О мерах по оздоровлению воздушного бассейна Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының әуе бассейнін тазарту шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Әуе бассейнін тазарту мен ауаға зиянды заттар тастамасы бөлінуін кеміту мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңындағы 55-баптың талаптарына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысының аумағында жанар-жағармай материалдарына зиянды тастаманың бөлінуін едәуір кемітетін қоспаларды міндетті түрде қолдану енгізілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.А. Айтжанов): - "Экспрус" фирмасымен бірлесе отырып, облыстық әуе бассейнін жанар-жағармай материалдарына қоспа қосу жолымен қорғау шараларын жасасын; - іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 1 тармағындағы талап Алматы облысының аумағымен жүретін автокөліктердің барлығына қойылады.
Тармақ 4
4. "Көлікке фирмалық қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік жол кәсіпорнының Алматы облыстық филиалы (К.Т. Наратауов) Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының келісімінсіз мұнай өнімдері тиелген вагондарды кірме жолдарға алып келмесін.
Тармақ 5
5. Көлік және байланыс бөлімі (М.Қ. Исатаев), облыс Әкімінің 1999 жылғы 2 қаңтардағы N 2-22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.