Инструкция о порядке выдачи удостоверений тракториста-машиниста на управление тракторами, другими самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы Бекiтемiн Бекiтемiн Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасары Ауыл шаруашылығы _______________ министрiнiң орынбасары 4 қараша 1993 жыл 29 қазан 1993 жыл Келiсiлдi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң МАИ бас басқармасының бастығы ___________________ 1 қараша 1993 жыл Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 735 қаулысына сәйкес әзiрленiп, тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасы территориясында мiндеттi түрде iске асырылады.
Тармақ 1.2
1.2. Барлық тракторлар және өздiгiнен жүретiн машиналар типiне, белгiленген жұмыс қызметiне және басқару ерекшелiктерiне қарай "А", "Б", "В", "Г", "Д" және "Е" категорияларына бөлiнедi. Тракторист-машинистердiң куәлiктерiнде тұсына рұқсат белгiлерi қойылған категорияға жататын тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналарды ғана жүргiзуiне құқылары бар. "А" - класы 14 кН (1,4тс) дейiнгi доңғалақты тракторлар; "Б" - класы 14 кН (1,4 тс) жоғары доңғалақты тракторлар; "В" - шынжыр табанды тракторлар; "Г" - механикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн тракторлар; "Д" - гидростатикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн машиналар; "Е" - мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары, оның iшiнде шөмiшiнiң сыйымдылығы 0,65 куб, м дейiнгi экскаваторлар.
Тармақ 1.3
1.3. Колхоз, совхоздардың және ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк түрлерiне қарамай барлық басқа шаруашылықтар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң тракторист-машинистерi үшiн, сонымен қатар жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары бар азаматтар үшiн сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинист куәлiгiнiң бiрiңғай формасы енгiзiледi (1 және 2 қосымша).
Тармақ 1.4
1.4. Тракторист-машинист куәлiгi мен сақтандыру талонын мемауылтехқадағалаудың облыстық және аудандық инспекциялары бередi.
Тармақ 1.5
1.5. Куәлiк сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинистерге Қазақстан Республикасының барлық территориясында тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат бередi.
Тармақ 1.6
1.6. Мемауылтехқадағалау инспекциясы куәлiктi сол ауданда (қалада) тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтарға ғана бередi.
Тарау 2. 2. Тракторист-машинист куәлiгiн беру және бiлiм тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
2. Тракторист-машинист куәлiгiн беру және бiлiм тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
Тармақ 2.1
2.1. Тракторист-машинист куәлiгi машиналарды техникалық пайдалану, жол жүру ережелерi мен практикалық машина жүргiзу дағдыларынан бiлiм тексерiлген соң берiледi. Бiлiм тексеру мемауылтехқадағалау инспекциясының қызметкерi, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 2.2
2.2. Практикалық жүргiзу дағдыларын тексеру үшiн керек тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өздерi қамтамасыз етедi.
Тармақ 2.3
2.3. Белгiленген категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн алатын азаматтар төмендегiдей құжаттарды тапсыруы керек: оқу орындары, шаруашылық, кәсiпорын және мекемелер комиссияларынан берiлген бiлiктiлiк куәлiгi; тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және басқа машиналарды жүргiзуге жарамдылығы туралы белгiленген үлгiдегi медициналық анықтама; емтихан алғаны және куәлiк берiлгенi үшiн төлеген жарнаның квитанциясы; жеке басты куәландыратын құжат; мөлшерi 3 х 4 см, төменгi оң жақ бұрышы ақ, бiр фотосурет; сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi (басқа категориялардағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алған жағдайда). Емтихан және сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi үшiн шаруашылық, кәсiпорын, ұйымдар мен мекемелер жiберген азаматтарға жарнаны бюджеттiң 12 бөлiмi 32 параграфындағы табысына қосу үшiн олардың бухгалтериясы Ұлтбанк мекемелерiне, ал жекелеген азаматтар - Халық банк мекемелерiне төлейдi.
Тармақ 2.4
2.4. Тапсырылған құжаттар туралы мәлiметтер мен бiлiм тексеру қорытындысы ведомостке (3 қосымша) түсiрiледi, оған бiлiм тексеруге қатынасқан адамдар қол қояды.
