Об утверждений перечня работодателей, организующих социальные рабочие места для прохождения молодежной практики Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 31 наурыздағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы № 836 қаулысына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жастар практикасын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздар үшін уақытша жұмыс орнын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы "Жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту туралы" № 56 қаулысына қосымша Жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі Р/с № Мекеменің аты Кәсіби (мамандығы) Жұмыс орындары- ның жоспарлы саны Жастар практика- сының жоспарлы ұзақтығы (айлар) Айлық жалақы мөлшері, теңге 1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Шаңырақ" Заңгер 1 6 26000 Қаржыгер 1 6 26000 Специалист сельского хозяйства 2 6 26000 2 "Көксу ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Экономист 1 6 26000 Заңгер 1 6 26000 3 "Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Экономист 1 6 26000 Заңгер 1 6 26000 4 Коксу аудандық соты Заңгер 2 6 26000 5 "Көксу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Экономист қаржыгер 1 6 26000 6 "Көксу ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңгер 1 6 26000 Қаржыгер 1 6 26000 Мұғалім 1 6 26000 7 "Көксу ауданының тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Қаржыгер 1 6 26000 8 "Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Программист 1 6 26000 Экономист 1 6 26000 9 Алматы облысының әділет департаменті Көксу аудандық әділет басқармасы Заңгер 2 6 26000 10 "Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі Заңгер 1 6 26000 11 Көксу ауданы әкімі аппаратының шаруашылық құқығындағы аудандық "Нұрлы Көксу" газеті коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Программист 1 6 26000 Дизайнер 1 6 26000 12 "Көксу ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қаржыгер 1 6 26000 Экономист 1 6 26000 Заңгер 1 6 26000 13 "Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Заңгер 1 6 26000 14 "Нұр-Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы Алматы облысы Көксу аудандық филиалы Заңгер 1 6 26000 Қаржыгер 1 6 26000 15 Көксу ауданы әкімінің аппараты Заңгер 2 6 26000 Қаржыгер 3 6 26000 15 "Көксу ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Заңгер 1 6 26000 Экономист- қаржыгер 1 6 26000 16 "Көксу ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі финансист 1 6 26000 17 "Көксу ауданының ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі финансист 1 6 26000 Заңгер 1 6 26000 Агроном 1 6 26000 18 Алматы облысы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық Мемлекеттік Қазынашылық Кәсіпорны Көксу аудандық филиалы Информатик 1 6 26000 Қаржыгер 1 6 26000 19 "Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекциясы Комитетінің Көксу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі Заңгер 1 6 26000 20 "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Заңгер 1 6 26000 Программист 1 6 26000 21 Алматы облысы "Казпочта" Акционерлік Қоғамы Көксу аудандық почта байланыс торабы Заңгер 1 6 26000