«О дополнительных мерах по укреплению общественного порядка на территории Мангистауской области» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі қосымша шаралар туралы Мас күйінде жасалған қылмыстар (санының өсуіне 1997 ж. 1 тоқсанда - 117 адам, 1998 ж. 1 тоқсанда - 148 адам), сондай - ақ сапасыз спирт ішімдіктерін ішкеннен кейін өлімге душар ету жағдайыларының, көбеюіне (1996 жылы - 20 жағдайы, 1997 жылы 63 жағдайы), арақ-шарап өнімдерінің тиісті сертификатсыз әрі акциздік таңбаларсыз сатып өткізілуіне байланысты жене қоғамдық, тәртіпті нығайту, алкоголь өнімдерінің сатып өткізілуін тәртіпке келтіру, салықтық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, шешім етемін;
Тармақ 1
1. 1998 жылғы тамыздың 16 бастап құрамында 12 проценттен артық этил спиртінің мөлшері бар алкогольдық ішімдіктерді сатып өткізуге тыйым салынсын; -қалалар мен аудандар әкімінің арнайы шешімдері бойынша жүзеге асырылатын жәрмеңке күндері мен мереке күндеріндегі сауда-саттық жағдайларынан басқа; - оқу мезгілі мен өндірістік үрдіс кезінде оқу орындары мен өндірістік кәсіпорындардың асханаларында. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 17.07.1998 № 199 шешімімен.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы тамыздың 16-нан бастап табиғи көлемдеріне қарамастан этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді сатуды тиісті лицензиясы бар көтерме сауда ұйымдары мен сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған стационарлық сауда мекен жайлары сауда жайлары және фискальды зерделі кассалық аппараты бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртіп орнатылсын. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 17.07.1998 № 199 шешімімен; 04.09.1998 № 223 шешімдерімен;
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері 1998 жылғы тамыздың 16-на дейін аталған шешімге сәйкес алкоголь ішімдіктерін сатуды тәртіпке келтіру жөнінде тұрғын халық арасында ұйымдастыру түсінік жұмыстарын жүргізетін болсын. 📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 17.07.1998 № 199 шешімімен.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Х.Е.Досқалиев), облыстық салық басқармасы (Д.Б.Азбергенов) жоғарыда көрсетілген өнімдердің белгіленбеген жерлер мен белгіленбеген мезгілде сатып өткізу фактілерінің жолын кесу жөнінде осы аталған шешімге сәйкес тұрақты бақылау жасауды және шаралар алуды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық, кеден басқармасы (Е.Н. Мамыров) келіп түсетін алкоголь өніндерінің оның сапасын куәландыратын құжаттарымен келіп түсуіне бақылау жасауды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 6
6. Облыстық, экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы (А.Қашақов) Стандарттау, метрология жӘне сертификаттау орталығы (М.З. Зинуллин), баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі Мемлекеттік комитеті (Н.М. Гребеньков) сатып еткізілетін алкоголь өнімдерінің сапасына талапқа сәйкесті сертификаттары мен акциздік таңбаларының және тиісті лицензиясы болуына ұдайы бақылау жасауды қамтамасыз ететін болсын. 📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді -Маңғыстау облысы әкімінің 17.07.1998 № 199 шешімімен.
Тармақ 7
7. Облыстық салық комитет (Ж.С. Сарсенқұлов) сатылатын алкогольдық, өнімдердің акциздік таңбаларының бар болуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық санитарлық - эпидемиологиялық станциясы (В.Э. Нейзер) бақылаушы органдардың талап етуі бойынша алкоголь ішімдіктеріне санитарлық-химиялық талдау жасауды жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 9
9. Аталған өзгерістер Местное время,Маңғыстау газеттеріне жариялансын. 📌 Ескерту. Қаулы 9 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімінің 17.07.1998 № 1999
Тармақ 10
10. Осы шешімнін, орындалуына бақылау жасау облыснің бірінші орынбасары Ж.Р. Аманқұловқа жүктелсін.