерді қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізу;
табиғатты пайдаланғаны үшін ақыны облыстың қоршаған ортаны қорғау қорына жіберіп отыру.
Тармақ 3
3. Балық өндіруші ұйымдарға суайдындарын (учаскелерді) бекіту және N 1 қосымшаға көрсетілгеннен басқа балық түрлерін кәсіби аулауға құқық беру туралы шешім қабылдау жөніндегі облыстық атқарушы органның өкілеттіктері мына аудандардың әкімдеріне берілсін:
- Қапшағай қ. Әкіміне (Зеленский С.М.) - жыл бойы тыйым салынған аймақпен шекараға дейінгі Қапшағай суқоймасының акваториіне;
- Балқаш ауданының Әкіміне (Күлмаханов А.) - ауданның әкімшілік аумақтық шекарасында;
- Алакөл ауданының Әкіміне (Жақиянов О.Н.) - ауданның әкімшілік аумақтық шекарасындағы Алакөл көлдер тобына;
- Ұйғыр ауданының Әкіміне (Нарысов М.М.) - ауданның әкімшілік аумақтық шекарасындағы Іле өзенінің шегіне;
- жоғарыда көрсетілген аудандардың әкімдері және Ілебалқашбалыққорғаудың басшысы лимиттің толық игерілуін және бюджетке қаржы түсуін қамтамасыз етсін, 1999 ж. ақпанның 10-на дейін облыс Әкімінің аппаратына суайдындарын (учаскелер) бекіту және кәсіби балық аулауға құқық беру туралы шешім қабылданған барлық балық өндіруші ұйымдар туралы оларды тіркеу үшін мәліметтер берсін;
- көрсетілген аудандардың әкімдері ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10-шы жұлдызынан кешіктірмей) облыс Әкімі аппаратына балық аулаушылардың табиғатты пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы мен салық аударымдары бойынша мәліметтер беріп отырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы суайдындарында балық аулау мен теңіз аңын (тюлень) аулаудың 1999 ж. арналған мөлшерін (лимитін) бекіту туралы" Қаулысы қабылданғаннан кейін, қажет болса осы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Басқа 5. Балқаш көлі
Алматы облысы Әкімінің
1999 ж. 2 ақпандағы N 2-21
шешіміне қосымша
Кәсіби балық аулау мен суайдындарын (учаскелер) бекітуге
құқық алған ұйымдардың
ТІЗІМІ
Ұйымдардың атауы
Учаске
шекарасы
Тапсырыс
б/ша аулаудың көмегі, тонна
Өңдеудің түрі
Ескерту
1
2
3
4
5
6
Балқаш көлі
1
"Құйған" АӨК
Семізкөл қолтығынан Қосағашқа дейін
800
жас балық (свежая)
2
"Ульга" АӨК
Құмарал, Қарашаған, Құқан
500
жас балық
3
"Көрберілік" ӨК
Жантелкөл, Шөмішкөл,
Қарабас, Байсейіт
300
жас балық
4
"Техноплюс" ЖШС
Ульга пос. мен Лепсі өзені аумағындағы учаскелер
200
жас балық
Іле өзенінің сағасы
5
"Табиғат" ЖШС
Көкөзек құйылысына жақын жатқан Ақкөзек к/ж-гі (о/с) үш көл
30
жас балық
6
"Облжемісжидек- өнеркәсібі" АҚ
Төменгі Байминей қ/ж
50
жас балық
7
"Орман" МКК "Арнайы спорт" ЖШС бірлесе отырып
Ер-Майтан к/ж
50
жас тұздалған, ысталған
8
"Құйған" АӨК
Мың-Қарман к/ж
50
жас балық
9
"Аңзооөнеркәсібі" ӨБ Алматы облыстық ОБАШ (ЛРОХ) басқармасымен бірлесе отырып
Шағарай көлін қоса, Топар қ/ж
50
жас балық
Алакөл көлі
10
"Жібек жолы" ЖШС
Бесқопа
300
жас балық
Сасықкөл көлі
11
"Орман" МКК
Жарсуат
250
жас балық
Ескерту: Кәсіби балық аулау мен суайдындарын (учаскелер) бекітуге құқық алған ұйымдар балық аулау мен бекітілген аумақтардағы ауланған балықтың есебін жүргізу ережелерін сақтауға толық жауап береді.