О лицензировании деятельности предприятий розничной торговли алкогольной продукции Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнімдерін бөлшектеп сату кәсіпорындары қызметін лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1999 ж. шілденің 16-ғы "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін шығаруды және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" N 429-1 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. тамыздың 27-гі "Этил спирті мен алкоголь өнімдерін шығаруды лицензиялау, этил спиртін сақтау және сату, алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) сақтау және көтеріп сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) бөлшектеп сату Ережелерін бекіту туралы" N 1258, сондай-ақ 1999 ж. тамыздың 20-ғы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 ж. тамыздың 16-ғы N 1127 Қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 1218 Қаулыларын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) бөлшектеп сату қызметінің лицензиялары (лицензия берушілер) болып аудандардың, Қапшағай, Текелі, Талдықорған қалаларының әкімдері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Әкімінің 1999 ж. қаңтардың 14-гі "Құрамында 12%-тен астам этил спирті бар алкоголь өнімдерін Алматы облысының аумағында бөлшектеп сату Тәртібін бекіту туралы" N 1-9 шешімі күшін жойған болып саналсын.
Тармақ 3
3. Облыстық сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының қызметін үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлім (Қ.Р. Ғалиева), Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ә.Қ. Талқымбаев) сауданың ұйымдастырылуына және сатылатын өнімнің сапасына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Кәримоллинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Бұл шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.