Тармақ 2.5
2.5. Өз күшiмен машина құрастырып, даярлаған азаматтарға арнаулы даярлық курстарынсыз жол жүру ережелерiмен машина жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң тракторист-машинист куәлiгi берiлуiне болады.
Тармақ 2.6
2.6. Жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары және автомобиль жүргiзу, механик-жүргiзушi немесе басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн куәлiктерi бар (бұл куәлiктердi алу үшiн жол жүру ережелерiн бiлу керек) азаматтарға тракторист-машинист куәлiгi даярлық курстарынсыз, өз меншiгiндегi машиналарды жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң берiлуiне болады. Жол жүру ережелерiнен емтихан тапсырудан босату тек олардың манишаларда жұмыс iстеген уақытындағы үзiлiс бiр жылдан аспаған уақытта ғана болады. Бұл жағдайда тракторист-машинист куәлiгiн алушы азаматтардың бiлiм деңгейiн тексеру ведомосiнiң 6 графасына автомобиль жүргiзу және басқа куәлiктердiң аты, сериясы, реттiк саны және берiлген уақыты толтырылады.
Тармақ 2.7
2.7. Жоғарғы немесе орта ауыл шаруашылық оқу орындарын "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бiтiрген азаматтарға тракторист-машинист куәлiгi дипломның көшiрмесiн және жол жүру ережелерiмен машина жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң берiледi.
Тармақ 2.8
2.8. Жол жүру ережелерiнен қанағаттанарлықсыз бiлiм көрсеткен немесе машина жүргiзудiң практикалық дағдыларын игермеген кiсiлер, қайта емтиханға 5 күннен соң ғана жiберiледi.
Тармақ 2.9
2.9. Сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинист куәлiгi берiлген кезде олардың сериясы және реттiк саны, реттiк сан тәртiбi бойынша куәлiк тiркелiнетiн Кiтапқа (4 қосымша) және бiлiктiлiк куәлiгiне түсiрiледi. Олар мемауылтехқадағалау инспекциясының мөрiмен куәландырылады. Бiлiктiлiк куәлiгi иесiне қайтарылады.
Тармақ 2.10
2.10. Тракторист-машинист куәлiгiмен сақтандыру талонына мемауылтехқадағалау қызметкерi қол қойып, инспекцияның мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 2.11
2.11. Берiлген тракторист-машинист куәлiгiнiң жүргiзуге рұқсат берiлген трактор (машина) категорияларының графасының тұсына штамппен "Рұқсат" деген белгi соғылады. Басқа категориялардың графаларына қиғаш белдеу сызығы бар штамп басылмайды, сақтандыру талонының жүргiзуiне рұқсат берiлмеген машиналардың категориясының графалары дөңгелек формалы компостермен тесiледi. Тракторист-машинистер басқа категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алған жағдайда, осы категориядағы машиналарды оқығаны туралы бiлiктiлiк куәлiгi негiзiнде емтихан тапсырған соң, жаңа сақтандыру талоны берiлiп, тракторист-машинист куәлiгiнiң тиiстi жаңа категориясының графасына штамппен "Рұқсат" деген белгi соғылады.
Тармақ 2.12
2.12. Жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары бар азаматтарға берiлген тракторист-машинист куәлiгiнiң машиналар категориясының графаларына рұқсат етiлетiн белгi соғылмайды. "Ерекше белгiлер үшiн" графасына "Рұқсат, жекеменшiктiк" немесе "Рұқсат. Қолдан жасалған" деген штамп соғылып, машинаның аты мен маркасы көрсетiледi. Куәлiктiң барлық машиналар категориясы қиғаш белдеу сызығы бар штамппен, ал сақтандыру талонының дөңгелек формалы компостермен өшiрiледi.
Тармақ 2.13
2.13. Сақтандыру талоны тек өзiнде реттiк саны көрсетiлген тракторист-машинист куәлiгiмен ғана жарамды.
Тармақ 2.14
2.14. Куәлiк және сақтандыру талоны жеке кiсiлерге паспорты және басқа оны алмастыратын құжаттар бойынша, куәлiк тiркелетiн Кiтапқа қол қойылған соң берiледi.
Тармақ 2.15
2.15. Куәлiк сақтандыру талонынсыз жарамсыз болып табылады.
