О введении личной медицинской книжки и санитарного паспорта на автотранспорт единого образца Күшін жойған
Басқа 0
Жеке медициналық кітапшасын және автокөлікке арналған бірыңғай үлгідегі санитарлық паспортын енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының 25.06.2008 жылғы № 08-12-985 хатымен.
"Халықтың санитарлық зпидемиологиялық әл-ауқаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына сәйкес» тұрғын халық арасында инфекциялық, тоғышарлық және кәсіби аурулардың, тамақтан уланудың алдын алу және адамдардың жұмысқа кіруі кезінде міндетті түрде алдын ала және мерзімінде медициналық байқаудан өтуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылғы 26 наурыздағы N 143 бұйрығына, К.Р Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.12.97ж.
N 17 Қаулысына сәйкес тұрғын халықтың нақтылы заңмен белгіленген топтарын гигиеналық оқытылуын қамтамасыз ету мақсатында, шешім етемін;
Тармақ 1
1. Облыстық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызметі 01.07.98 ж.дейінгі мерзімге жеке медициналық кітапшалардың және көлікке арналған санитарлық паспорттардың меншік нысандарына қарамастан ұиымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға берілуін ұйымдастыратын болсын.
Тармақ 2
2. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың басшылары 01.07.98 ж.дейінгі мерзімге міндетті алдынала және мерзімді медициналық байқауға жатқызылған қызметкерлерді жеке медициналық кітапшалармен, ал азық-түлік тағамдарын және ауыз суды тасымалдаумен шұғылданатын арнаулы автокөлік жүргізушілерін бірыңғай үлгідегі көлікке арналған санитарлық паспортпен қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттік автоинспекциясы (Н.Бисенов) және Маңғыстау облысы бойынша кеден басқармасы (Мамыров.Е.Н)Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне азық –түлік тағамдарын және ауыз суды тасымалдаумен шұғылданатын арнаулы автокөлік жүргізушілеріне көліктерге арналған санитарлық паспорттардың бар болуын бақылау жасауды жүзеге асыруға ықпалды жірдем көрсететін болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мемлкекеттік снитарлық-эпидемиологиялық қызметіне (В.Э.Нейзер)жүктелсін.