Об утверждения Правил о порядке выделения местным исполнительным органам Алматинской области средств из местного бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облыстық жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1299 Қаулысына сәйкес және бюджеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоса беріліп отырған:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқару органдарына облыстық бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы ереже.
Тармақ 2
2. Өкілдік шығыстардың нормалары бекітілсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің аппарат басшысы С.Т. Жүсіповаға жүктелсін.
Басқа 3
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 9-305 шешіміне N 1 қосымша Жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже жергілікті атқару органдарына өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді, семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген және жергілікті атқару органдарына бөлінетін қаражат. Өкілдік шығыстарға мынадай шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) ресми түскі және кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
Тармақша 2
2) музыкамен сүйемелдеу;
Тармақша 3
3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
Тармақша 4
4) автокөлік қызметтер;
Тармақша 5
5) аудармашылардың көрсеткен қызметтеріне төлем жасау;
Тармақша 6
6) залды жалдау;
Тармақша 7
7) облыс Әкімі шешімімен өзге де шығыстар.
Тарау 2. 2. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражатты бөлу және пайдаланудың тәртібі
2. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджетте көзделген қаражатты бөлу және пайдаланудың тәртібі
Тармақ 3
3. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу облыс Әкімінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өкілдік шығыстар үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы жергілікті атқару органдардың өтініштерін облыс Әкімі:
Тармақша 1
1) шараны өткізу қажеттілігіне деген негіздеме;
Тармақша 2
2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
Тармақша 3
3) шараның әзірлік жұмыс жоспары;
Тармақша 4
4) қатысушылардың күтілетін саны;
Тармақша 5
5) белгіленген нормалар шегінде, шығыстардың әрбір бабына негізделген, шығыстардың сметасы;
Тармақша 6
6) шығыстардың сметалары бойынша облыс қаржы басқармасының қорытындысы бар болған жағдайда қарайды.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 2-ші тармағының 2),3),6)-шы тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерін жергілікті атқару және өкілетті органдары көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.
Тарау 3. 3. Бақылау және есептілік
3. Бақылау және есептілік
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы өкілдік шығыстар үшін бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Өкілдік шығыстар үшін қаражат алған жергілікті атқару және өкілетті органдары облыстық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті тапсыруы тиіс.
Тармақ 8
8. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.
Басқа 28
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 9-305 шешіміне N 2 қосымша Өкілдік шығыстардың НОРМАЛАРЫ Шығыстардың атауы теңгемен 1. Ресми түскі, кешкі астарды беруге арналған шығыстар делегация үшін күніне бір адамға есептелген есепке негізделіп жүргізіледі. 6500-ге дейін 2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шаралары уақытында, аудармашылар мен еріп жүрген адамдарды қоса алғанда, күніне бір адамға арналған буфеттік қызмет көрсету 1040-қа дейін 3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын, делегацияны қабылдайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына) 700-ге дейін 4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына) 700-ге дейін Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында қарастырылады.
Тармақ 2
2. Шетел делегацияларын ресми қабылдауға байланысты түскі және кешкі ас немесе басқа да осы секілді шаралар кезінде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетел делегацияларының тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе ілесіп жүрушіден негізделіп айқындалуы тиіс.