Тармақ 2.16
2.16. Тракторист-машинистердiң куәлiгi алынған жағдайда, сақтандыру талонымен сол күннен бастап 15 тәулiк iшiнде рұқсат берiлген категориялардағы машиналарды жүргiзуiне болады. Қажет болғанда сақтандыру талонының күшiнiң мерзiмiн ұзартуға болады.
Тарау 3. 3. Тракторист-машинист куәлiгiн алмастыру тәртiбi
3. Тракторист-машинист куәлiгiн алмастыру тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiнiң күшiнiң мерзiмi шектелмейдi және олар қолдануға жарамсыз болған жағдайда алмастырылады.
Тармақ 3.2
3.2. Куәлiктердi алмастыру, тракторист-машинистердiң тракторларды басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды басқаруға денсаулығының жарамдылығы туралы медициналық анықтамасы және бiлiктiлiк куәлiгi бойынша тек мемауылтехқадағалау инспекцияларында жүргiзiледi.
Тармақ 3.3
3.3. Тракторларда, басқа өздiгiнен жүретiн машиналарда тұрақты жұмыс iстеп, соңғы 12 ай мерзiм iшiнде жол жүру, машиналарды техникалық пайдалану ережелерiн бұзбаған кiсiлерге куәлiк бiлiмi тексерусiз алмастырылады. Тракторист-машинист болып тұрақты жұмыс атқарғанын дәлелдейтiн құжат жұмыс орнынан берiлген анықтама болып табылады. Сақтандыру талонында күшi сақталған компостерлiк тесiк (белгi) болса, куәлiк жол ережелерiн бұзғаны үшiн белгi соғылған талаптар бойынша бiлiмi тексерiлгеннен кейiн алмастырылады. Бұл жағдайда компостерлiк тесiк (белгi) жаңа сақтандыру талонына түсiрiлмейдi.
Тармақ 3.4
3.4. Тракторист-машинист болып соңғы 12 ай iшiнде тұрақты жұмыс iстемегендерге куәлiк жол жүру ережелерiнен бiлiмi тексерiлгеннен кейiн алмастырылады, ал бiр жылдан артық жұмыс iстемегендер оған қосымша практикалық машина жүргiзу дағдыларынан емтихан тапсырады.
Тармақ 3.5
3.5. Алмастырылған жаңа тракторист-машинист куәлiгiнiң "Ерекше белгiлер үшiн" графасына бұрынғы куәлiктiң сериясы, реттiк саны және берiлген уақыты көрсетiледi.
Тармақ 3.6
3.6. Куәлiк жоғалған жағдайда жаңа куәлiк "Дубликат" деген белгiмен механизатордың арызы, бiлiктiлiк куәлiгi және медициналық анықтама негiзiнде, ал кейбiр жағдайларда - куәлiктiң жоқтығын басқа мемауылтехқадағалау инспекциялары және МАИ органдарында анықталғаннан кейiн мемауылтехқадағалау инспекциясынан берiледi. Мемауылтехқадағалау инспекциясы барлық қажеттi құжаттар болған жағдайда арыз түскен күннен бiр ай мерзiм iшiнде механизаторлардың жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiмiн тексерiп, куәлiк беруiне мiндеттi.
Тармақ 3.7
3.7. Жоғалған сақтандыру талонының орнына жаңасы жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiм тексерiлген соң берiледi.
Тармақ 3.8
3.8. Сақтандыру талоны мына жағдайларда алмастырылады: - басқа категориялардағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алғанда; - пайдалануға жарамсыздыққа жетсе; - куәлiк алмастырылағанда; - сақтандыру салоны жойылғанда; - салон иесiнiң сұрауы бойынша сақтандыру талонында екi немесе одан артық белгiлер болып, оның соңғысына бiр жылдан артық уақыт өткен болса.
Тармақ 3.9
3.9. Жүргiзу құқынан бiр жылға дейiн мерзiмге айырылып, мерзiмi бiткен кiсiлерге тракторист-машинист куәлiгi шаруашылық, мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың өтiнiшi, трактор, басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама және бiлiктiлiк куәлiгiн тапсырып, жол жүру, машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiмi тексерiлген соң берiледi, ал жүргiзу құқынан айыру мерзiмi бiр жылдан артық болған жағдайда жоғарыдағыларға қосымша - машиналар жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырылады.
