О переименовании улиц населенных пунктов Аккайнарского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққайнар ауылдық округі елді мекендерінің көше атауларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына сәйкес Аққайнар ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Аққайнар ауылындағы Алтай көшесі - «Райхан Қоқабаев атындағы» көшеге өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қызыл Жұлдыз ауылындағы Қызыл Қайың көшесі – «Әбілғали Төлесов атындағы» көшеге өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Ш. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.