О ратификации Соглашения об общих принципах создания межгосударственных научно-производственных объединений в Организации Договора о коллективной безопасности по выпуску продукции военного назначения Қолданыста
Басқа 0
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ, Ұйым) мүше мемлекеттер
Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастығын жетілдіруге ұмтылысын басшылыққа ала отырып,
Ұйымға мүше мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын дамытуды және ықпалдастыруды бірлесіп қолдау үшін жағдай жасау қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде аталған терминдер мынаны білдіреді:
"әскери мақсаттағы өнім" (бұдан әрі - ӘМӨ) - қару-жарақ, әскери техника, құжаттама, жұмыстар, қызметтер, зияткерлік қызметтің нәтижелері, оның ішінде оларға берілетін ерекше құқықтар (зияткерлік меншік) және әскери-техникалық саладағы ақпарат, сондай-ақ Тараптардың ұлттық заңнамасында, нормативтік құқықтық актілерінде ӘМӨ-ге жатқызылатын кез келген басқа өнім;
"әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктер (бірлескен кәсіпорындар)" (бұдан әрі - Бірлестіктер) - ӘМӨ әзірлеу, жасау, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін өздерінің ғылыми-техникалық, өндірістік, зияткерлік және инвестициялық әлеуеттерін біріктірген Ұйымға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары (ұйымдары).
Бап 2. 2-бап
2-бап
Бірлестіктер мүдделі Тараптар арасында екі жақты не көп жақты шарттар негізінде құрылады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Құрылатын Бірлестіктердің шаруашылық қызметінің мәселелері Бірлестік тіркелген Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Бірлестік олар шығаратын ӘМӨ-ге қатысты сыртқы сауда қызметін Тараптармен жүзеге асырады.
Оларға сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығы Бірлестік заңды тұлға ретінде тіркелетін Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес беріледі.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Ұйымға мүше мемлекеттерге ӘМӨ жеткізу 2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімнің негізінде жүзеге асырылады.
Аталған Келісімнің ережелерін мүлтіксіз сақтау және Ұйымға мүше мемлекеттерге Бірлестік жеткізетін ӘМӨ-нің нысаналы пайдаланылуын бақылау мәселелері бойынша Бірлестік Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Бірлестік үшінші тараптарға ӘМӨ-ні жеткізуді ол заңды тұлға ретінде тіркелген Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Бірлестік кәсіпорындары алып өтетін ӘМӨ, сондай-ақ бір Тараптың кедендік аумағынан шығатын және басқа Тараптың кедендік аумағына әкелінетін, осы Тарапқа арналған, ӘМӨ жасауға арналған тауарлар кедендік әкелу бажынан босатылады.
Тараптардың әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі уәкілетті органдарымен келісілген ӘМӨ және ӘМӨ жасауға арналған тауарлардың тізбесі немесе әкелетін Тараптың осы органының әкелінетін ӘМӨ және/немесе ӘМӨ жасауға арналған тауарлар осы Келісімге сәйкес әкелінетіні туралы қорытындысы осындай босату үшін негіз болып табылады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Бірлестікке кіретін кәсіпорындардың қызметі олар заңды тұлға ретінде тіркелген Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Бірлестіктер құру Бірлестікке кірген кәсіпорындардың осы Келісімге қатысушылар болып табылмайтын мемлекеттердің кәсіпорындарымен тиісті халықаралық шарттар жағдайында жүзеге асырылатын кооперациялық байланыстарын сақтауға және дамытуға кедергі келтірмейді.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Бірлестікке кіру, егер Бірлестіктің құрылтай құжаттарында басқаша келісілген болмаса, ұлттық заңнамаға сәйкес кәсіпорындардың сыртқы сауда қызметіне құқықтарын жоққа шығармайды.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Бірлестіктің қызметі барысында алынған және мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын мәліметтерді қорғау 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге және Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тараптар 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери-экономикалық ынтымақтастық барысында алынған және пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды өзара қорғау туралы келісімге және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар мен Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес Бірлестіктердің қызметі үдерісінде пайдаланылатын және алынған зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамамен ресімделетін және осы Келісімнің 15-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Осы Келісім оған қол қойған Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарийге тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Осы Келісім, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қолданылады.
Әрбір Тарап осы Келісімнің қолданылу уақытында туындаған қаржылық және өзге де міндеттемелерді реттей отырып, шыққан күнінен бастап алты айдан кешіктірмей депозитарийге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Келісімнен шыға алады.
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Келісімге қол қойған әрбір Тарапқа оның расталған көшірмесін жолдайтын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімге Өзбекстан Республикасының
ескертпесі
2010 жылғы 10 желтоқсан
Мәскеу қаласы
"Өзбекстан үшін әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құру саласында нақты мемлекеттермен екіжақты негізде ынтымақтастық басым болып табылады".
Көшірмесі дұрыс:
Орыс тіліндегі мәтінге сәйкес мемлекеттік тілге аударылды.
2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.