Тарау 4. 4. Куәлiктердi жасау, жабдықтау және сақтау тәртiбi
4. Куәлiктердi жасау, жабдықтау және сақтау тәртiбi
Тармақ 4.1
4.1. Тракторист-машинист куәлiктерi және сақтандыру талондарының бланкалары облыстық мемауылтехқадағалау инспекциясының мәлiмдемесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тапсырысы бойынша жасалынады.
Тармақ 4.2
4.2. Тракторист-машинист куәлiктерi және сақтандыру талондарының бланкалары аса құнды құжаттар есебiнде сақталуы тиiстi.
Тармақ 4.3
4.3. Мемауылтехқадағалау инспекцияларында алмастырылған, бұрын пайдаланылған куәлiк, сақтандыру талондарының бланкалары және толтырылған кезде бүлiнген, сонымен қатар құқынан айырылып 12 ай мерзiм iшiнде қайта алынбаған куәлiктен сақтандыру талондарының бланкалары жиналу санына байланысты, қайта пайдалануға жарамсыз түрге келтiрiлiп жойылады. Ол туралы тиiстi акт жасалады.
Тармақ 4.4
4.4. Сақтандыру талоны мен куәлiк алуға негiз болған құжаттар бөлек iске тiгiлiп, белгiленген тәртiп бойынша сақталады. Куәлiк тiркелетiн Кiтап 45 жыл, қалған басқа құжаттар - 5 жыл сақталуы керек.
Тармақ 4.5
4.5. Медициналық анықтамалардың керектi көрсеткiштерi ведомостке түсiрiлгеннен кейiн бiлiктiлiк куәлiгiмен бiрге иесiне қайтарылады.
Басқа 41. ТРАКТОРИСТ-МАШИНИСТ КУӘЛIГI Тракторист-машинист куәлiгi
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүруге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы Нұсқаудың 1 қосымшасы ТРАКТОРИСТ-МАШИНИСТ КУӘЛIГI Тракторист-машинист куәлiгi Фамилиясы_______________________________________________________ Аты_____________________________________________________________ Әкесiнiң аты____________________________________________________ Күнi және туған жерi____________________________________________ ________________________________________________________________ | Көлемi 3 х 4 см. | Сериясы және | сурет жапсырылатын | реттiк саны | орын | |---------------------| ---------------------- (облысы, ----------------------- ауданы) Мемауылтехқадағалау М.О. инспекциясынан берiлдi. " "_________________________19 жыл ________________________________ (куәлiк берген инспекцияның өкiлiнiң қолы) ____________________________ (куәлiк иесiнiң қолы) ________________________________________________________________ Тракторлар және басқа өздiгiнен | Рұқсат берiлгенi жүретiн машиналар категориялары | туралы белгi ---------------------------------------------------------------- А. 14 кН (1,4 тс) дейiнгi доңғалақты тракторлар Б. 14 кН (1,4 тс) жоғарғы доңғалақты тракторлар В. Шынжыр табан тракторлар Г. Механикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн машиналар Д. Гидростатикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн машиналар Е. Мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары, оның iшiнде шөмiшiнiң сыйымдылығы 0,65 куб м. дейiнгi эксковаторлар ---------------------------------------------------------------- Ерекше белгiлер үшiн
Басқа 42. САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI ЖАСАЛАТЫН, ТӘРТIП БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТIЗIМI
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы Нұсқаудың 2 қосымшасы 1  1  1                  2  2  2               3  3  3 САҚТАНДЫРУ ТАЛОНЫ сериясы ______________________N_______________А Сериясы  ____________N _______ тракторист-машинист куәлiгiне. Фамилиясы_______________________________________________________Б Аты ____________________________________________________________ Әкесiнiң аты ___________________________________________________                                                                 В ________________________________________________________________             (мемауылтехқадағалау инспекциясының ресми аты) Берiлдi  "  " __________________ 19    жыл                      Г               __________________________________________________                                 (қолы)                          Д М.О.                                                                 Е Талон куәлiк алынған соң 15 күн iшiнде жұмыс iстеуге рұқсат бередi. Жоғалған жағдайда жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiм тексерiлгеннен кейiн жаңартылады.      4  4  4                                         5  5  5 САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI ЖАСАЛАТЫН, ТӘРТIП БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТIЗIМI
Тармақ 1
1. Жолдама қағазсыз, техникалық талонсыз, нөмiрлiк белгiсiз жұмыс iстеу және машиналарды ретсiз, басқа жұмыстарға пайдалануы.
