О наименовании новой улицы села Кызыл-Кайрат Алатауского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылының жаңа көшесіне ат беру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, аудандық ономастика кеңесінің келісімімен және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алатау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алатау ауылдық округі Қызыл-Қайрат ауылының оңтүстігінде орналасқан жаңа көшеге "Қожабеков Насылхан" аты берілсін:
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Бақытнұр Тұрсынбайұлы Атейбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.