Тармақ 2
2. Техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң бұзылуы.
Тармақ 3
3. Техниканы сақтау ережелерiнiң бұзылуы.
Тармақ 4
4. Басқа техникалық пайдалану ережелерiнiң бұзылуы.
Тармақ 5
5. Жол жүру ережелерiнiң бұзылуы. "  " __________________________________________19   жыл,  Куәлiк ________________________________________________________________               (тәртiп бұзушылықтың түрi көрсетiлуi ________________________________________________________________                          керек) алынды. ________________________________________________________________             (куәлiктi алушының қызметi және фамилиясы) Iстi қарау үшiн  "  "  _________________________________19  жылы ________________________________________________________________                 (инспекцияның аты көрсетiлуi ________________________________________________________________                             керек) келуi керек.
Басқа 48
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 3 қосымшасы Тракторист-машинист куәлiгiн алатындардың бiлiмiн тексеру ведомосы N ______________________________ облысы,______________аудандық мемауылтехқадағадау инспекциясы  "  "_______________________19    жыл
Тармақ 1
1. Реттiк саны
Тармақ 2
2. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
Тармақ 3
3. Туған уақыты
Тармақ 4
4. Емтихан тапсырушының оқу бiтiрген жерi
Тармақ 5
5. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң реттiк саны және оның берiлген уақыты
Тармақ 6
6. Медициналық анықтаманың реттiк саны, берiлген уақыты және берген мекеменiң аты
Тармақ 7
7. Категориясы
Тармақ 8
8. Бiлiм тексеру қорытындысы (тапсырды, тапсырмады)
Тармақша а
а) Жол жүру ережесi
Тармақша ә
ә) Машина жүргiзу дағдылары
Тармақша б
б) Техникалық пайдалану ережелерi Мемауылтехқадағалау инспекциясы, сонымен қатар бiлiм тексеруге қатынасқан басқа қызметкерлердiң лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, қолдары қойылады.
Басқа 60. Тракторист-машинист куәлiктерi, сақтандыру талондары тiркелетiн және берiлетiн КIТАП
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 4 қосымшасы Тракторист-машинист куәлiктерi, сақтандыру талондары тiркелетiн және берiлетiн КIТАП
Тармақ 1
1. Реттiк саны
Тармақ 2
2. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
Тармақ 3
3. Туған жерi мен уақыты (күнi, айы, жылы)
Тармақ 4
4. Жұмыс iстейтiн жерi (тұратын орыны)
Тармақ 5
5. Емтихан тапсырған күнi және ведомостың реттiк саны
Тармақ 6
6. Куәлiктiң берілген күнi
Тармақ 7
7. Берiлген куәлiктiң
Тармақша а
а) категориясы
Тармақша ә
ә) сериясы және реттiк саны
Тармақ 8
8. Талонның реттiк саны мен сериясы
Тармақ 9
9. Алғандығы туралы қолы
Басқа 72. Куәлiктер, сақтандыру талондары және нөмiрлiк белгiлер түсiмi және шығындарын есептеп, тiркейтiн ЖУРНАЛ
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 5 қосымшасы Куәлiктер, сақтандыру талондары және нөмiрлiк белгiлер түсiмi және шығындарын есептеп, тiркейтiн ЖУРНАЛ
Тармақ i
I. Кiрiс
Тармақ 1
1. Түскен күнi
Тармақ 2
2. Бiрге келген құжаттың реттiк саны
Тармақ 3
3. Сериясы
Тармақ 4
4. Реттiк сандары
Тармақша а
а) N ден
Тармақша ә
ә) N-ге дейiн
Тармақ 5
5. Саны
Тармақ ii
II. Ш ы ғ ы с
Тармақ 6
6. Шығынға шыққан күнi
Тармақ 7
7. Қайда берiлдi
Тармақ 8
8. Сериясы
Тармақ 9
9. Реттiк сандары
Тармақша а
а) N -ден
Тармақша ә
ә) N -ге дейiн
Тармақ 10
10. Саны
Тармақ 11
11. Қалдығы Ескерту: Бланктер мен белгiлердiң әр түрiне Журналда жеке бөлiмдер берiледi.